Қазақстан Республикасының ғылым және білім министрлігі «Теміртау қаласы №2 орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Секциясы : математика


Мақал – мәтелдердегі киелі 40 санның мәнін ашу



бет6/9
Дата07.02.2022
өлшемі222,02 Kb.
#94029
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
киелі 40 саны

3.2 Мақал – мәтелдердегі киелі 40 санның мәнін ашу.
Мақал-мәтелдерде қамтылмайтын сала жоқ. Онда халқымыздың әдет- ғұрпы, салт-дәстүрі туралы болашаққа үлгі-өнеге болатын, тәлім-тәрбие беретін, жол нұсқайтын сөздер айтылады. Халық даналығы, байлығы – мақал-мәтелдердің еліміздің болашағы – жастарды тәрбиелеуде, ақыл-кеңес беріп отыру жолында атқаратын маңызы зор.
Қазақ тілінің түсіндірме сөздігінде мақал мен мәтелге мынандай түсіндірме берілген: Мақал – үлгі-өнеге ретінде айтылатын жалпы халықтық нақыл сөз; «Мәтел – тұжырымды, бейнелі әрі ықшам нақыл сөз». Киелі 7, 40 сандары және соларға байланысты ырымдар жатады.

10


Бұл сандар қазақ халқында қасиетті киелі сандар деп есептелінген.
Қырықтан артық жас жоқ,
Қымыздан артық ас жоқ.
Жақсы қырқында толады, жаман қырқында солады. Отызында оқ атпаған, қырқында қылыш шаппас», Жақсы адам қырқына дейін ақыл жинайды, ақылсыз қырық жасында тоздырады.
Отызында орда бұзбасаң,
Қырқыңда қыр аспассың. Қылшылдаған қырық жас деп, қазақ қырық жасқа патша жасы деп атау берген. Содан ба, Шығыс халықтарында қырыққа жасы жетпеген адамды күш-қайраты толысқанымен, ақыл-парасаты әлі де бітіспеген деп хан көтермеген. Қырыққа толғанда барып патша жасындағы адам деп атау осыдан қалған деседі. Ханда қырық адамның ақылы бар.
Қырықта – қылаң, елуде – елес-деп, бәрінен бұрын қырық жасқа көңілді ерекше бөлгені көрініп тұрады.
«Отыз күн ойланып, қырық күн толғанып» – бұл тіркестің мәні ұзақ уақытты білдіреді. «Отыз күн ойланып, қырық күн тойын», «қырық жыл жүріпті». Аталған мысалдарда қырық сөзі қазақ мезгіл, уақытты білдіреді.
Қырық иттің құйрығын түйістірген қу – мұнда аса айлакер адам туралы айтылған.
Әйел қырық шырақты,әйел адам қулығы қырық есекке жүк болар. Қызға қырық үйден тиым!
1. Жарыса сөйлеуге тиым.
2. Жалғыз қыдыруға тиым.
3. Жыртақтап күліп, сыпсындап сөйлеуге тиым.
4. Орынсыз ұрынуға тиым.
11

5. Басқаларға қол тигізуге тиым.


6. Өтірік өсекке тиым.
7. Суық жүріс сумаң қылыққа тиым.
8. Кісіге қарай керіліп есінуге тиым.
9. Талтайып отыруға тиым.
10. Шалқайып отыруға тиым.
11. Тамақты обарлана асауға тиым.
12. Ұрлық қарлыққа тиым.
13. Ұятты мүшелерін ашып жіруге тиым.
14. Бұрандап қылымсуға тиым.
15. Қызыл іңірде жатуға тиым.
16. Түске дейін ұйықтауға тиым.

  1. Кісі алдында қасынуға, киім ауыстыруға тиым.

  2. Салт – дәстүрден аттауға тиым.

  3. Елді гибаттауға тиым.

  4. Үлкендердің жолын кесіп, атын атауға тиым.

  5. Ішімдік пен шегімдікке тиым.

  6. Үрыс – керіске тиым.

  7. Беттен алып, тоске шабуға тиым.

  8. Қараулыққа,ысығандыққа тиым.

  9. Рахымсыздық пен қатығездікке тиым.

  10. Түнде жалғыз суға баруға тиым.

  11. Жат жыныстарылымен араласып жатуға тиым.

  12. Күйеуге қашып тиюге тиым.

  13. Әдепсіз сөзден тиым.

  14. Тарс – тұрс жүріске тиым.

  15. Адам мен жануарларды тебуге тиым.

  16. Кісіні қорлап жәбірлеуге тиым.

12

  1. Тәкәпарлық пен сайқымазақ жасануға тиым.

  2. Айғай сүреңге тиым.

  3. Шектен тыс сыланып,жасануға тиым.

  4. Қызғаншақтық пен күншілдікке тиым.

  5. Менмендік пен өзімшілдікке тиым.

  6. Алдап – арбауға тиым.

  7. Көрсеқызарлыққа тиым

  8. Нәпсі құмарлыққа тиым.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет