Қазақтың ұлттық киімдердің сипаттамасы
Енді қазақ әйелдерінің ұлттық киімдеріне ерекше тоқталып өтейік.
Қазақ әйелдерінің ұлттық киімі, негізінен, көйлек, кимешек, жаулық, сәукеле, желек, тақия, камзол, кәзекей, кебіс-мәсі, көкірекшеден тұрады. Әшекей, ажар жағынан төрт топқа арналып тігіледі. Олар қыз киімдері, келіншек киімдері, орта жастағы әйелдер мен бәйбішелердің киімдері. Қыз киімдері кеуделері тар, қынамалы, жаға, жең, кеудесі, өңірі кестелі, әшекейлі келсе, жас ұлғайған сайын неғұрлым етекті, кең, мол қаусырмалы бола түседі. Қазақ халқының ұлттық киімдерінде тұрғындардың географиялық, ру-тайпалық ерекшеліктері де көрінеді және ол көбіне бас киім мен шапаннан байқалады. Мысалы, 3 құлақты керей тымақ, қаракесек, адай бөрік, арғын тымақ, қыпшақ тымақ, сырмалаған 6 сай найман тымақ, 4 сай жатаған тобықты тымағы (М.Әуезовтың айтуынша) болған. Аймақ ерекшелігіне қарай Жетісу, Арқа, қоңырат үлгісіндегі тымақтар деген атауларға бөлінеді. бұйымдар Қазақ халқының ұлттық киімдеріне ерекше әр берді.
Қазақ әйелдерінің бас киімдері.
Қазақ әйелдері жасы мен отбасы жағдайына байланысты өзіндік ерекшелігі бар баскиімдер киген. Олар-дың жазғы, қысқы түрлері болады. Әйелдердің негізгі баскиімдері: бергек, бөрік, жаулық, желек, жырға, кимешек, күндік, орамал, қарқара, шылауыш, сәукеле, тақия, шәлі (жібек, шілтер, оюлы ж.т.б.
Тақияны қымбат матадан тіккен. Бұл ерлер тақиясынан басты ерекшелігі. Қыздардың тақиясы міндетті түрде үстіндегі қамзолға, бешпентке сәйкес келуге тиісті. Етегі, жоғары бөлігі алтын немесе күміс паршамен оюланып, сәнді жіптермен тақияға зер төгіледі. Қазақтың «үкі-дей үлбіреген», «тотыдай таранған» деп қыздарды әспеттеуі содан шық-қан тәрізді.Қыздардың тақиясы қызыл, күлгін, жасыл, тағы басқа бір түсті шұға, барқыт, мауыты сияқты кездемелерден өңдi маталардан қабатталып сырылып тігіледі. Тақия төбесі, әлбетте, төрт сай немесе дөңгелек келеді. «Таңдай», «ирек», «қабырға» тігістермен сырылып, жібек, алтын, күміс, зер жіптермен кестеленiп, моншақ асыл тастармен безендiрiледi. Түрлі-түсті моншақ-маржан, алтын, күміс теңгелер және асыл тастармен безендіріледі. Үкінің үлпілдек қауырсынын әсемдік үшін тақияның төбесіне қадайды. Үкілі қадалған тақия қазақ қыздарының ерекше ұнатып киетін бас киімі болған. Қыздардың киетiн тақиялары жiбек, зер жiптермен тігіліп, Маңғыстауда “телпек”, шығыс Қазақстанда “кепеш” деп аталады.
Жаулық әр ру, елде түрлiше аталған: оңтүстiк, орта-лық, шығыс Қазақстанда оны көбiнесе (матаның көлемiне байланысты) шаршы, Жетiсу, Алтай өңiрлерiнде шылауыш, ал оңтүстiк Қазақстанда күндiк деп аталады. Рудың өзiне тән ерекшелiктерi болған: Маңғыстауда матаны қабат ұзын тіліктен тігілген бұрама жаулық кисе, Семейде үшбұрышты, шеттері тым
созыңқы орамал тәрізді етіп үшбұрыш түрi болған. Арқа жерiнде жоғары және төмен деп аталатын қос жаулық тартқан. Шылауыштың шетiне қол кестемен қызыл, жасыл, сары, шолақ және жалғасқан қысқа оюларды салады. Маржан, түйреуішпен тағып, төбесіне шашақ төгіліп, кестеленген төбелдірік салады.
Бұрынғы Торғай облысы аумағындағы жас келіншектер ХХ ғасырдың басында сұлама немесе сәукеле жаулық киген, бұл жерде оның екінші атауы тегін берілмеген, себебі оның шығу тегі сәукелеге байланысты. Оның негізін бірнеше қабат қағаз немесе картоннан жасалған қатты каркас құраған (бұрындары тәрізі киізден болса керек). Түрі жоғарыдан қиылған конус сияқты, биіктігі жарты метрдей, қапталған матасының артқы шеті емін-еркін арқаға түсіп кетеді. ХІХ ғасырдың бірінші жартысында мұндай бас киім Бөкей ордасында да тараған, яғни жалпы Қазақстанның Солтүстік батысына тән киім үлгісі. Оның төменгі жағына оқалы кесте тігіп, моншақтар қадаған, ал жан-жағына күміс әшекейлер бекіткен. Орта жастағы әйелдер оны кеңірек әрі төменірек тігіп, әшекей тақпай киген. Қартамыс әйелдер үстіңгі жаулықты каркассыз бұрайтын болған. ХІХ ғасырда әйелдер үшін міндетті киім түрі болған жаулық Орта Азия халықтарына да кеңінен тараған.
Әйел кимешегінің сыртынан тартатын шылауышты ақ жібектен, ақ түсті шүберек матадан көлемін шаршы етіп алынған ақ матаның шетiн қайырып шалып тігіп дайындайды. Матаны шаршылап маңдайын қатырма етіп, шашының үлкен бөлігін тұтас төбені жауып тұратындай есеппен екі шекесінен қыр шығарып жасайды. Қатырма салынған маңдайдан күмістен жасалған салпыншағы төгіліп тұрады. Шылауыш шаршысының ұзын, қысқа болуы тұтынушының бойының ұзындығына байланысты. Шылауышты басқа тартқанда шаршысының ұшы етіктің сірі өкшесіне тиіп тұруға тиісті. Шылауыштың шетiне қол кестемен қызыл, жасыл, сары, шолақ және жалғасқан қысқа оюларды салады. Оның бұрыштарына ұшбұрыш және дөңгелек оюларды кестелеп немесе сырып әшекейлейдi. Шылауыштың төбесiнен шекеге таман үкiнiң сабағын орап маржанмен отырғызады. Жас келіншектер тартатын шұлауыштардың бұрышын кестелеп, төбесіне ша-шақ төгіліп, кестеленген төбелдірік те пайдаланады.
Қыздар кепеші. Қабырғасы биік, төбесі дөңгелек, ою-өрнектермен, мон-шақ, асыл тастармен безендірілген сәнді баскиім.
Сораба. Тақия тәріздес. Артында салпыншағы бар. Қыздар тіл-көзден аман болсын деп, оларға ырымдап кигізеді.
Жырға. Асыл тастармен, ақық моншақпен көмкерілген сәнді баскиім.
Бөрік. Аң терісінен тігіледі, жиегіне жұрын жүргізіледі. Жұрындалған терісіне сәйкес бөріктің мынандай түрлері бар: алтай қызыл бөрік, қам-қа бөрік, қазақы бөрік, қарқаралы бөрік, құлын бөрік, құндыз бөрік, құ-райыш бөрік, құс бөрік, мари бөрік, нар өркеш бөрік, ноғай бөрік,
оқалы бөрік, сәукеле бөрік, шеркеш бөрік, шоқты бөрік, шоппаш бөрік т.б.
Қарқара. Қазақта сирек те болса кездесетін бас киімінің ерекше түрі – қарқара. Ш.Уәлиханов еңбегінде: «Қыздардың басында төбесіне құс қауырсыны қадалған сұлтан киетін бас киім болыпты» дейді (Шығармалар жинағы. І том, 326 б.). [1]Қарқара кигенде әйелдер жаулықтың бір ұшын желке тұсына келтіре сәл шығарып қояды да, қалған бөлігін кимешектің сыртынан айналдырады, шашын көрсетпей жауып тұрарлықтай етіп орайды. Жаулықтың ұзындығына байланысты қарқараның биіктігі де әртүрлі болады.
Кимешек. Кимешек – қастерлі, ел арасынан үзілмей келе жатқан әйел адамның бас киімі. Кимешек ақ бұлдан тігіліп, жиегін астарлайды. Кимешектің иекті айнала маңдайды жауып тұратын екі жағын “шықшыт” дейді. Кимешекті жас ерекшелігіне сәйкес әшекейлейді. Егде әйелдердің кимешегінің әшекейі аздау, ою-кестесі жеңіл болады, сары, ақ жіппен сырылады. Жас әйелдердікі қызыл, жасылмен әшекейленеді. Кимешектің алдын “жақ” деп атайды. Оны қол кестесімен кестелейді. Кимешек-шылауышты жас келіншектер, орта жастағы әйелдер, кемпірлер тартып киеді. “Кимешек кию, шылауыш тарту” деген сөздер арқылы бұл бас киім айқындалады. Кимешекті басқа сәйкестіріп пішіп тігеді. Кимешектің адамның арқасына түсер жері ұзыншақ келеді. Мұны “құйрықша” деп атайды. Адамның белінен төмен түсіп, шашты жауып тұратындықтан осылай аталғанға ұқсайды.
Кимешек кеуде, иық, жонды жауып тұратын тұйық болады. Тек адамның бет-әлпеті шығып тұратын жері “ойық” болады. Ойықтың екі жағы, кеудеге келер тұсы кестеленіп әшекейленеді. Жылтыр жіптермен бастырылып, сырыла тігіледі. Ойықтың жиегін өңді жіппен “шалып” тігеді. Мұны “алқым шалу” деп атайды. Алқым шалудан кейінгі “жадағай” тігісті “су” деп атайды. Судан кейін “қиықшалап” тігеді. Қиықшадан кейін су “жүргізіп”, “құман бау” деп аталатын әшекей тігіспен тігеді. Құман баудан соң “Күрең кесте” деп аталатын ою-өрнек салынып тігіледі. Күрең кестеден кейін “сағат бау” тігісі жүріледі. Сағат бау кей жерде “ағақ бау” деп те аталады. Кимешектің кеудедегі бөлігінің ұшына күміс теңгелер тағылады. Бұл кимешекке сән береді, әрі төмен қарай басып, жазып тұрғанға әсері болады. Кимешектің бір мәні әйел адамдардың шашын шаң-тозаңнан сақтап, додырап шықпауына септігін тигізеді. Бұл да діни наным-сенімнен туындап, мұсылман әйелдерінің шашын жасыруларына көмегі тиеді. Кимешектің Қазақстанда бұрама жаулық, иекше атаулары кездеседі.
Достарыңызбен бөлісу: |