Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексi 1-бап



бет157/200
Дата19.09.2022
өлшемі1,9 Mb.
#149872
түріКодекс
1   ...   153   154   155   156   157   158   159   160   ...   200
Байланысты:
КОДЕКС КЫЛМЫСТЫК

378-бап. Билік өкiлiн қорлау

1. Билік өкiлiн өз қызметтiк мiндеттерiн атқару кезiнде немесе оларды атқаруына байланысты қорлау –

сексен айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не сексен сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға не жиырма тәулікке дейінгі мерзімге қамаққа алуға жазаланады.

2. Жария түрде немесе бұқаралық ақпарат құралдарын немесе телекоммуникациялар желілерін пайдалана отырып жасалған дәл сол іс-әрекет –

бір жүз алпыс айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не бір жүз алпыс сағатқа дейiнгi мерзiмге қоғамдық жұмыстарға тартуға не қырық тәулікке дейінгі мерзімге қамаққа алуға жазаланады.

Ескерту. Билік өкiлiнiң қызметтiк жұмысы туралы сын тұрғысында айтылған жария сөздер осы бап бойынша қылмыстық жауаптылыққа әкеп соқпайды.

Ескерту. 378-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 12.07.2018 № 180-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
379-бап. Билік өкіліне бағынбау

Төтенше жағдай жарияланған жерде немесе терроризмге қарсы операция жүргізу аймағында жасалған, билік өкілінің заңды талабына немесе өкіміне бағынбау –

екі мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не алты жүз сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға не екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

Ескерту. 379-бап жаңа редакцияда - ҚР 03.07.2017 № 84-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 12.07.2018 № 180-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.


380-бап. Билік өкiлiне қатысты күш қолдану

1. Билік өкiлiнің өз қызметтік мiндеттерiн атқаруына байланысты не қызметтік міндеттерін орындағаны үшін одан кек алу мақсатында оған немесе оның жақындарына қатысты өмiрiне немесе денсаулығына қауiпті емес күш қолдану не күш қолдану қатерін төндіру –

үш мың айлық есептік көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не сегіз жүз сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға не үш жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көрсетілген адамдарға қатысты олардың өмiрiне немесе денсаулығына қауiптi күш қолдану –

бес жылдан он жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

3. Осы баптың екінші бөлігінде көзделген, мынадай:

1) екi немесе одан көп адамға қатысты;

2) кінәлі адамға дәрменсiз күйде екенi көрінеу белгiлi адамға қатысты жасалған, сол сияқты адамды ұрлаумен не кепілге алумен ұштасқан;

3) аса қатыгездiкпен;

4) адамдар тобы, алдын ала сөз байласу арқылы адамдар тобы жасаған;

5) басқа қылмысты жасыру немесе оны жасауды жеңiлдету мақсатымен;

6) бірнеше рет;

7) көрінеу кәмелетке толмаған адамға қатысты;

8) төтенше жағдай кезiнде немесе жаппай тәртiпсiздiк барысында;

9) төтенше жағдай жарияланған жерде немесе терроризмге қарсы операция жүргізу аймағында жасалған іс-әрекет –

жеті жылдан он екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

Ескерту. 380-бап жаңа редакцияда - ҚР 03.07.2017 № 84-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 12.07.2018 № 180-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   153   154   155   156   157   158   159   160   ...   200




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет