Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексi 1-бап



бет27/200
Дата19.09.2022
өлшемі1,9 Mb.
#149872
түріКодекс
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   200
Байланысты:
КОДЕКС КЫЛМЫСТЫК

136-бап. Баланы ауыстыру

1. Баланы қасақана ауыстыру –

екі мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не екi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

2. Пайдакүнемдiк немесе өзге де ұждансыз пиғылмен жасалған дәл сол іс-әрекет –

үш жылдан жеті жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
137-бап. Бала асырап алу жөнiндегi заңсыз әрекет

1. Бала асырап алу, оны қорғаншылыққа (қамқоршылыққа), патронаттық тәрбиешіге беру жөнiндегi заңсыз әрекеттер –

белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан үш жылға дейінгі мерзімге айыра отырып немесе онсыз, бір жүз алпыс айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не бір жүз алпыс сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға не қырық тәулікке дейінгі мерзімге қамаққа алуға жазаланады.

2. Пайдакүнемдік ниетпен жасалған немесе лауазымды адам өзінің қызмет бабын пайдалана отырып жасаған дәл сол іс-әрекеттер –

белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан үш жылға дейінгі мерзімге айыра отырып немесе онсыз, екі мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не алты жүз сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға не екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

Ескерту. 137-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 12.07.2018 № 180-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.


138-бап. Бала асырап алу құпиясын жария ету

Бала асырап алу фактiсiн қызметтiк немесе кәсiптiк құпия ретiнде сақтауға мiндеттi адамның не өзге адамның пайдакүнемдiк немесе өзге де ұждансыз пиғылмен жасаған, бала асырап алу құпиясын бала асырап алушының еркiне қайшы жария етуi –

белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан үш жылға дейінгі мерзімге айыра отырып немесе онсыз, екі жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не бір жүз сексен сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға не елу тәулікке дейінгі мерзімге қамаққа алуға жазаланады.

Ескерту. 138-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 12.07.2018 № 180-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   200




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет