Жұмыстың тақырыбы: Тамақ өнімдерінің мониторингі. Ауыр металл тұздарының өсімдік және жануарлар ақуызына әсері. Жануарлардан алынатын өнімдерден сынама алу
Жұмыстың мақсаты: Ерекше қорғалатын өсімдіктерді зерттеп, оларды сақтап қалу жолдарын қарастыру. Қызыл кітапқа енгізілген өсімдіктерді қорғау жолдарымен таныстыру, меңгерту. Жануарлар әлемін қорғау проблемасын шешуге атсалысуға баулу, Қызыл кітапқа енгізілген жануарлармен танысу және оларды қорғау шараларын меңгеру
Құрал-жабдықтар: Сынауықтар, пенициллин шынылары, стақан, 1 мл-лік тамызғыш, аптекалық тамызғыш, әйнекке жазатын карандаш, сүзгі қағаз, CuSO4 5% - тік ерітіндісі; Pb(NO3)2 5%-тік ерітіндісі; дистилденген су; жануар ақуызы ( тауық жұмыртқасы); өсімдік ақуызы (бұршақ дәні).
Сабақтың жоспары:
І. Зертханалық жұмысты орындау
ІІ. Бақылау сұрақтарына жауап беру
ІІІ. Блиц тест
ІV. Зертханалық жұмысты тапсыру
Жұмыстың барысы
Ауыр металл тұздарының өсімдік және жануарлар ақуызына әсері
Жұмыс барысы: Пенициллин шыныларына мыс сульфаты және сынап нитратының 5% - тік ерітінділерінен бірнеше серияларын (2,5%; 1,25%; 0,62%) даярлау. 1 мл-ден 8 сынауыққа өсімдік ақуызын, ал қалған 8 сынауыққа жануар ақуызын құю керек (екі тұз үшін, барлығы, 8 ерітінді даярлау қажет). Әрбір сынауыққа зерттелетін тұздардың көрсетілген ерітінділерінің біреуін 2 тамшыдан қосу керек. Барлық сынауықтарға белгі салынады.
Коагуляциялануын қоңырқай түске қойып қарау қажет (қарақағаздың қиындысына, тақтаға және т.б.).
Нәтижені жазу кестесі. Ақуыз Ерітінді концентрациясы түрі. Тұз аттары
5% 2,5% 1,25% 0,62%
Өсімдік CuSO4
ақуызы Pb(NO3)2
Жануар CuSO4
ақуызы Pb(NO3)2
Ақуыздың коагуляциялануы жүретін тұз ерітіндісінің концентрациясын анықтау ( тұздардың әр түріндегі және ақуыздардың әр түріндегі)
1.Ақуыздың қай түріне (жануар немесе өсімдік) бәрінен күштірек әсер ететіні: а) CuSO4 және б) Pb(NO3)2 ?
2. Қайсысының тұзы ( қорғасын немесе мыс) күштірек әсер етеді: а) жануар ақуызына, б) өсімдік ақуызына . Себебі?
Ақуыз ерітінділерін даярлау.
А. Тауық жұмыртқасының ақуызын өлшеуіш стақанға бөліп алып, 1:10 қатысындай дистилденген суда шыны таяқшамен шайқап араластырады. Сонан соң сүзгіден өткізеді.
Б. Әбден піскен асбұршақты кофеұнтағышта ұнтап, 10 грамм асбұршақ ұнын 50 мл 10%-тік NaCl немесе KCl ерітіндісінде езіп, араластыру қажет. Сонан соң сүзгіден өткізеді.
Жануарлардан алынатын өнімдерден сынама алу ережелері
18. Сойылатын жануарлардың барлық түрлерінің етінен (сиыр еті, қой еті, шошқа еті және ауыл шаруашылығы мен үй қоянынан, құстан, балықтан басқа кәсіптік жануарлардың барлық түрі) сынама алу келесі тәртіппен жүргізіледі. Ұшалар мен жартылай ұшалардан еттің (майсыз) нүктелік сынамаларын стерильді, кесу орнын алдын-ала күйдіргеннен кейін 200 граммнан кем емес тұтас кесектермен келесі орындардың біреуінен - кесілген жерінің жанынан, жауырын алаңынан, сан маңайындағы жуан бұлшық еттерден алады. Ет балаусалығын анықтаудың органолептикалық әдістерін анықтау үшін салмағы 200 граммнан кем емес орташа сынама бөліп алатын бірлескен сынама құрастырады. Сынамалардың жалпы радиациялық фонын анықтау үшін дозиметриялық бақылау сынаманы алмай дозиметриялық аспаптар көмегімен жүргізіледі. Радиациялық бақылаудың спектрометриялық аспаптарымен уытты заттарды, антибиотиктердің қалдық мөлшерін анықтау үшін біріккен сынамадан салмағы 1 килограмнан кем емес орташа сынама алады. Микробиологиялық көрсеткіштерге алдыңғы және артқы аяқтарының иілдіргіш және жазғыш бұлшық еттерінің 8*6*6 көлеміндегі бөлігін, лимфа түйіндерін тұтастай (мойын беткейіндегі және тізедегі оларды қоршаған ұлпаның қатпарынан), түтік тәрізді сүйекті (қажет болған кезде) алады, біріккен сынама құрастырады, зерттеу жүргізу үшін 250 грамм орташа сынама бөліп алады. Трихинеллезге зерттеу үшін әр ұшаның диафрагма шетінен екі сынама үлгілерін, ал олар болмаған жағдайда диафрагманың қабырға бұлшық еті бөлігінен, қабырға аралық бұлшық етінен және мойын бұлшық етінен алады. Ет және субөнімдерінің мұздатылған блоктарынан үлгілерді салмағы 200 граммнан кем емес тұтас кесектермен алады. Еттің мұздатылған блоктарының сапасына, салмағына және температурасына бақылау тексерісі үшін буып-түю орындарының 10%-на іріктеуді жүргізеді, бірақ әр партиядан 10-нан кем емес орындардағы кеуде және сан бұлшық еттерінің қалыңынан температурасының шкаласы 0-ден 1000С-қа дейінгі сұйықтық термометрлермен (сынаптық емес) температурасын өлшейді. Ет комбинаттарында, тоңазытқыштарда және уақытша сақтау қоймаларында іріктеуге ірі қара малдың 10%-дан артық емес ұшаларын (жартылай ұшаларын), қой ұшаларының 5%, шошқалардың және мұздатылған және суытылған ет блоктары мен субөнімдерінің 2% енгізеді. Мұздатылған және тоңазытылған ет және субөнімдерінің (бауыр, бүйрек, өкпе және т.б.) блоктарынан нүктелі сынамаларды да 200 граммнан кем емес бүтін кесектермен алады. Алынған нүктелі сынамалардан осы
Ереженің 1-қосымшасына сәйкес орташа сынама қалыптастырады.
19. Ерітілген жануарлардан алынатын май партиясынан сынама алу үшін партияның 10 % құрайтын, бірақ 5 буып-түю бірлігінен кем емес іріктеме жасайды. Тұтыну орамасына буып-түйілген май партиясының әр 100 бірлігінен бір орама бірліктен алады. Кесектердегі, стақандардағы, банкалардағы және басқа да тұтынушы орамдарындағы бір орамадан 50 грамм мөлшерінде нүктелі сынамалар алады. Нүктелі сынамалардан біріккен сынама құрайды, кейін осы Ереженің 2-қосымшасына сәйкес орташа сынама бөліп алады.
20. Тауық, үйрек, үй қоянының етінен сынама ұшалармен немесе жартылай ұшалармен, қаз және күрке тауықтан ширек ұшалармен алынады. Құс ұшаларын сатуға жеткізілетін партиядан кездейсоқ таңдау әдісімен алады. Нүктелі сынамалардан біріккен сынама құрайды, нормаларды басшылыққа алып, осы
Ереженің 3-қосымшасына сәйкес біріккен сынамадан құстардың, үй қояндарының сынамаларының орташасын бөліп алады. Зертханалық зерттеулер жүргізу үшін іріктелген қораптардан үш үлгі (ұша) алады. Органолептикалық бағалау кезінде: сыртқы түрі мен тұмсығының түсі, ауыз қуысының, көз алмасының, ұша беткейінің, кеуде-құрсақ серозды қабығының кілегей қабығы сынама алмай сыртқы тексеріп қараумен анықталады. Хош иістілігі мен сорпасының мөлдірлігін анықтау үшін құс етінен құстың 70 грамм бұлшық ет ұлпасын, үй қоянының етінен үй қоянының 25 грамм бұлшық ет кесегін алады. Спектрометриялық аспаптармен радиациялық бақылауды жүргізу үшін нүктелі сынамалардан біріккен сынама құрайды, одан 1 кг-нан кем емес орташа сынама бөліп алады. Радиациялық бақылау жүргізу үшін нүктелік сынамалардан біріккен сынама құрайды, одан 1 килограмнан кем емес орташа сынама бөліп алады. Фермада сынама алу кезінде іріктеме көлемі тауықтар, үйректер үшін үш ұшадан кем емес және қаздар мен күрке тауықтарда үштен кем емес жартылай ұшаларды құрайды.
21. Сұйық балдан сынама алуды диаметрі 10 - 12 миллиметр сынама алатын алюминь түтіктермен, қою балдан - 100 грамм нүктелі сынаманы әр түрлі қабаттардан майға арналған сүңгілермен жүргізеді. Біріккен сынаманы нүктелі сынамалардан құрайды, кейін салмағы 1 килограммнан кем емес орташа сынаманы бөліп алады, осы Ережеге 4-қосымшаға сәйкес бал партиясынан буып-түю бірліктерінің іріктемесін құрайды.
22. Сынама алудың алдында ыдыстардағы сүтті мұқият араластырады. Цистерналардағы сүт және сүт өнімдерінің физико-химиялық және микробиологиялық көрсеткіштері бойынша сапасын бақылау үшін 250 мл нүктелі сынама алады, орташа сынаманың көлемі 1 литрды құрайды. Уытты заттардың, антибиотиктердің қалдық мөлшерінің бар болуының радиациялық бақылауын жүргізу үшін біріккен сынамадан салмағы 2 литрден кем емес орташа сынама алады. Цистерналардағы сүт және сүт өнімдерінің сапасын физико–химиялық және микробиологиялық көрсеткіштері бойынша бақылау үшін өнімнің әр партиясынан біріккен сынама алады. Біріккен сынаманың көлемі 1,5 литрден артық емес. Құтыларда шығарылатын сүт, қаймақтан 5% іріктеуге жатады. Сынама алар алдында сүтті піспекпен араластырады. Сынаманы металл түтікпен, оны құтының түбіне дейін түсіріп алады. Сынаманы іріктеуге түскен әр құтыдан зерттелетін өніммен шайылатын таза ыдысқа көшіреді және содан араластырғаннан кейін көлемі 500 куб.сантиметр көлемінде орташа сынама бөліп алады. Көліктік ыдыстағы сүттің, қаймақтың партиясынан іріктеме көлемі өнімі бар көліктік ыдыс көлемінің 5 % құрайды. 20 бірліктен кем емес партия болған жағдайда бір орама бірлігін алады. Тұтынушы ыдысындағы (бөтелкелер, пакеттер) сүт өнімдерінен сынама алу кезінде буып-түю деректері нүктелі сынамалар болып табылады. Тұтынушы ыдысындағы сүт, қаймақ партиясынан іріктеме құрау кезінде біріккен сынаманы бөліп алу, орташа сынаманы құрау үшін осы Ереженің 5-қосымшасына көрсетілген нормаларды басшылыққа алады. Май, сүзбе, сүзбе ірімшік, үйде дайындалған қышқыл сүт өнімдерінен нүктелі сынамаларды өнімнің әр түрлі қабаттарынан: қаймақты - 15 грамм, майды - 10 грамм, сүзбені, сүзбе ірімшікті - 20 грамм, қышқыл сүт өнімдерін - 50 миллилитр мөлшерінде алады.
Блиц -тест
1. Суды қолдану үшін қаншалықты пайдалы екендігін анықтайтын, оның құрамы мен қасиеттерінің жиынтығы қалай аталады?
А. Судың орта реакциясы
В. судың кермектілігі
С. судың органолептикалық қасиеті
D. судың сапасы
Е. Судың тұздылығы
2. Бір мемлекеттің шегінде арнайы құрылған органдар арқылы жүргізілетін мониторинг?
А. ұлттық мониторинг
В.Биологиялық мониторинг
С. базалық (фондық) мониторинг
D. Химиялық мониторинг
Е. Экобиохимиялық мониторинг
3. Ақпаратты өздігінен жинау, сақтау, түрлендіру мен ұсынудың электрондық есептеу машиналарында іске асырылған жүйесі.
А. электрондық ақпараттар
В.Биологиялық ақпараттық жүйе
С. географиялық ақпараттық жүйе ГАЖ
D. Химиялық ақпараттық жүйе
Е. Жүйенің ақпараттық түрі
4. Қоршаған орта мониторингінің ғаламдық жүйесінің (ҚОМҒЖ) басты міндеті қандай?
А. Қоршаған табиғи ортаның ластануынан болатын эффект пен олардың салдарлары, жалпы ластану мониторингін ұйымдастыру
В. Табиғи ортаның ластануын бақылау
С. Антропогенді ластағыш көздер мониторингін құрастыру
D. Табиғи ластағыш көздерді жою шараларын қарастыру
Е. Дұрыс жауабы жоқ
5. Ақпараттарды біріктіру сипаты бойынша мониторинг қандай түрлерге жіктеледі?
А. Физикалық, механикалық, гляциологиялық
В. Ғаламдық, космостық, аймақтық
С. Орман және су мониторингі
D. Гляциологиялық және жергілікті мониторинг
Е. Базалық, аймақтық, импактылы
6. Топырақ құрамында, азық-түлік өнімдерінде, жеміс-жидектерде және басқа тағамдық дақылдарында, оның 1 кг-ға шаққанда келетін пестицидтің миллиграмм мөлшері:
А. ШҚМ
В. ШМКм.б.
С. ШМК о.т
D. ШМКжз
Е. ШМКс
7. Организмнің тіршілік ету жағдайларына қатысты шарттардың жалпы жиынтығы және осы шарттар қанағаттандырылатын жерді немесе кез-келген түрдің тіршілік ететін ортаның жағдайын анықтайтын, биологиялық көрсеткіштері мен физикалық параметрлерінің барлық жиынтығын, олардың энергияны түрлендіруін, ортамен және өзіне ұқсастармен мәліметтер алмасуы:
А. биологиялық ақпарат алмасу
В. Экологиялық қуыс
С. Экологиялық аудан
D. Экологиялық шар
Е. Дұрыс жауап жоқ
8. Әсер еткенде организмде физиологиялық және қабілеттілік реакциялар шектерінен шығатын өзгерістер немесе жасырын патология туындайтын заттың минималды дозасы:
А. Экспозициялық концентрация
В. шекті мөлшердегі концентрация
С. улылық дәрежесі
D. Зиянды әсер табалдырығы
Е. Ең аз концентрация
9. Экожүйені құрайтын барлық компоненттер мен элементтердің өздігінен реттелуі мен өздігінен қалпына келуі процестерінің жүруіне мүмкіндік болатын кеңістік:
А. Экожүйенің ауданы
В. Экожүйенің көлемі
С. Экожүйенің мөлшері
D. Экожүенің кеңістігі
Е. Экожүйенің концентрациясы
10. Орташа тәуліктік ШМК бойынша реттеліп, «і» шикізатының ластануының бірлік индексі қолданылатын күкірт диоксидінің концентрациясына әкелінген жиынтығы ретінде саналатын индекс?
А. Ауа ластануының кешенді индексі
В. шекті мөлшердегі концентрация индексі
С. улылық дәрежесінің индексі
D. Экспозициялық концентрация
Е. Ең аз концентрация
Бақылау сұрақтары:
1. Өсімдіктердің адам өміріндегі ролі қандай?
2. Өсімдіктердің жануарлар тіршілігі үшін маңызы неде?
3. Өсімдіктердің жер ғаламшары тіршілігі үшін маңызы
4.Ормандардың кесілуі мен ауыл шаруашылығын химизацияландырудың климатқа, өсімдіктер әлеміне әсері қандай?
5. Тағамдардағы нитраттар мен пестицидтердің қауіптілігі неде?
6. Экологиялық таза тағам дегеніміз не?
7. Қызыл кітапқа Қазақстандағы қандай жануарлар енгізілген?
8. Жануарлар үшін қолайлы экологиялық жағдай қандлай?
9. Сайғақтарды қалай қорғау және көбейту қажет?
10. Сайғақтар қай аймақта кездеседі?
Глоссарий
Ботаникалық бақтар – жақын және алыс шет елдерден, Қазақстанның әртүрлі аймақтарынан әкелінген бағалы, пайдалы, экзотикалық өсімдіктердің, сонымен қатар жергілікте жерде жойылу қаупі төнеген, азайып бара жатқан өсімдіктер түрлерінің өсіріліп, зерттеліп, сақтап қалу жолдары қарастырылып отыруға бағытталған мемлекеттік қорғауға алынған айтарлықтай үлкен немесе кішігірім аумақ
Биосфералық қорықтар – әлемнің негізгі табиғи зоналар ландшафттарында ұйымдастырылған қорықтар
Қызыл карта – адамның іс-әрекетінің нәтижесінде өте күрт өзгеріп, құнарлығын жоғалтқан жерлерді, экологиялық дағдарысқа ұшыраған аймақты, адам тіршілігіне қауіпті аудандар мен ірі қалаларды көрсететін экологиялық карта
Пайдаланған әдебиеттер тізімі:
1. Алексеев Ю.В. «Тяжелые металлы в растениях и почвах». Л., агропромиздат,1987.
2. Безуглая Э.Ю. «Метеорологический потенциал и климатические особенности загрязнения воздуха городов». Л.: Гидрометеозидат. 1984, 184 с.
3. Беспамятов Г.П., Кротов Ю.А. «Предельно допустимые концентрации химических веществ в окружающей среде». Л: Химия, 1985.
4. Василенко В.Н., Назаров И.М., Фридман М.Д. «мониторинг загрязнения снежного покрова». Л.: Гидрометеоиздат, 1985, 182 с.
5. Израэль Ю.А. «Экология, климат и влияние возможных его изменений на селькое хозяйство страны». М., Высшая школа, 1987.
6. Израэль Ю.А. «Экология и контроль состояния природной среды». М., 1979.
7. Кузин А.М. «Прирдный радиоактивный фон и его значение для биосферы земли». М., Наука, 1991, 111 с.
8. Орлов Д.С., Малинина М.С., Мотузова Г.В., Садовникова Л.К., Соколова Т.А. Химическое загрязнение почв и их охрана: словарь-спаравочник. М., 1991.
9. Рыспеков Т.Р. «Мониторинг природной среды». Алматы, Қазақ университеті, 2003, 156 с.
10. Санитарные парвило по охране атмосферного воздуха населенных мест. (Минздрав РК.), 1997.
11. Чигаркин А.В. Геоэкология Казахстана. Алматы, 1995, 160 с.
12. Чигаркин А.В Региональная геоэкология Казахстана. Алматы, 2000, 224 с.
13. Шамен А. Гидрометеорология и мониторинг природной среды Казахстана. Алматы, Ғылым, 1996, 296 с.
14. Бельгибаев М.Е. некоторые принципы ландшафтно-экологического обонования природопользования и природоустройства//Науч.-прак. Конф. Ландшафтно-экологические основы природопользования и природоустройства. Целиноград: 1991. С. 5-10.
15. Востокова Е.А. Картографическое обеспечение космического мониторинга экологических условий//Научно-прак. Конф. Ландшафтно-экологические основы природопользования и природоустройства. Целиноград: 1991. С. 14-18.
16. Жекулин В.С. Введение в географию: Учебное пособие – Л-д, 1989.
17. Кабата-Пендиас А., Пендиас Х. Микроэлементы в почвах и растениях. М.,1989.
Достарыңызбен бөлісу: |