Шетел мемлекетінің азаматын ұстап беру талапты атқару
1. Қылмыс жасады деп айыпталушы немесе шетел мемлекетін аумағында сотталған шетел мемлекетінің азаматын ұстап беру туралы талапты Қазақстан Республикасының Бас прокуроры немесе уәкілетті прокурор қарайды, оның нұсқаулары ұстап беруді орындау үшін негіз болып табылады. Адамды ұстап беру туралы бірнеше мемлекеттің талаптары болған ретте адамның қандай мемлекетке ұстап берілуге жататындығы туралы шешімді Қазақстан Республикасының Бас прокуроры қабылдайды.
2. Ұстап берудің шарты мен тәртібі осы Кодекспен және Қазақстан Республикасының шетел мемлекетімен жасасқан халық аралық шартымен айқындалады. . 3.Қазақстан Республикасының аумағында басқа қылмысқа үшін жазасын өтеп жүрген мемлекеттің азаматына қатысты ұстап беру туралы өтініш келіп түскен жағдайда ұстап беру мерзім жазасын өтегенге дейін немесе кез келген заңды негіз бойынша жазасынан босатылғанға дейін ұзартылуы мүмкін. Шет ел мемлекетінің азаматы қылмыстық жауапқа тартылған жағдайда, оны үстап беру мерзімі үкім шығарылғанға дейін, жасасын өткерген немесе негіз бойынша қылмыстық жауаптылықтан босатылынған немесе босатылғанға дейін ұзартылуы мүмкін. Егер ұстап берудің мерзімін ұзарту қылмыстық ізге түсу мерзімі өтуіне алып баратын немесе қылмысты тексеруге залал келтіруі мүмкін ьолса, ұстап беру өтініші бойынша талап етілетін адам талаптардын келісімімен айқындалатын белгілі бір уақытқа берілу мүмкін.
4. Белгілі бір уақытқа берілген адам өзі берілген қылмыстық іс бойынша іс жүргізу әрекеттері жүргізілген соң, бірақ адамды берген уақытынан бастап үш айдан кешіктірмей қайтарылуы тиіс Өзара уағдаластық бойынша бұл мерзім ұзартылуы мүмкін, бірақ сот кескен жазасының мерзімінең немесе Қазақстан Республикасының аумағында жасалған қылмысы үшін заңға сәйкес кессілу мүмкін мерзімнен аспайды.
5.Қазақстан Республикасы Бас прокурорға немесе уәкілетті прокурордың ұстап беру нұсқауын алғаннан кейін қамауда ұстау орынының әкімшілігі ұстап берілетін адамның ол ұстап берілген мемлееттің органына айдап жөнелтілуі мен берілуін отыз тәулік ішінде ұйымдастыруға және орындалғаны туралы Қазақстан Республикасының Бас прокурорға хабарлауға міндетті.
Ұстап беруден бас тарту
1.Егер:
1)Қазақстан Республикасының осы адамға саяси баспана берсе;
2)Ұстап беру туралы талапқа негіз болған әрекет Қазақстан Республикасында қылмысдеп есептелмейтін болса;
3)ол адамға қатысты деп сол қылмысы үшін заңды күшіне енген үкім шығарып үлгірсе немесе іс бойынша жүргізу тоқтатылса;
4)Қазақстан Республикасының заңдары бойынша қылмыстық іс қозғалмайтын болса немесе ескеру мерзімінің өту нәтиежесінде немесе өзге заң ды негіз бойынша үкімнің орындалуы мүмкін болмаса, ұстап беруге жол берілмейді.
2. Егер ұстап беруі туралы талап мәлімденген қылмыс Қазақстан Республикасының аумағында немесе оның шегінен тыс жерде жасалған болса, бірақ Қазақстан Республикасының мүдделеріне қарсы бағытталған болса ұстап беруден бас тартылуы мүмкін.
6. СЕМИНАР (ПРАКТИКАЛЫҚ) САБАҚТАРЫНЫҢ ЖОСПАРЫ
№ 1 практикалық сабақ.
Тақырып: Қылмыстық іс жүргізу құқығының түсінігі, пәні, негізгі түсініктер мен міндеттер.
Мазмұны: Қылмыстық ісжүргізу құқығының мәнін, қайнар көздерін, реттелу жолдарын айқындау.
Практикалық сабақтың мазмұны:
Қылмыстық іс жүргізудің мәні.
ҚР Қылмыстық іс жүргізу міндеттері.
Қылмыстық іс жүргізудің тарихи нысандары.
Қылмыстық іс жүргізу сатылары.
Қылмыстық іс жүргізудің басқа құқық салалары мен заң ғылымдарымен арақатынасы.
Қылмыстық іс жүргізудің негізгі түсініктері.
Әдістемелік нұсқау:
Студенттерден дәріс материалдары мен қосымша дайындалған материалдарды тыңдау.
№ 2 практикалық сабақ.
Тақырып: Қылмыстық іс жүргізу кепілдері мен функциялары.
Практикалық сабақтардың мазмұны:
Қылмыстық іс жүргізу кепілдерінің түсінігі, олардың маңызы және түрлері.
Қылмыстық іс жүргізу функциялары, олардың түрлері мен арақатынасы.
Қылмыстық іс жүргізу функцияларының жүйесі.
Әдістемелік нұсқау:
Студенттерден дәріс материалдары мен қосымша дайындалған материалдарды тыңдау.
№ 3 практикалық сабақ.
Тақырып: Қылмыстық іс жүргізуге қатысушылар түсінігі және олардың классификациясы.
Практикалық сабақтың мазмұны:
Қылмыстық іс жүргізуге қатысушылардың түсінігі, олардың классификациясы.
Қылмыстық іс жүргізуге қатысушы мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғалар.
Өз құқықтары мен өздері білдіретін құқықтар мен мүдделерді білдіріп іс жүргізуге қатысушылар.
Қылмыстық іс жүргізуге қатысушы өзге де тұлғалар: түсінігі, түрлері, маңызы.
Әдістемелік нұсқау:
Студенттерден дәріс материалдары мен қосымша дайындалған материалдарды тыңдау.
№ 4 практикалық сабақ.
Тақырып: Азаматтық талаптың түсінігі, пәні және маңызы. Қылмыстық іс жүргізу мерзімдерінің түсінігі, маңызы және түрлері.
Практикалық сабақтың мазмұны:
Азаматтық талаптың пәні, қылмыстық іс жүргізуде оны берудің процессуалдық тәртібі және негізі.
Қылмыстық іс бойынша өндіріс барысында келтірілген шығындар мен еңбек төлемдерін өтеу.
Процессуалдық шығындар: түсінігі және түрлері. Процессуалдық шығындарды өндіру негіздері мен тәртібі.
Іс жүргізу мерзімдерінің түсінігі, маңызы және түрлері.
Әдістемелік нұсқау:
Студенттерден дәріс материалдары мен қосымша дайындалған материалдарды тыңдау.
№ 5 практикалық сабақ.
Тақырып: Қылмыстық іс жүргізуге қатысушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз етудің құқықтық негізі, түсінігі, мәні және маңызы. Қылмыстық іс жүргізудегі қарсылық білдіру.
Практикалық сабақтың мазмұны:
Қылмыстық іс жүргізуге қатысушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету түсінігі. Қауіпсіздік шаралары.
Қылмыстық іс бойынша іс жүргізуге қатысуды шеттету және қарсылық білдіру туралы.
Өтініш жасау. Қылмыстық іс бойынша іс жүргізуді жүзеге асыратын мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдардың әрекеттері мен шешімдеріне шағымдану.
Әдістемелік нұсқау:
Студенттерден дәріс материалдары мен қосымша дайындалған материалдарды тыңдау.
№ 6 практикалық сабақ.
Тақырып: Дәлелдемелердің түсінігі мен мәні. Дәлелдеу: түсінігі және жалпы сипаттамасы. Дәлелдеу процесі.
Практикалық сабақ мазмұны:
Дәлелдемелер түсінігі. Дәлелдеу құқығы және оның дәлелдеу теориясындағы орны.
Дәцлелдемелердің қайнар көзі. Дәлелдемелердің классификациясы, олардың теориялық және практикалық маңызы. Дәлелдемелердің қасиеті.
Қылмыстық іс бойынша дәлелдеу пәні: түсінігі, мазмұны және мәні.
Дәлелдеу процесі, оның түсінігі мен элементтері.
Дәлелдеу процесінде ғылыми техникалық құралдарды қолдану. Дәлелдеуде оперативті іздестіру әрекеттерінің рөлі және маңызы.
Әдістемелік нұсқау:
Студенттерден дәріс материалдары мен қосымша дайындалған материалдарды тыңдау.
№ 7 практикалық сабақ.
Тақырып: Ұстаудың негізі, алғы шарттары, мақсат және ниеті. Қылмыстық іс жүргізушілік бұлтартпау шаралары.
Практикалық сабақ мазмұны:
Қылмыстық іс жүргізудегі іс жүргізушілік мәжбүрлеу шараларының түсінігі және маңызы. Іс жүргізушілік мәжбүрлеу шараларының түрлері.
Қылмыс жасады деп сезік келтірген адамды ұстау негіздері, алғы шарттары және ұстау мерзімдері.
Бұлтартпау шаралары: түсінігі, негізі және маңызы.
Іс жүргізушілік мәжбүрлеудің өзге де шаралары, олардың түрлері.
Әдістемелік нұсқау:
Студенттерден дәріс материалдары мен қосымша дайындалған материалдарды тыңдау.
№ 8 практикалық сабақ.
Тақырып: Алдын ала тергеу сатысының түсінігі, мәні, міндеттері және маңызы.
Практикалық сабақ мазмұны:
Алдын ала тергеудің түсінігі мен маңызы. Алдын ала тергеудің түрлері.
Алдын ала тергеудің түсінігі, мазмұны және міндеттері.
Тергеу әрекеттері өндірісінің жалпы ережелері.
Қылмыстық іс жүргізуде анықтаудың түсінігі, міндеттері және түрлері.
Әдістемелік нұсқау:
Студенттерден дәріс материалдары мен қосымша дайындалған материалдарды тыңдау.
№ 9 практикалық сабақ.
Тақырып: Тергеу әрекеттерінің түсінігі мен жүйесі.
Сабақ мазмұны:
Тергеу әрекеттерінің түсінігі, олардың жүйесі.
Тергеу әрекеттері өндірісінің жалпы алғы шарттары.
Тергеу әрекеттерінің жалпы сипаттамасы.
Әдістемелік нұсқау:
Студенттерден дәріс материалдары мен қосымша дайындалған материалдарды тыңдау.
№ 10 практикалық сабақ.
Тақырып: Басты сот талқылауының түсінігі және алғы шарттары. Қылмыстық істердің соттылығы түсінігі, маңызы және түрлері.
Дәріс мазмұны:
Басты сот талқылауының түсінігі және жалпы алғы шарттарының маңызы.
Қылмыстық істердін соттылығының түсінігі, маңызы және түрлері.
Әдістемелік нұсқау:
Студенттерден дәріс материалдары мен қосымша дайындалған материалдарды тыңдау.
№ 11 практикалық сабақ.
Тақырып: Басты сот талқылауының түсінігі және оның жүйесі.
Практикалық сабақ мазмұны:
Басты сот талқылауының міндеттері, маңызы және мәні.
Басты сот талқылауының құрлымы.
Істерді сотпен қараудың қысқартылған тәртіпте: түсінігі, негізі және алғы шарттары.
Үкім: түсінігі, маңызы және мәні.
Әдістемелік нұсқау:
Студенттерден дәріс материалдары мен қосымша дайындалған материалдарды тыңдау.
№ 12 практикалық сабақ.
Тақырып: Соттың заңды күшіне еңбеген үкімдер мен қаулыларын және соттың заңды күшіне еңген үкімдері мен қаулыларын қайта қарау.
Дәріс мазмұны:
Апелляциялық өндіріс сатысының түсінігі, міндеттері мен маңызы.
Апелляциялық инстанцияда іс қараудың процессуалдық тәртібі мен мерзімі.
Бірінші инстанция сотының үкімін бұзу және өзгерту негіздері.
Қадағалау өндірісі сатысының түсінігі, міндеттері мен маңызы.
Заңды күшіне енген үкімдер мен қаулыларын қайта қараудың негіздері.
Заңды күшіне енген сот шешімдеріне қадағалау шағымын, наразылығын берудің тәртібі.
Қадағалау инстанциясында іс қарау тәртібі.
Әдістемелік нұсқау:
Студенттерден дәріс материалдары мен қосымша дайындалған материалдарды тыңдау.
№ 13 практикалық сабақ.
Тақырып: Қылмыстық істердің жекелеген санаттары бойынша іс жүргізудің ерекшеліктері.
Дәріс мазмұны:
Жеке тәртіп бойынша қылмыстық ізге түсудің түсінігі мен мәні.
Кәмелетке толмағандардың ұылмыстары туралы істер бойынша іс жүргізу.
Артықшылықтары мен қылмыстық ізге түсуден иммунитеттері бар адамдардың істері бойынша іс жүргізудің ерекшеліктері.
Әдістемелік нұсқау:
Студенттерден дәріс материалдары мен қосымша дайындалған материалдарды тыңдау.
№ 14 практикалық сабақ.
Тақырып: Алқа билер қатысуымен сот өндірісі.
Дәріс мазмұны:
Алқа билер қатысуымен сот өндірісінің түсінігі және тағайындалуы.
Алқа билер қатысуымен сот өндірісінің құқықтық базасы.
Алқа билер қатысуымен сот өндірісінің процессуалдық ерекшеліктер.
Әдістемелік нұсқау:
Студенттерден дәріс материалдары мен қосымша дайындалған материалдарды тыңдау.
Практическое занятие № 15.
Тақырып: Шет елдердің қылмыстық іс жүргізуі.
Дәріс мазмұны:
Англияның қылмыстық процесі.
АҚШ қылмыстық процесі.
Германия қылмыстық процесі.
Францияның қылмыстық процесі.
Әдістемелік нұсқау:
Студенттерден дәріс материалдары мен қосымша дайындалған материалдарды тыңдау.
Семинар сабақтарын орындау бойынша нұсқаулар:
студент семинарға силлабуста берілген тақырып бойынша дайындалуы тиіс;
семинарға дайындалу барысында студент ұсынылған әдебиеттерді қарастыруы қажет;
студент тақырыпқа қатысты нормативтік-құқықтық актілерді қолдануы тиіс;
семинар тақырыбы бойынша конспектісі болуы тиіс;
конспект негізінде қысқаша баяндама жасауы тиіс
тақырып бойынша берілген кесте талапқа сай болуы қажет.
7. СӨЖ, жеке тапсырмаларға әдістемелік нұсқаулықтар:
« ҚР Қылмыстық іс жүргізу құқығы» курсын оқытудың қисыны, біріншіден жоғарғы білікті маман қазіргі талаптарға сай оқытумен, екіншіден қылмыстық іс жүргізу құқығының теория жүзіндегі арнайы білімін тәжірибеге қолдана білуге студенттердің құқықтық ойлау қабілеттерін дамытуды айқындайды.
СӨЖ - дидактикалық тапсырмаларды өз бетімен орындауға , танымдық қабілетті арттыруға және белгілі бір ғылым саласына байланысты білімін толықтыруға негізделген оқу процесінің ерекше бір түрі. СӨЖ шығармашылық белсенділікті, логикалық ойлауды дамытуды қамтамасыз ететін практикалық тапсырмаларды жүзеге асырумен байланысты болып табылады.
« ҚР қылмыстық іс жүргізу құқығы» пәні бойынша СӨЖ-на берілетін тапсырмалар:
« ҚР қылмыстық іс жүргізу құқығы» пәні бойынша схема сызу;
ҚР қылмыстық іс жүргізу құқығы мен сыныптарын жіктеу (түсінігі, ерекшеліктері, құқықтық негізі т.б.)
Семинар сабақтарында қарастырылған тақырыптар бойынаш тест сұрақтарын құрастыру;
« ҚР Қылмыстық іс жүргізу құқығы» пәні бойынша нормативті актілермен және ғылыми әдебиеттермен танысу.
8.Курстық жобалар (жұмыстар) бойынша
әдістемелік нұсқаулықтар
Курстық жұмыс тақырыптарының тізімі:
Курстық жұмыс тақырыптары:
Қазақстан Республикасының қылмыстық іс жүргізу құқығы
(Жалпы бөлім)
Қылмыстық іс жүргізушілік мәжбүрлеудің өзекті мәселелері.
Қылмыстық іс жүргізуге қатысушылардың құқықтарының кепілі.
Қазіргі жағдайдағы қылмыстық процеске қатысушылардың заңды мүдделері мен құқықтарының заңнамалық, ұйымдастырушылық және өзге де кепілдері.
Қазақстан Республикасы қылмыстық іс жүргізудегі азаматтық талаптың мәні мен мәселелері.
Қылмыстық іс жүргізудегі өкілдік институты және оның даму мәселелері.
Қазақстан Республикасындағы қылмыстық сот өндірісін тағайындау және реформалаудағы негізгі бағыттар.
Қылмыстық іс жүргізудегі қылмыстық ізге түсу ұғымы және ролі.
Қазақстан Республикасы қылмыстық іс жүргізу қағидаларының түсінігі, маңызы және мәні.
Қазақстан Республикасы қылмыстық іс жүргізудегі соттық бақылаудың түсінігі мен маңызы.
Қазақстан Республикасының қылмыстық іс жүргізудегі қорғаушының құқықтық жағдайы.
Қылмыстық іс жүргізудің субьектісі ретінде тергеушінің құқықтық жағдайы.
Қазақстан Республикасының қылмыстық іс жүргізу бойынша кінәсіздік презумпциясының құқықтық негізі мен мазмұны.
Қазақстан Республикасының қылмыстық сот өндірісіндегі ақтаудың мазмұны мен құқықтық негізі.
Қылмыстық іс жүргізуде қарсылық білдірудің құқықтық негізі мен мәні.
Бұлтартпау шарасы ретінде кепілдің құқықтық негізі.
Қазақстан Республикасында бұлтартпау шараларын қолданудың құқықтық мәселелері.
Қазақстан Республикасының қылмыстық іс жүргізуінде жедел іздестіру қызметінің нәтижелерін қолданудың құқықтық мәселелері.
Қылмыстық іс жүргізу заңнамаларын реформалау жүргізудің міндеттері мен алғышарттары.
Қылмыстық іс жүргізуде қорғау функциясын жүзеге асырудың өзекті мәселелері.
Қазақстан Республикасының қылмыстық іс жүргізуіндегі айыпталушының заңды мүдделері мен құқықтарын қамтамасыз ету мәселелері.
Қазақстан Республикасында қылмыстық іс жүргізу нысандарын бөлектеу мәселелері.
Қазақстан Республикасының қылмыстық іс жүргізуіндегі дәлелдемелер мәселелері.
Қазақстан Республикасының қылмыстық іс жүргізуге қатысушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері.
Сезіктіні ұстаудың процессуалдық табиғаты.
Алдын -ала тергеу сатысындағы сезіктінің және айыпталушының процессуалдық жағдайы.
Қазақстан Республикасының қылмыстық іс жүргізуіндегі куәнің процессуалдық құзіреті.
Іс жүргізушілік құжаттардың түсінігі мен құқықтық маңызы.
Қылмыстық іс жүргізуде азаматтардың құқықтарын қорғауды жетілдіру.
Қылмыстық іс жүргізуде қамауға соттық санкцияның түсінігі, маңызы және перспективалары.
Бұлтартпау шарасы ретінде қамаудың мәні.
Қазақстан Республикасының қылмыстық іс жүргізуіндегі дәлелдеудің мәні мен маңызы.
Қылмыстық іс жүргізуде куәлік иммунитеттің мәні мен ролі.
Қылмыстық іс жүргізу функциялары және олардың маңызы.
Қазақстан Республикасының қылмыстық іс жүргізу құқығы
(Ерекше бөлім)
Сараптама қорытындысы және оның қылмыстық істер бойынша бағасы.
Қылмыстық сот өндірісі саласында халықаралық байланыс.
Сот талқылауының жалпы алғы шарттары және оның қылмыстық сот өндірісі қағидаларымен арақатынасы.
Жеке айыптау қылмыстық істерін қозғаудың ерекшеліктері.
Медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдану өндірісі істерінің ерекщеліктері.
Қазақстан Республикасының қылмыстық іс жүргізуінде кәмелетке толмағандардың ісі бойынша іс жүргізу өндірісінің ерекшеліктері.
Прокуратура органдарында тергеу аппаратын қалыптастырудың перспективалары.
Қылмыстық іс жүргізуде сот сараптамасының құқықтық маңызы.
Қылмыстық істерді қысқарту тәртібі мен құқықтық негіздері.
Қылмыстық ізге түсу мерзімінің ескіруіне байланысты қылмыстық істі қысқарту өндірісі.
Қылмыстық іс жүргізуде тергелу реті мен соттылық: түсінігі, түрлері, маңызы.
Жаңадан ашылған мән-жайларға байланысты қылмыстық іс жүргізу өндірісінің түсінігі және маңызы.
Соттың бірінші инстанциясы шешімінің түсінігі мен мазмұны.
Айыптау қорытындысының түсінігі, мәні және маңызы.
Қылмыстық іс жүргізу заңдарының қамтылмаған мәселелері және оларды жою.
Қазақстан Республикасында ювенальды юстицияның даму мәселелері.
Қазақстан Республикасының қылмыстық іс жүргізуінде қылмыстық істерді біріктіру және бөлектеу мәселелері.
Қазақстан Республикасында алқа билер соты институтының даму мәселелері.
Апелляциялық сот инстанциясында соттың заңды күшіне енбеген сот шешімдері мен үкімдерінің дәлелділігін және заңдылығын тексеру.
Алқа билер соты өндірісі: жалпы сипаттама.
Артықшылықтары мен қылмыстық ізге түсуден иммунитеттері бар адамдардың істері бойынша іс жүргізудің ерекшеліктері.
Тергеу мен анықтауды прокурорлық қадағалау.
Айғақтарды оқиға болған жерде тексеру мен нақтылау және тергеу экспериментінің процессуалдық мәселелері.
Қылмыстық іс жүргізу сатысы ретінде алдын ала тергеудің ролі.
Кінәні мойындауға байланысты келісім: Қазақстан Республикасында енгізу перспективалары мен мәні.
ҚР және РФ алқа билер қатысуымен сот өндірісі заңнамаларының салыстырмалы құқықтық анализ.
Сот тергеуі сот талқылауының орталық бөлімі ретнде.
Қазақстан Республикасының қылмыстық іс жүргізудегі анықтаудың мәні.
Қылмыстық іс қозғау сатысының мәні мен маңызы.
Сот үкімінің орындалу сатысының мәні мен маңызы.
Қадағалау сатысында іс жүргізудің міндеттері, маңызы және мәні.
Қазақстан Республикасында алқа билердің қатысуымен сот кеңесу бөлмесінің құпиялылығы.
Тінту өндірісінің теориясы мен тәжірибесі.
Алдын ала тергеудің аяқталу нысаны.
Қазақстан Республикасының қылмыстық іс жүргізу құқығы бойынша экстрадиция.
Курстық жұмыс жазу әдістемесі
Курстық жұмыс студенттің алғашқы өз алдына ғылыми зерттеу жұмысы болып танылады, сонымен қатар ол оның білімінің тереңдеуіне ықпал етеді.
Курстық жұмысқа дайындық және жазу
Студенттің курстық жұмысты жазудағы жұмысы келесі этаптардан тұрады:
Тақырыпты таңдау және оны кафедрада тіркеу;
Қарастырылатын мәселе бойынша библиографияны құрастыру;
Нормативті актілер, оқу және ғылыми әдебиеттерді оқу;
Курстық жұмыстың жоспарын құрастыру;
Жұмыстың мазмұнын жазу және кафедрада сын пікір жазуға безендіріп тапсыру;
Курстық жұмысты қорғау.
Курстық жұмыс тақырыбы студентпен кафедрамен бекітілген жалпы курс бойынша ұсынылған тақырыптардан өз алдына жеке таңдап алынады. Тақырыпты таңдап алуда өзініңіздің белгілі бір мәселеге қатысты көзқарастарыңызға, оның заң әдебиеттерінде зерттелу деңгейіне және сонымен қатар кітапханаларда қайнар көздердің қаншалықты көп екендігіне көңіл бөліңіз. Таңдап алған тақырыбыңыз кафедрада тіркеледі және студентке кафедра оқытушыларының арасынан ғылыми жетекші белгіленеді.
Құрастырылған тақырып бойынша зерттеуді осы мәселеге қатысты оның оқу кітабында белгіленген негізгі қағидаларын, одан соң монографияларды, заңдық актілерді оқу қажет. Бұдан кейін студент ғылыми жетекшісімен бірге курстық жұмыстың жоспарын жасақтап, жоспарға сәйкес материалдарды топтастырып, арнаулы әдебиеттерді және нормативті құқықтық актілерді таңдап және оқиды.
Жоғарыда көрсетілген тапсырмаларды орындаған соң түбегейлі курстық жұмыстың жоспарын құрастырып, материалды жазып шығады. Материалды алғашқы қайнар көзден түбегейлі көшіріп алудан алшақ болу керек.
Курстық жұмыс тақырыбы жан-жақты ашылған болып танылады, егер жоспарда көрсетілген мәселелер ұсынылған арнаулы әдебиеттер, нормативті актілер және заң практикасы бойынша таңдалған мәселе бойынша жүйелі түрде нақты қамтылатын болса.
Одан кейін студент жасылған тақырыптың маззмұнын тексеріп, ұсынылған талапқа сәйкес жұмысты таза көшіріп алу керек:
жұмыстың әрбір беті А4 форматты (210х297 мм) ақ қағазға жазылуы керек. Times New Roman шрифт, 14 мөлшер, интервал 1,5. Сол жақ жол 30 мм, оң жағы - 10, жоғарғы және төменгі - 20 мм. Текст мазмұны көлденен. Жұмыс көлемі компьютерлік текст болса 25 беттен кем емес, қолмен жазу рұқсат етіледі (30 беттен кем емес). Қолмен жазылғанда бір түсті сиямен жазу керек (тек көк, қара, көгілдір). Қысқартып жазу тиым салынады.
курстық жұмыс беттері нөмірленіп және тігілуі қажет. Жұмысты канцелярлық скрепклармен қыстыруға жол берілмейді. Беттің төменгі жағында қолданылған қайнар көзге ссылкамен көрсету керек.
титулдық бет 1 тіркемеге сәйкес толтырылады. Нөмірлеу титулды беттен басталады, бірақ оны жұмыстың мазмұны басталатын – кіріспеден (3 беттен) қойылады. Беттің нөмірі төменгі жолдың ортасында қойылуы керек. Екінші бетте жоспар қамтылып оның нақты мазмұны белгіленуі қажет. Сәйкес жоспар 2 тіркемеде көрсетілген.
курстық жұмыстың бөлімдері ретті нөмірлермен араб сандарымен белгіленуі қажет. Кіріспе мен қорытынды нөмірленбейді. Сноскалар мен қайнар көздердің библиографиялық сипаттамасы дипломдық жұмысқа сәйкес орындалады. (дипломдық жұмысты орындаудың әдістемелік нұсқауы 5 тіркемеге қара ).
кіріспе, қорытынды, библиография, тіркеме және әрбір тарау жаңа беттен, ал бөлімдер сол беттен жалғастырылады.
жұмыстың соңында қолданылған әдебиеттер келесі тәртіпте жүзеге асырылады: нормативті актілер; ғылыми қайнар көздер; әдебиеттер. (дипломдық жұмысты жазу барысындағы тәртіп сақталады (дипломдық жұмысты орындаудың әдістемелік нұсқауы 4 тіркемені қара).
Қолданылған әдебиеттердің тізімінен кейін автордың жазып болған мерзімі және қолы қойылады.
Достарыңызбен бөлісу: |