Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексi 1-бап



бет13/200
Дата19.09.2022
өлшемі1,9 Mb.
#149872
түріКодекс
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   200
Байланысты:
КОДЕКС КЫЛМЫСТЫК

111-бап. Аффект жағдайында денсаулыққа зиян келтiру

Жәбiрленушiнiң тарапынан болған зорлық-зомбылықтан, қорлаудан немесе ауыр балағаттаудан не жәбiрленушiнiң өзге де құқыққа қайшы немесе бейморальдық әрекеттерiнен (әрекетсiздiгiнен), сол сияқты жәбiрленушiнiң жүйелі түрдегі құқыққа қайшы немесе бейморальдық мiнез-құлқына байланысты туындаған ұзаққа созылған психиканы күйзелтетін ахуалдан болған кенеттен туындаған қатты жан күйзелiсi (аффект) жағдайында жасалған денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтiру –

бір жүз жиырма айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не бір жүз жиырма сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға не отыз тәулікке дейінгі мерзімге қамаққа алуға жазаланады.

Ескерту. 111-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 12.07.2018 № 180-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.


112-бап. Қажеттi қорғаныс шегiнен шығу кезiнде денсаулыққа ауыр зиян келтiру

1. Қажеттi қорғаныс шегiнен шығу кезiнде жасалған, денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтiру –

бір мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не төрт жүз сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға не бір жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге не сол мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

2. Абайсызда жәбірленушінің өліміне әкеп соққан дәл сол іс-әрекет –

екі жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге не сол мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

Ескерту. 112-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 12.07.2018 № 180-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.


113-бап. Қылмыс жасаған адамды ұстап алу кезiнде денсаулыққа ауыр зиян келтiру

Қылмыс жасаған адамды ұстап алу үшiн қажеттi шаралар шегінен шығу кезiнде денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтiру –

бір мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не төрт жүз сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға не бір жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

Ескерту. 113-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 12.07.2018 № 180-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   200




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет