Заңмен тыйым салынған әрекетті жасаған және психикалық сырқатқа шалдыққан адамдарға бұлтартпау шараларын қолдануға болмайды.
Осы адамдарға қажет болған жағдайда мынандай қауіпсіздік шаралары қолданылады:
денсаулық сақтау органдарын хабарландыра отырып, ауруды туыстарының, қамқоршыларының, қорғаншыларының қарауына беру;
психиатриялық көмек көрсететін арнаулы медициналық мекемеге орналастыру.
Туған туыстарының, қорғаншыларының, қамқоршыларының қарауына беру
Психикалық сырқатқа шалдығу фактісі анықталған кезлден бастап заңмен тыйым салынған әрекетті жасаған, бірақ айналадағы адамдарға қауіп төндірмейтін адам, денсаулық сақтау органдарын хабарландыра отырып, туған тустарының, қорғаншыларының, қамқоршыларының қарауына берілуі мүмкін.
Осы шараны таңдап алу туралы тергеуші, сот дәлелді қаулы шығарады.
Мамандандырылған медициналық мекемеге орналастыру
Бұлтартпау шарасы ретінде бұдан бұрын қамауға алынған адамның психикалық сырқатқа шалдығу фактісі анықталған кезде прокурордың қаулысы бойынша ол қатаң оқшаулау жағдайында ауруларды ұстауға лайықталған психиатриялық көмек көрсететін арнаулы медициналық мекемеге ауыстырылады.
Қамауда ұсталған адамды психиатриялық көмек көрсететін арнаулы медициналық мекемеге орналастыру осы Кодкстің 247-бабының ережелері бойынша жүргізіледі.
Қылмыстық заңмен тыйым салынған әрекетті есі кіресілі – шығысылы күйде жасаған немесе қылмыс жасағаннан кейін психикасы бұзылумен ауырған адамдарға қатысты істі бөліп алу
Егер қылмыстық істі тексеру кезінде қатысушылардың бірі әрекетті есі кіресілі-шығысылы күйде жасаған немесе қылмыс жасаған соң психикасы бұзылумен ауырғаны анықталатын болса, оған қатысты іс жүргізуге бөлінуі мүмкін.
Өзіне қатысты медициналық сипаттағымәжбүрлеу шараларын қолдану туралы іс жүргізілетін адамның құқықтары
Өзіне қатысты медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдану
туралы іс жүргізілетін адам, сот-психиатриялық сараптама қортындысы бойынша бұған оның сырқатының сипаты мен ауырлық дәрежесі кедергі келтірмейтін болса; өзін қандай әрекетті жасағаны үшін айыпталғандығын білуге; түсініктемелер беруге; дәлелдер келтіруге; өтініштер мен бас тартуларды мәлімдеуге; өзінің ана тілінде немесе білетін тілінде түсінісуге аудармашының көмегін тегін пайдалануға; қорғаушысы болуына және онымен оңаша және құпия кездесуге; тергеушінің рұқсатымен оның өтініші немесе қорғаушының өтініші бойынша жүргізілетін тергеу қимылдарына қатысуға; осы қимылдардың хаттамаларымен танысуға және оларға ескертпелер жасауға; сараптама тағайындау туралы қаулымен және сарапшының қортындысымен танысуға; алдын ала тергеу аяқталған соң істің барлық материялымен танысуға және одан кез келген көлемде кез-келген мәліметті көшіріп алуға; тергеушінің, прокурор мен соттың іс-әрекеттері мен шешімдеріне шағымдар жасауға , медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдану үшін істі сотқа жіберу туралы қаулының көшірмесін алуға құқылы. Істің сотта талқылауында, бұдан басқа, аталған адамның дәлелдерді зерттеуге және сот жарыс сөздеріне қатысуға; сот отырысының хаттамасымен танысуға және оған ескертпелер жасауға; соттың қаулысына шағымдануға және шағымдалатын шешімдердің көшірмелерін алуға; ісі бойынша келтірілген шағымдар мен наразылықтар туралы білуге және оларға қарсылықтар білдіруге; мәлімделген шағымдар мен наразылықтарды соттың қарауына қатысуға құқығы бар.
Осы баптың бірінші бөлігінде аталған адамға тергеуші оның құқықтарын түсіндіруге және олардың тізбесін жазбаша түрде табыс етуге міндетті. Соттың талқылауындағы құқықтары түсіндірілгені туралы сот отырысының хаттамасында белгі жасалады.
Қылмыстық процесті жүргізуші органдардың шет мемлекеттердің қылмыстық істер бойынша құзіретті мекемелерімен және лауазымды адамдарымен өзара іс-қимылының тәртібі туралы негізгі ережелер
Құқықтық көмек көрсету тәртібімен жүргізілетін іс жүргізушілік және өзге де істер
. Құқықтық көмек көрсету ретімен Қазақстан Республикасы құ-
қықтық көмек туралы халықаралықшарт жасасқан шетел мем-
лекеттерінің тергеу органдарына және соттарына не өзара негізде осы Кодексте көзделген іс жүргізушілік іс-әрекеттер, сондай –ақ Қазақстан Республикасының басқа да заңдары мен халықаралық шарттарында көзделген өзге де іс-әрекеттер жүргізілуі мүмкін.
Егер Қ.Р. бекіткен халықаралық шарттың ережелері осы
Кодекске қайшы келетін жағдайда халықаралық шарттың ережелері қолданылады.
Құқықтық көмек көрсетуге байланысты шығындарды, егер
Қ.Р-ның халықаралық шартында өзгеше көзделмесе,оны сұраған
Мекеме өз мемлекетінің аумағында өтейді.
Іс жүргізу құжаттарының күші
Осы Кодекстің 521-бабының бірінші бөлігінде көрсетілген аумағында қолданылатын заңдарға сәйкес жасалған және елтаңбалы мөрмен бекітілген іс жүргізушілік құжаттар , егер Қазақстан Республикасының шартында өзгеше көзделмесе, ешқандай шектеусіз іс жүргізу құжаттары ретінде қолданылады.
Қазақстан Республикасының азаматын жазасын өтеу үшін қабылдау тупалы өтінішті қарау
Шет мемлекеттің соты бас бостандығынан айыруға соттаған Қазақстан Республикасының азаматы, оның заңды өкілі немесе жақын туған-туыстары, сондай-ақ шет мемлекеттің құзыретті органдары сотталушының келісімімен Қазақстан Республикасының Бас Прокурорына сотталушының жазасын Қазақстан Республикасында өтеуі туралы өтініш жасай алады.
Өтініш қанағаттандырылған жағдайда Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры шет мемлекет сотының үкімімен атқару туралы облыстық немесе оған теңестірілген сотқа сотталушының Қазақстан Республикасынан кеткенге дейінгі тұрақты тұрғылықты жері бойынша ұсыныс еңгізеді. Сотталушының тұрақты тұрғылықты жері болмаған кезде ұсыныс Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотына енгізіледі.
Соттың шет мемлекет сотының үкімін атқаруға байланысты мәселелерді шешу тәртібі
Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының ұсынысын судья сот отырысында сотталушыны қатыстырмай үкімді атқаруға байланысты мәселелерді шешуге байланысты осы Кодекспен белгіленген тәртіп пен мерзімдерде қарайды.
Шет мемлекет сотының үкімін атқару туралы судьяның қаулысында:
1)шет мемлекет сотының атауы, үкімнің шығарылған уақыты мен жері;
2)сотталушының Қазақстан Республикасындағы соңғы тұрғылықты жері, оның жұмыс орны және сотталғанға дейінгі айналысқан кәсібі туралы мәліметтер;
3) азамат жасағанына кінәлі деп таныған қылмыстық заңның негізіеде сотталғандығы;
4) жазаның (негізгі және қосымша) түрі мен мерзімі, сотталушы Қазақстан Республикасының қылмыстық заңы;
5) жазаның (негізгі және қосымша) түрі мен мерзімі, сотталушы Қазақстан Республикасында өтеуі тиіс жазаның басталуы және аяқталу мерзімі; қылмыстық түзеу мекемесінің түрі, қуыным бойынша залалды өтеудің тәртібі көрсетілуі тиіс.
Егер Қазақстан Республикасының заңы бойынша осы қылмыс үшін бас бостандығынан айырудың шекті мерзімі шет мемлекет судьясы тағайындаған үкім бас бостандығынан айырудың шекті мерзімі шет мемлекет судьясы тағайындаған үкімі бойынша тағайындалғаннан аз болса, судья осы қылмысты жасағаны үшін бас бостандығынан айырудың Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінде көзделген ең жоғары мерзімін белгілейді. Егер бас бостандығынан айыру жаза ретінде көзделмеген болса, судья Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінде белгіленген шекте осы қылмыс үшін және шет мемлекет сотының үкімі бойынша тағайындалғанға мейлінше сәйкес келетін жазаны айқындайды.
Егер үкім екі немесе бірнеше әрекетке қатысты болса, Қазақстан Республикасында бәрі бірдей қылмыс деп танылмаса, судья шетел мемлекеті сотының үкімі бойынша қылмыс болып табылатын әрекетке жазаның қай бөлігі қолданылатындығын айқындайды.
Судьяның қаулысы ол шығарылған күннен бастап күшіне енеді және орындалуын қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасына жіберіледі.
Шет мемлекеттің соты үкімнің күшін жойған немесе өзгерткен жағдайда не шет мемлекетінде шығарылған рақымшылық ету немесе кешірім жасау актісін жазасын Қазақстан Республикасында өтеп жүрген адамға қолданылған ретте қайта қаралған үкімді орындау, сондай-ақ рақымшылық етуді немесе кешірім жасауды қолдану мәселелері осы баптың ережелері бойынша шешіледі.
Адамды қылмыстық жауапқа тарту немесе үкімді орындау үшін ұстап беру туралы талапты жіберу.
1. Қазақстан Республикасының заңдарында және халық аралық шарттарында көзделген жағдайда және тәртіпте Қазақстан Республикасының Бас прокуроры немесе уәкілетті прокурор шет ел мемлекетінің құзірретті мекемесіне Қазақстан Республикасының азаматы болып табылатын қылмыс жасаған адамды, егер осы адамға қатысты айыптау үкімі немесе оны айыптаушы ретінде тарту туралы қаулы шығарылса, оны ұстап беру туралы талаппен шет ел мемлекетінің тиісті мекемесіне өтініш жасайды.
2. Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарында және заңдарында көзделген жағдайда және тәртіпте қылмыстық іс жүргізуші орган Қазақстан Республикасының аумағында қылмыс жасап, оның аумағынан кетіп қалған қалған адамды ұстап беру туралы Қазақстан Республикасының Бас прокурорына немесе уәкілетті прокурорға өтініш жасап, оған қажетті құжаттарды қоса тіркейді.
3.Беру туралы талапта:
1) қылмыстық сотты жүргізіп жатқан органның атауы:
2) сотталушының (айыпталушының) тегі, аты, туған жылы, азаматтығы туралы деректер, сыртқы бет пішін туралы сипаттамасы, фотасурет.
3) осы қылмыс үшін жауаптылықты көздейтін заңның мәтінін келтіріп, жазаны міндетті түрде көрсете отырып, жасалған қылмыстың іс жүзіндегі мән –жайларының баяндалуы:
4) заңды күшіне мінген үкімнің, не тиісті құжаттардың куәландырылған көшірмелерін қоса тіркей отырып, айыпталушы ретінде тарту туралы қаулының шығарылған жері мен уақыты туралы мәліметтер қамтылуға тиіс.
4. Ұстап беру туралы өтінішке: айып тағу туралы қаулының көшірмесі, қамауға алу туралы қаулының көшірмесі, ұстап берілуге тиісті адамның азаматтығын растайтын құжаттар, тиісті прокурордың ұстап беру туралы өтінішінің зандылығы мен негізділігі туралы қорытындысы қоса тіркелуі тиіс.
Берілген адамның қылмыстық жауаптылық шектері.
1.Шетел мемлекеті ұстап берген адам беруге қатысы жоқ өзге қылмысы үшін қылмыстық жауапқа тартылмайды, жазаланбайды, сондай-ақ оны ұстап берген мемлекеттің келісімінсіз үшінші мемлекетке берілмейді.
2. Оы баптың бірінші бөлігінің ережесі адамның ол ұстап берілген соң қылмыс жасалған жағдайлаға қолданылмайды.
Достарыңызбен бөлісу: |