Қазақстан Республикасының ғылым және білім министрлігі «Теміртау қаласы №2 орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Секциясы : математика


Мақсаты: -Қырық санының қасиетін, сиқырлы сырын аша отырып, ата - бабаларымыздың 40 саны туралы таным - түсінігін айқындау. Міндеттері



бет2/9
Дата07.02.2022
өлшемі222,02 Kb.
#94029
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
киелі 40 саны

Мақсаты: -Қырық санының қасиетін, сиқырлы сырын аша отырып, ата - бабаларымыздың 40 саны туралы таным - түсінігін айқындау. Міндеттері: - киелі сандарды зерттеген еңбектерді оқып, талдау; - жиналған материалдарды бір жүйеге келтіру – қырық санының өмірде алатын орнын түсіндіру. Зерттеу объектісі: -Білім беруде және тәрбие саласында қасиетті сандардың алатын орнын зерттеу. Болжам:
-Егер мен қазақ қырық санын неге қасиет тұтаны туралы оқушыларға толық мәлімет бере алсам, онда оқушылар осындай қасиетті сандар туралы біле алады. Күтілетін нәтиже: -Халық қазынасының тереңіне бойлап, қасиетті сандар жайында мағұлматтарды көпшілік қажеттілігіне жаратсам, онда сондай қасиетті сандарды пайдаға жаратып, өмірлік тәжірибеде қолдануына ықпал жасаймын.

Аннотация


Ғылыми жұмысты жазу барысында оқушы 40 санының сиқырлы сырын , қасиетін аша отырып, ата - бабаларымыздың 40 саны туралы таным - түсінігін айқындауын негізге ала отырып жазған. Жазу барысында сол 40 санның ерекшелігін, әр салада әртүрлі қолданылуы туралы толық мәлімет бере отырып, 40 санын неге қасиет тұтатынын дәлелдеген. Сонымен қатар оқушы жобасын жазу кезінде өзінің өміріндегі тәжірбиелерімен бөліскен.


Аннотация


В ходе написания научной работы числа 40 ученица исходя, из понимания написала свойство волшебного числа, понятие предков о числе 40 . В ходе иследования числа 40 в особенности, применение в различных сферах, она доказала понимание передачей число 40. Она поделился опытом своей жизни, при написании проекта.


Abstract

In the course of writing research papers the 40-student numbers on the basis of the understanding of the property wrote a magic number of ancestors, the concept of the number 40 . During the research the number 40 in, features, application in various fields, understanding it proved the transfer of the number 40. She shared her life experience when writing of the project.
Мазмұны
І. Кіріспе 3-4
ІІ. Негізгі бөлім 2.1.Киелі сандарының зерттелуі 5 2. 2. «Қырық» санының танымдық мәні 6-7
III.Зерттеу бөлім 3.1. 40 санының қасиеттері 8-9
3.2. Мақал – мәтелдердегі киелі 40 санның мәнін ашу. 10-13
3.3. Сұхбат : Киелі 40 санына байланысты мәліметтер. 14
3.4.Сауалнама 15-16
ІҮ.Қорытынды 17
Ү.Пайдаланған әдебиеттер 18

Кіріспе

«ХХІ ғасырда білімін дамыта алмаған елдің тығырыққа тірелері анық» деп Елбасының халыққа арнаған жолдауында атап көрсетілгендей, ұрпағы білімсіз елдің келешегі де бұлыңғыр екені баршаға аян. Әрбір мемлекет, әрбір ұлт өз өкілінің білімі мен бойындағы ерекше қасиеттері, таланты мен дарындылығы, өзгелерден ерекше табиғи қабілеті арқылы биіктерден көрініп, басқаларға қарғанда оқ бойы озық тұратынымен бағаланады. Өз ұлтының салт-санасы мен ата-бабасынан келе жатқан дәстүрін бойына ана сүтімен, әке қанымен сіңірген әрбір ұрпақ осы заман талабына сай біліммен қаруланса, ел келешегі еңселі, мәртебесі биік, арманы асқақ, елдің мерейі үстем болмақ.


Адам баласының даму тарихында есептің, яғни сандардың алар орны айрықша. Дүиенің бәрі есептен тұрады. Халқымыз ерте кезден-ақ, әр нәрсенің шамасын, мөлшерін, бір затпен екінші заттың тең еместігін білген.
Біріншіден, есептік сан есімдер жиі қолданылады. Екіншіден, сан атаулының бәрі бірдей қолданылмайды. Атап айтсақ, ерекше мәнде қолданылатын «төрт», «жеті», «тоғыз», «қырық» сандары. Сан атауы сәбидің ана құрсағында болу уақытымен байланысты ерекше қолданысқа ие болған.
Соның ішінде қазақ 40 санын ерекше қасиет тұтады. Қазақ халқы үшін 40
санының маңызы өте зор. Киелі 40 саны туралы мақал-мәтелдер .
Баланы қырқынан шығарады, өлген кісінің қырық күндігін жасайды. «Қырық» санының танымдық мәні.«Әр сан өзіндік ерекшелікке ие» (Пифагор).
Әр санда өзіндік ие болатынын мақсаты мен мағынасы болатынын сезе, түйсіне білген.
«Қырық» санын көне дәуірден келе жатқан ескерткіш, қолжазба, әдебиет мұраларынан білеміз. Бірақ олардың ерекше қасиетке ие болуы жөнінде ешбір жазба деректер қалмаған.

3


Себебі мифтік сандардың адам мен табиғатқа қатынасы сиқырлық пен балгерлікке қолданылуы, өте құпия үйретіліп, атадан балаға мұра болып қалып отырған.
Міне, менің зерттеу тақырыбыма арқау болып отырған да осы қырық саны және оның қасиеті. Сондықтан да қазақ қырық санын неге қасиет тұтаны жайлы толықтай зерттеп білгім келді.

4



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет