Шығыс Қазақстан облысы, Талица ауылы
Талица жалпы негізгі білім беретін мектебінің
химия-биология пәнінің мұғалімі
Құдабаева Арайлым Бекбосынқызы
«СЫРҒАЛЫМ» қыздар клубының
бағдарламасы
Бүгінгі күні отбасылық құндылықтар аса көп өзгерістерге ұшырап, отбасы қарым-қатынасының бұзылуы жиі орын алуда. Қыздардың өз әйел табиғатына тән қасиеттерін сақтап, өз орынын таба білуіне жәрдем беру, сырласу алға қойылған жөн.
Мақсаты: Мектептегі әрбір қыз баланы, ибалылық сақтауға баулу, адамгершілік, имандылық, эстетикалық тәбие беру.
Қыз балаларды тәрбиелеудің маңызы оларды қоршаған өмір, түрлі жынысты адамдар арасындағы өзара қатынас барысында, осы қатынастардың нормалары болып табылады. Қыз балалардың мінез-құлқын тәрбиелеу бойынша жұмыс оларды нәзіктікке баулу, отбасындағы алатын орны, ептілік пен шеберлік қалыптастыру, сондай-ақ қыздардың сұлулық, махаббат, жақсы қарым-қатынастар сияқты ұғымдармен таныстыруға бағытталған. Гигиеналық жағынан қыз балаларға жыныстық жетілу кезеңінде өздерінде болып жатқан физиологиялық және психоэмоционалдық өзгерістерді түсіндіріп, жеткізе білу. Бұл қыз балалардың қамқорлық, ниет білдіру, жан жылулығы, аяушылық білдіруге тән белгілі бір сезімдерді бастан кешіруіне жағдай жасауға байланысты ұйымдастырылуда. Тек қана рухани тұрғыдан емес қыздарымызды ұлттық киім үлгісін және шаш өруге, тігін тігуге үйрету ескеріледі.
Оқып-үйрену процесінің ерекшелігін және күрделілігін ескере отырып, қыз балалар тәрбиесінің табысты болуына төмендегідей қолайлы жағдайларды жасау барысында жағдайлар ескерілмек:
Мектептегі жаймашуақ орта;
Мұғалімдер, сынып жетекшілері тарапынан тәрбиеленуші қыздарға құрмет пен сенім;
Әрбір оқушы қыз баланың мүдделеріне көңіл қою;
Айналадағы адамдардың мүдделерін есепке алып, балалардың өзіндік пікірін айтуға қолдау көрсету;
Мәселелерді шешу барысында тәсілдер табу бойынша жеке мысалдарды өзіндік пікірін айтуға қолдау көрсету.
Мектепте қыз балалардың тәрбиесіне, оларда заман талабына сай әйел идеалын қалыптастыруға және мінез-құлық критерийлерін нақты айқындауға ерекше көңіл аудару қажет.
«СЫРҒАЛЫМ»
қыздар клубының мүшелері:
Оразалина Инабат - 5 «А»сынып
Сүндетханқызы Нұрай – 5 «А»сынып
Горячева Дарья – 5 «Б»сынып
Матухно Милена - 6 «А»сынып
Бугасова Малика – 6 «А»сынып
Суланова Аружан – 6«А»сынып
Газезова Балжан – 6 «А»сынып
Галанаова Александр – 7 «Б»сынып
Грубова Оксана – 7 «Б»сынып
Климова Алена -7 «Б»сынып
Исабаева Аида -8 «Б» сынып
Сүндетханқызы Тоғжан - 8 «Б» сынып
Шевченко Татьяна - 8 «Б» сынып
Айдынқалы Жандауа - 9 «А» сынып
Демина Мария – 9 «Б» сынып
Герцен Елена - 9 «Б» сынып
Власова Александр - 9 «Б» сынып
Кузичева Галина -9 «Б» сынып
Жолдабекова Лаура - 9 «Б» сынып
Чебачева Алина - 9 «Б» сынып
«СЫРҒАЛЫМ» қыздар клубының жетекшісі:
Құдабаева Арайлым Бекбосынқызы
«Келісемін» «Бекітемін»
Тәрбие ісінің меңгерушісі: Мектеп директоры:
_______________ _______________
Т.Т.Құсаинов А.И.Игентаев
«СЫРҒАЛЫМ» қыздар клубының
2015-2016 оқу жылына арналған жылдық жоспары
№
|
Мерзімі
|
Жұмыстың мазмұны
|
Жауапты
|
1
|
Қыркүйек
|
«СЫРҒАЛЫМ» қыздар клубының жұмыс жоспарымен таныстыру, бекіту
Бойжеткен ережелерімен таныстыру.
|
Клуб жетекшісі,
мектеп медбикесі
|
2
|
Қазан
|
«Бүгінгі бойжеткен, ертеңгі асыл жар» баяндама
|
Клуб жетекшісі,
мектеп медбикесі
|
3
|
Қараша
|
«Темекі, алкоголь ішімдіктері, нашақорлық» туралы тренинг өткізу
|
Клуб жетекшісі
|
4
|
Желтоқсан
|
Қоғамдық орындарда қыздар өздерін қалай ұстағандары жөн? Қыздарға кеңес
|
Клуб жетекшісі
|
5
|
Қаңтар
|
«Ажарлы, сұлу, ғажап тым қыздары қандай қазақтың» қыздары туралы дөңгелеу стол
|
Клуб жетекшісі, мүшелері
|
6
|
Ақпан
|
«Әдептен озбайық» тренинг
|
Клуб жетекшісі, мүшелері
|
7
|
Наурыз
|
«Жеке бас гигиенасы»
«Спид» ауруы, жұғу жолдары
|
Клуб жетекшісі, мүшелері
|
8
|
Сәуір
|
«Әсемдік әркімге жарасады» ұлттық киімдер үлгісі
|
Клуб жетекшісі, мүшелері
|
9
|
Мамыр
|
|
Клуб жетекшісі,
Мүшелері
|
Қыз бала — ұлттың ұяты, халықтың шырайы
Бала тәрбиесi – игiлiктi iс. Берерi де, сұрауы да, жемiсi де мол тәрбие саласының ең өзектiсi.Халықта «Ағаш түзу өсу үшін оған көшет кезінде көмектесуге болады, ал үлкен ағаш болғанда оны түзете алмайсың» деп бекер айтылмаған. Сондықтан баланың бойына жастайынан ізгілік, мейірімділік, яғни адамгершілік құнды қасиеттерді сіңіріп, өз-өзіне сенімділікке тәрбиелеуде отбасы мен педагогтар шешуші роль атқаратыны белгілі.
Бүгінгі ұл – ертеңгі әке, ол әкеге қарап өседі.Бүгінгі қыз –ертеңгі ана,ол шешеге қарап өсіп, бой түзейді. Балаға білім,тәрбие беруде басты тұлға ұстаз болса, оны жалғастырушы, демеуші – ата –ана және қоғам.
Мектеп өмірі, оқушы тұлғасын әлеуметтендіру проблемасы әріптестік педагогиканы талап етеді. Және мектеп пен ата-ана, қоғам бірлескен кезде ғана тәрбие үрдісі өз жемісін нәтижелі бере бастайды.
Ынтымақ бар жерде тәрбие де бар. Ынтымақ бар жерде береке, бірлік те бар. Қоғамдық тәрбие жанұядан басталады. Ал сол жастар «рухани» байлықпен қалаптасады. Қандай бағытпен жүреді, қандай ізгі істер жасайды, қандай қоғам келешекті қалыптастырады? Ол жалғыз мектеп проблемасы болмауы керек. Оған ата-аналар да, қоғамның әрбір мүшесі де бірігіп атсалысуы қажет.
«Бала — басты байлығымыз
Ертеңгі ана, бүгінгі қыздарымызды тәрбиелеу ананың және барша қауымның міндеті. Халқымыз «Қызға қырық үйден тыю, қала берсе қара күңнен тыю» деген мақалға қаншама философиялық ой сыйғызған. Яғни қыз бала тәрбиесіне тек қана анасы ғана жауапты емес, бүкіл ауыл, ру жауапты болып отыр. Қыз баланы құрметтеу, олардың алдында дөрекі сөйлемей, ізетті болу — халқымыздың игі дәстүрлерінің бірі.
Ал, қазіргі заманда бала тәрбиесіне тек қана ана емес, радио мен теледидар, газет-журнал, кітаптар мен кинолар, барлар мен дискотекалар жан-жақты әсер етіп, оны тәрбиелеуде. Бұл тәрбиенің жағымды жақтары да, жағымсыз жақтары да толып жатыр. Ата-аналары күн ұзақ жұмыста, бала тәрбиесіне бөлінетін уақыт күннен-күнге азайып барады. Сондықтан қыздарымыз өзімен-өзі қалып бара жатқан жайы бар.
Мектеп жасындағы қыз балалар тәрбиесін негізінен үш кезеңге бөлуге болады. Бастауыш сыныптар кезеңіндегі тәрбиенің мақсаты тазалыққа, ұқыптылыққа, жинақылыққа үйрете отырып, баланың көп білуге құштарлығын арттыру, кітап оқу мәдениетін дамыту.
Бесінші-сегізінші сыныптар арасында алғашқы кезеңдегі тәрбие түрлері ары қарай дамытыла түседі. Бұл тұста, жас ерекшелігіне қарай, қыз бала анасынан ешнәрсе бүкпейді. Қит еткен нәрсенің бәрін айтып келеді. Сол шыншылдығы мен ашықтығын пайдаланып, қыз баланың келешегіне ең керекті нәзіктік, ілтипаттылық, үлкенді сыйлау, кішіге қамқор болу, тұрақтылық сияқты мінездерді қалыптастыру-басты борыш. Сонда бұл сипаттар келешекте жарасымды жар, аяулы ана, қоғамымыздың белсенді мүшесі болатын қыз баланың бойынан әрқашан нұр болып
төгіледі.Үшінші кезең тоғызыншы-он бірінші сыныптарды қамтиды. Бұл аралықтағы тәрбие алдыңғы кезеңдермен тығыз байланысты. Адамға деген мейірім бала кезден, ең жақын адамын сүюден басталады. Сондықтан әрбір қыз балаға ата-анасын, туыстарын, ұстазын сыйлап, қадірлей білуді үйретсе, болашақта одан елін, жерін, халқын сүйетін, өз шаңырағын ардақтайтын, балаларын жанындай жақсы көретін қамқор ана, қайратты жан, нәзік ару шығары сөзсіз.
Өзін-өзі күтетін қыздың 10 ережесі
Өз-өзін күтетін, көркем, сәнді ару өзіне назар аудартпай қоймайды. Ал өзіңе назар аударту арқылы махаббатта да, жұмыста да, жалпы адамдармен қарым-қатынаста да үлкен жетістіктерге жетуге болады.
1. Күтілген шаш. Әдемі күтілген шаш – бұл әйел адамның әшекейі. Шашыңыздың саулығына аса назар аударыңыз және әрдайым таза болуын қадағалаңыз.
2. Жарасымды шаш үлгісі. Күнделікті күрделі шаш үлгісін жасамасаңыз да, шашыңызды түзеп немесе сәл бұйралап қойсаңыз жеткілікті.
3. Бет терісінің саулығы. Бет терісінің күтіміне жеткілікті түрде уақыт бөлсеңіз, макияж тегіс әрі мінсіз жатады. Таза сау тері – сіздің басты мақсатыңыз болуы керек.
4. Қолдар. Саусақтарыңызға әрдайым маникюр жасап жүріңіз. Қол – адамның болмысын сипаттайды, егер маникюр жоқ болса – сізді ханым деу қиын.
5. Аяқтар. Жылдың қай мезгілі болмасын депиляция мен педикюр болуы міндетті.
6. Тістер. Сау, ақ тістер әйелдердің ғана емес, кез келген адамның көркі. Тіпті аттарды да тісіне қарап таңдайды, ал сіз арусыз ғой! Қажет болса, тіс дәрігеріне баруды кейінге қалдырмаңыз. Сіздің күлкіңіз қашырып емес, жарқырап тұруы керек.
7. Макияж. Тым өрескел макияж бүгінде сәнді емес, сондықтан, макияж біркелкі, табиғиға жақын болғаны абзал. Екпін не ерінде, не көзде болуы тиіс.
8. Қастар. Салдыр-салақ қас сырт көзге бірден байқалады, бет пішінінің сәнін келтіретін де – осы қастар. Сондықтан қасқа әдемі пішін жасату маңызды және ара-тұра оны түзеп отыру қажет. Егер қалың қас белгілі бір мезгілде сәнді болып саналып, ал сіздің қасыңыз табиғатынан жіңішке болса, татуаж жасатып, бет пішініңізге сурет салудың қажеті жоқ. Мұндай пішін сізге тіпті жараспауы да мүмкін. Өз келбетіңіздің сұлулығын көріп үйреніңіз.
9. Жүріс. Әдемі, әсем жүріс – бұл әйел адамның қаруы. Жай ғана жүріп емес, өзіңді құнды заттай алып жүруіңіз қажет. Ебедейсіз жүріс – көптеген әйелдердің соры. Сондықтан, әсемдікке құштар болыңыз. Бүкірейіп, аяқпен тырпылдатып, жерді сүзіп жүруді доғарыңыз. Тербетіліп, әсем қозғалатын ару сырт көзге тартымды, өзіне сенімді көрінеді.
10. Сырт келбет. Бейнені баратын жеріңізге сәйкес таңдау қажет. Егер сіз өзіңізге киім таңдай алмай жүрген болсаңыз, талғамыңыз жоқ болса, сәнге байланысты кеңестер беретін бағдарламаларды қараңыз, біздің сайттан да сәнге байланысты көптеген мақалалар бар, бәрі тек қалауыңызға байланысты.
Достарыңызбен бөлісу: |