Қазақстан Республикасының жоғары білім және ғылым министрлігі


Күріш шаруашылығы дақылдарының нақты өнімділігі мен жалпы жиналуы



бет4/9
Дата20.11.2023
өлшемі0,51 Mb.
#192274
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
ПРАКТИКА 3.doc а5ай

4 Күріш шаруашылығы дақылдарының нақты өнімділігі мен жалпы жиналуы

Күріштің өнімділігі сорттың және оның тұқым шаруашылығын жүргізудің маңызы зор. Сондықтан күріш өсіретін барлық елдерде жоғары өнімді, жарма сапасы жоғары, ауруларға және жергілікті жердің климаттық жағдайларына бейімделген сорттарын шығарып, өндіріске енгізуге көп көңіл бөлінеді. Сондықтан, біздің жерде экологиялық сынақтан өтпеген шет елдік сорттардың кейбірі ауа-райының қолайсыздығына байланысты пісіп-жетілмей қалуы немесе сиреп қалуы т.б. жағдайларға байланысты өнімділігі төмендейді. Мысалы, өткен жылы байқалған көктемгі қолайсыз ауа райы мен су тапшылығының салдарынан облыста көп көлемде егіліп жүрген ресейлік «Лидер» сорты жекелеген шаруашылықтарда толық піспей қалды.


Сол себепті, күріш өсіретін әрбір аймақта, әсіресе, басқа жерлердің, оның ішінде, Ресейдің топырақ-климат ерекшеліктеріне ұқсамайтын Қызылорда облысында жаңа сорттар жергілікті жер жағдайында шығарылғаны абзал. Облыстың климаты күрт континентальды болып келеді, яғни, ауа-райы күрт өзгеріп тұрады. Көктем мен күз айларында күн мен түннің температурасындағы айырмашылық өте көп, ал, жаз айлары өте ыстық болады. Биылғы жылы егіген сорт Лидер және Сыр Сұлуы.

3-кесте- Лидер және Сыр Сұлуы сортының шығыны мен өнімділігі.



Сорт

Вег.кезең

Биіктігі

Масағы

1000 дән м

Жарма шығыны

Сорттық жармасы

Өнімділігі
ц/га

Лидер

120-125

110-115

15-17

30-32

64-65

58-60

43

Сыр Сұлуы

105-110

95-100

18-21

35-36

72-73

32-64

21

Сыр Сұлуы сорты тұздылыққа және төмен температураға төзімді. Алғашқы өсу қарқыны жоғары болғандықтан өсімдік көгі біркелкі тез өсіп шығады. Сол себепті, бұл сорттың себу нормасын гектарына 200-230 келіден асырмай себуге болады.
Сыр Сұлуы сортының айрықша ерекшеліктеріне – ұзын дәнділі, масағының дәнділігі мен дән сапасының және өсімдігінің бастапқы өсу қарқынының жоғарылығы жатады. Бұл сортты Қазақстанның күріш өсіретін барлық аймақтарында егуге болады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет