Қазақстан Республикасының ғылым және білім министрлігі «Теміртау қаласы №2 орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Секциясы : математика



бет4/9
Дата07.02.2022
өлшемі222,02 Kb.
#94029
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
киелі 40 саны

2.2. «Қырық» санының танымдық мәні
«Әр сан өзіндік ерекшелікке ие» 
(Пифагор)

Қазақ халқы тілге бай. Әр сөзін талдай білген, әр сөзіне мән берген халық. Қазақ үшін әр сөздің ғана емес, әр санның өзіндік қасиеті, шариғатқа қатысы, тәрбиелік мәні, саналы орны болған. Расында қазақ бір санынан бастап, әр санның қадірі мен қасиетін салмақтап, өзіне тән ерекшелігін саралай білген, орнына, маңызына сай қолданған. Әр санда өзіндік ие болатынын мақсаты мен мағынасы болатынын сезе, түйсіне білген.
«Қырық» саның көне дәуірден келе жатқан ескерткіш, қолжазба, әдебиет мұраларынан білеміз. Бірақ олардың ерекше қасиетке ие болуы жөнінде ешбір жазба деректер қалмаған. Себебі мифтік сандардың адам мен табиғатқа қатынасы сиқырлық пен балгерлікке қолданылуы, өте құпия үйретіліп, атадан балаға мұра болып қалып отырған.
Қырық санының этимологиясы анық емес. Түрік халықтарында, соның ішінде қазақ халқында да қырық саны діни төтемдік ұғымдарға байланысты айтылады. Өлген кісінің артынан қырық күннен соң еске түсіру, қырқын беру, қырық қасық суға түсіру, ауыз әдебиетінде кездесетін қырық күн, қырық түн тәрізді қолданыстар сондай ұғымнан тууы мүмкін.
Ауыз әдебиеті нұсқаларында қырық күн, қырық түн, қырық қыз, қырық жігіт, қырық уәзір болып қолданылуына себеп, орта ғасыр магиясы мен көне дәуір мифология-сының әсерінен. Магия ертедегі Вавилон шумерлерінде пайда болып, көне дәуірдегі ғылымның әр саласы, әсіресе, магия өнері күшті өріс алып, Вавилон құдайлардың қақпасы, мифологияның отаны, астрологияның ата мекені аталынған.
Магия өнері арабтарға гректерден Рим, Византия арқылы ауысады да, Орта ғасыр дәуірінде ол кең өріс алып, 2000 жыл бойы (18ғ.д.) халық санасына мол сіңген.
6

Осыған орай қырық саны Орта Азия халықтарына, қазақтарға арабтардың діни ықпалы арқылы еніп, өзіндік қасиетке ие болған.


Магия атадан балаға беріліп отырған. Магиялық өнердің әрбір курсы қырық күнге созылған. Үйренуші адамды психологиялық жағынан әзірлеу үшін жеті құлаш жер астындағы арнаулы мекенге түсіріп, тұзсыз тағам ішкізіп жын-пері шақырып, бақсылық сарындағы аят, дұғалық сөздер оқып, арыстан, айдаһар, қасқыр, самұрық т.б. адамға қауіпті бейнелерді көз алдына елестетеді. Қырық күнде дәу періні бағындырады деп сенген магтар үшін қырық саны әртүрлі дәрежедегі ортақ сан болған. Магтар адамды емдегенде қырық күн сүрені қырық рет оқыған.
Осындай ұғымға ие боған қырық саны қазақ халқына да еніп, қоғамның дамуына байланысты мағыналық өзгерістерге ұшырап, о бастағы ұғымнан сарқыншақтар ғана қалған. Қырық туралы ұғым ескі дәуірдің желісі болғандықтан, онымен тіркесіп келген сөз тіркестерінің басым көпшілігін сол дәуірге жатқызуға болады. Қырықтың діни ұғымы басқа елдерде де бар. Мысалы, Стамбул түріктерінде біреуге қырық санымен келетін қайыр-садақа беру бар. Ислам дініне сенетін халықтың барлығы өлген кісінің қырқын береді. Мысалы, татарларда бұл салтты қырқын оздырмақ, орыста сорок дней дейді. Басқы балгерлер баланың ана құрсағанда жетілу кезеніңде киелі сандар қырық апта болады, осыған байланысты адамның бойында қырық пен жеті саны кездеседі деп есептеген. Мұндай жағдай қырық санының қасиетті, киелі деп ұғындырылуына себепкер болған тәрізді.

7



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет