Мақсаты: Болашаққа сеніммен қадам басқан халқымыздың салт дәстүрі, әдет ғұрпы, жөн жоралғыларын оқушылардың бойына сіңіру, батыл, намысты ұлдарды тәрбиелеу. Мұғалім



Дата28.01.2018
өлшемі34,88 Kb.
#35035
Тәрбие сағаты "Жігіт сұлтаны"

Мақсаты: Болашаққа сеніммен қадам басқан халқымыздың салт - дәстүрі, әдет - ғұрпы, жөн - жоралғыларын оқушылардың бойына сіңіру, батыл, намысты ұлдарды тәрбиелеу.

Мұғалім: Қайырлы күн, құрметті оқушылар, ұстаздар, қонақтар! Сіздер бүгін жігітке жеті өнер де аз дегендей 1- сынып оқушыларының «Жігіт сұлтаны» сайысына қош келіпсіздер.
Бүгін міне біздің сыныптағы алты жігіт өз өнерлерін көрсетпек.Сайысымыз 5 кезеннен тұрады. Сайысымызды бастамас бұрын, бүгінгі сайысымызды саралап, таразылап жігіттеріміздің өнерін тамашалап, әділ бағасын беретін әділқазылар алқасымен танысайық.

Уа, халайық, халайық,


Мұнда назар салайық.
Ата жолын жалғамақ,
Ел дәстүрін қорғамақ.
Жігіттер шықсын ортаға,
Бүгін сұлтан атанбақ Құрметті көрермен қауым, ендеше сайысқа түсетін жігіттерімізді қол соғып қарсы алайық
1. Қуантады білімімен бізді Ерасыл
Қол соғып қарсы алайық, енді оны біз.
Білімің серік болсын талабыңа,
Бүгінгі қабыл болсын тілегіміз. 2. Сыйлаған ата - анасын
Үлкеннің алған батасын ол біздің Еркебұлан

.3. Өнер қуған жасынан


Өнері судай тасыған ол біздің Жәнібек

4.Ақынның тұяғымын сартылдаған


Асылдың сынығымын жалтылдаған
Сүрінбей сыннан өтемін
Мақсатыма жетемін деп келе жатқан Дияр

5. Жігіттің дара туған ірісіндей


Жүрісі батырлардың жүрісіндей
Келбетті батыр тұлға
Сом білек Қажымұқанның інісіндей 
Ол біздің Біржан

6. Арманы бар биік шыңға шықсам деген


Қыран боп көк әлемге ұшсам деген
Бүгінгі сайыста жеңіп шығып
Кең сермеп қанатымды ұшсам деген Ол біздің  Әділбек.

Ақыл-көркі бойларында жетеді, 


Әлі талай сынақтардан өтеді. 
Мына отырған баршаңызды өзімен 
Тез арада таныстырып өтеді. 
І кезең Таныстыру.
ІІ кезең :«Білекті бірді жығар, Білімді мыңды жығар» Ал, кәнеки қырандар
Босқа қарап тұрмаңдар.
Бастап жігіт өнерін
Алыстарға самғаңдар
«Біреу білмегенді біреу біледі» дегендей салт - дәстүрге байланысты сұрақ - жауап.
1. Түйенің сүтін ата.
2. Киіз үйге жарық қайдан түседі?
3. Сәби баланың төсегін ата.
4. Ер жігіттің бес қаруын ата.
5. Қазақтың ұлттық ойындарын ата.
6. Ұлыстың ұлы күні жасалатын тағам
7. Төрт түлік мал пірінің аталуы қалай?
Түйе – Ойсылқара
Жылқы – Қамбар ата
Қой – Шопан ата
Сиыр – Зеңгі баба
8. Аттың ер-тұрмандарына нелер жатады?
Жүген, ішкілік, тоқым, ер, үзеңгі, аткөрпе, тартпа, қамшы.
9. Жыртқыш құстардың атын ата. 
Бүркіт, лашын, қыран, қырғи. 10. Қазақша апта аттарын ата.
ІІІ кезең : Өнер көрсету. Кедеймін деп қысылма
Өнерің болса қолыңда
Өнерлінің ырысы
Жарқырап жатыр жолында – кезекті өнер сайысына берейік. ҮІ кезең: «Сән үлгісі» Киімдерімен таныстырады Ү кезең : Спорт сайысы. Ат өнері білінбес,
Бәйгеге түсіп жарыспай. 
Ер өнері білінбес,
Қоян қолтық алыспай, - демекші, енді жігіттеріміздің спорттық жарыстардағы өнерлерін көрейік.
Спорт сайысы: 1. Білек күшін сынау. 2.Асық ату
Қорытынды.
Мұғалім: Бүгінгі сұлтандарымыз, нағыз қазақ жігіттерінің бәрі де тамаша өнер көрсетті.Әрқашан сыналған шақта сүрінбей қадамдарыңа нұр жаусын дейміз.Өздеріңізбен бірге қызықтап,өнерлерін тамашалаған сұлтандар сайысы осымен аяқталды.

1.Түйенің сүтін ата.(шұбат)


2. Қазақтың ұлттық ойындарын ата.(асық ату, қыз қуу, көкпар ,т.б)

1. Сәби баланың төсегін ата.(бесік) 2. Төрт түлік мал пірінің аталуы қалай?


Түйе – Ойсылқара
Жылқы – Қамбар ата
Қой – Шопан ата
Сиыр – Зеңгі баба

1.Биенің сүтін ата. (қымыз) . 2.Ер жігіттің бес қаруын ата


1. Ұлыстың ұлы күні жасалатын тағам (наурыз көже) 2. Қазақша апта аттарын ата.

1. Аттың ер-тұрмандарына нелер жатады?
Жүген, ішкілік, тоқым, ер, үзеңгі, аткөрпе, тартпа,
2. Жыртқыш құстардың атын ата. 
Бүркіт, лашын, қыран, қырғи.

1.Қанталапай қандай ойын. (асықты шашып қалғанда,кім көп жинаса сол женімпаз)


2. Киіз үйге жарық қайдан түседі? (шаңырақтан)

« №34 ЖББОМ» КММ

Жігіт сұлтаны

Өткізген: Жакупова Г.К



1 «А» сыныбы

2016-2017 оқу жылы

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет