Картаны қолдану арқылы кез-келген елдің экономикалық-географиялық орнына сипаттама бере алады.
Сол елдің экономикалық-географиялық орнына баға бере алады.
Мемлекеттің шекараларын кескін картада көрсетіп, суреттер арқылы географиялық нысандарды атай алады.
МИҒА ШАБУЫЛ
Елдің экономикалық-географиялық жағдайы ұғымын қалай түсінесіз?
Экономикалық-географиялық жағдай
Экономикалық – географиялық жағдай – ол кәсіпорындардың елді мекендердің, аймақтардың, елдің сыртқы экономикалық географиялық нысандарға қатысты алғандағы жағдайы.
Ел аумағының ең басты сипаты - оның географиялық жағдайы болып табылады.
Шаруашылықтың дамуы үшін экономикалық-географиялық жағдайдың (ЭГЖ) маңызы зор. Экономикалык-географиялық жағдай - елдің, әлемнің экономикалық картасындағы орнын көрсетеді. ЭГЖ-ға баға беру дегеніміз, оның жағдайын: әлемдік экономиканың басты орталықтарына, әлемдік нарықка (нарықтық-географиялық жағдайы); көрші елдерге (көршілік жағдай); халықаралық көлік жолдарына (көліктік-географиялық жағдай) қатысты анықтау. ЭГЖ тиімді немесе тиімсіз, қолайлы немесе қолайсыз болуы мүмкін.