Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексi 1-бап



бет12/200
Дата19.09.2022
өлшемі1,9 Mb.
#149872
түріКодекс
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   200
Байланысты:
КОДЕКС КЫЛМЫСТЫК

107-бап. Денсаулыққа қасақана ауырлығы орташа зиян келтiру

1. Денсаулыққа қасақана ауырлығы орташа зиян келтiру –

бір мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не алты жүз сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға не екі жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

2. Мынадай:

1) екi немесе одан да көп адамға қатысты;

2) адамның қызметтік жұмысын жүзеге асыруына немесе кәсiптiк немесе қоғамдық борышын орындауына байланысты осы адамға немесе оның жақындарына қатысты;

3) аса қатыгездiкпен, сол сияқты кiнәлi адамға дәрменсiз күйде екенi көрінеу белгiлi адамға қатысты;

4) алдын ала сөз байласу арқылы адамдар тобы, қылмыстық топ жасаған;

5) бұзақылық ниетпен;

6) әлеуметтiк, ұлттық, нәсiлдiк, дiни өшпенділік немесе араздық уәжі бойынша;

7) бірнеше рет;

8) көрінеу кәмелетке толмаған адамға қатысты жасалған дәл сол іс-әрекет –

екі мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не сегіз жүз сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға не үш жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

Ескерту. 107-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 12.07.2018 № 180-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.


108-бап. Денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтiру

Ескерту. 108-бап алып тасталды - ҚР 03.07.2017 № 84-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).


109-бап. Ұрып-соғу

Ескерту. 109-бап алып тасталды - ҚР 03.07.2017 № 84-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).


110-бап. Қинау

1. Ұдайы ұрып-соғу немесе өзге де күш қолдану әрекеттері арқылы тән зардабына немесе психикалық зардап шегуге ұшырату, егер бұл іс-әрекет денсаулыққа ауыр немесе ауырлығы орташа зиян келтіруге әкеп соқпаса, –

бір мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не алты жүз сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға не екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

2. Мынадай:

1) көрiнеу кәмелетке толмаған адамға немесе кiнәлi адамға дәрменсiз күйде екенi көрінеу белгiлi не кiнәлi адамға материалдық немесе өзгедей тәуелдi адамға, сол сияқты ұрланған не кепiл ретiнде қолға түсiрілген адамға қатысты;

2) екi немесе одан да көп адамға қатысты;

3) кiнәлi адамға жүктiлiк жағдайда екенi көрінеу белгiлi әйелге қатысты;

4) азаптауды қолдану арқылы;

5) жалдау бойынша;

6) әлеуметтiк, ұлттық, нәсiлдiк, дiни өшпендiлiк немесе араздық уәжі бойынша жасалған дәл сол іс-әрекет –

төрт жылдан жеті жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге не сол мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

Ескерту. 110-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 12.07.2018 № 180-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 27.12.2019 № 292-VI (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңдарымен.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   200




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет