Қазақстан Республикасының ғылым және білім министрлігі «Теміртау қаласы №2 орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Секциясы : математика



бет5/9
Дата07.02.2022
өлшемі222,02 Kb.
#94029
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
киелі 40 саны

III. Зерттеу бөлімі
3.1. «Қырық» санының қасиеттері
Қазақ халқы үшін 40 санының маңызы өте зор. Неге баланы қырқынан шығарады, неге өлген кісінің қырық күндігін жасайды? Бұл тектен-тек емес. Астарында үлкен философиялық мән бар. Соны жастар жете түсіну керек,-.  дейді менің әжем.
Менің әжем көп бала тәрбиелеп өсірген алтын құрсақ ана. Ауылдастары сәби өмірге келсе, осы кісідей өсіп-өнсін деп қырқынан шығаруға қолқа салады.Әжемнің қанша баланы қырқынан шығарғаны есінде жоқ. Бірақ, кішкентай періштелердің үстіне қырық қасық су құйып, қырық тілек айтуға осы аралықта әбден машықтанып алған.Бала қырқынан шықпайынша, бұ дүниенің өкілі болып саналмайды - дейді әжем. 
- Бала қырқынан шықпайынша, оның бетіне ешкім сұқтанып қарамауы тиіс. Тіл-көз өтеді. Үлкендер “қырық күн бала үшін- қауіпті кезең” деп отыратын. Қырқынан шыққаннан кейін барып нәресте жан-жағына көз салады. Ұл бала төзімді, қайсар болсын деп оны қырқынан ерте шығара береді. Ал, қыз баланы жеңілтек болмасын деп кеш шығарады. Бала қырқына дейін мазасыз болады. Жылай береді. Көп жылауының себебі- бала қырқын асыға күтеді. Қырық қасық суға түскеннен кейін мазасыздығы басылады. Ұйқысы да тәтті болады. Сондықтан қырқынан шығаруға бей-жай қарауға болмайды. 
Менің әжемнің айтуынша, бұл күні тек баланы суға түсіріп қана қоймайды. Тырнағы мен қарын шашын алады. Бұл әдетте әйел адамдар атқаратын міндет. Кәдені көркіне мінезі сай, елге сыйлы, инабатты, көп құрсақ көтерген әйел адамға жүктеген.
8

Сол кісінің алақаны арқылы бойындағы жақсы қасиеттер сәбиге жұғысты болсын деп ырымдаған. Баланы қырық қасық суға күміс тиындар салып түсіреді. Қырық түрлі тілек айтқаннан кейін тырнағы мен қарын шашы алынады. Сәбидің тырнағын аяқ баспайтын жерге көміп тастайды. Ал, қарын шашты шүберекке тұмарша етіп түйіп, баланың оң иығына қадайды. Қазақта “қарын шаштың қарғысы қатты болады„ деген түсінік бар. 


Қазақтың салт-дәстүрі, жөн-жоралғысы ұлттың тамырымен біте қайнасып жатыр. Әрқайсының өзіндік мәні бар. Бұл туралы “Салт-дәстүр сөйлейді” атты отбасы хрестоматиясында былайша берілген. 

Қазақ салтында нәрестені қырқынан шығару кезінде оның тырнағы мен шашын алады. Бұл ғұрыпты көбіне әділдігімен аты шыққан, мінезі көркем кісіге жасатады. Мұсылмандар Ібілістің адам тәнінде дәрет сындыратын жері- тырнақ асты деп сенеді. Адамның тырнағы алынбай, асты кірге толса, Ібіліс сондай лас жерді іздеп жүреді екен.Қазақта ұсақ-түйекті теріп, өсек-аяң жинап жүретін адамдарды “тырнақ астынан кір іздейді” деп сипаттау осыдан қалыпты. Адам өліп, мәйіті жер қойнына берілген соң, қабір азабы оның тырнағының астынан басталады. Сондықтан мұсылман жұрты тырнақты өсірмей, уақтылы алып отыруға үлкен мән берген. Тырнақты таза ұстау- имандылықтың белгісі. Ислам дініне сенетін халықтың барлығы өлген кісінің қырқын береді. Адам өмірден өткенде, қырық күннен соң, ас беріп, еске алады. 
9

«Адам жаны қырық күннен соң шығады» деген пікір бар. Қазақтың өлік жөнелту салтын ұзақ зерттеген Ш.Уәлиханов бұл жөнінде былай деп жазады: «Қазақ ұғымы бойынша,аруақ қырық күнге дейін өз шаңырағына келіп-кетіп бала-шағасының жай күйін біліп кетіп жүреді.


Сондықтан да бұрын өлік шыққан үй қырық күн бойы ымырт жабылғанша, үйдің есігін ашып, оң босағаға шырақ жағып қоятын болған». Қазіргі уақытта жарықты сөндірмейді, қырқын беру деген сөз осыдан қалған. Бауыржан Момышұлының келіні, қазақтың дәстүрін зерттеуші Зейнеп Ахметованың айтуынша, баланың білегін ұстап көру арқылы оның қырқынан шыққанын, шықпағанын аңғаруға болады. Зейнеп Ахметова баланы қырқынан шығару мен қайтыс болған адамның қырқын берудің үйлесімділігі бар деп санайды. Айтуынша, сәбиді қырқынан шығару - ет пен сүйек біріккеннен кейін барып жасалатын рәсім. Ал, марқұмның 40 күндігі берілу себебі - адамның еті мен сүйегі қырық күннен кейін ажырайды. Міне, қазақ халқы үшін 40 санының киелі болатындығы осыдан.Сондықтан да қазақ «40» санын өте қасиет тұтады. Қырықтан артық жас жоқ,
Қымыздан артық ас жоқ-дегендей, 40 жасты тойлайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет