Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік Кодексі


САЛАСЫНДАҒЫ ЗАҢНАМАСЫН БҰЗУДЫҢ ЖОЛЫН КЕСУ ЖӘНЕ МОНОПОЛИЯҒА



бет119/160
Дата06.02.2022
өлшемі294,1 Kb.
#76498
түріКодекс
1   ...   115   116   117   118   119   120   121   122   ...   160
САЛАСЫНДАҒЫ ЗАҢНАМАСЫН БҰЗУДЫҢ ЖОЛЫН КЕСУ ЖӘНЕ МОНОПОЛИЯҒА
ҚАРСЫ ОРГАННЫҢ НҰСҚАМАЛАРЫН ҚАЙТА ҚАРАУ
225-бап. Монополиялық кірісті айқындау негіздері және
тәртібі
1. Осы Кодекспен шектелген монополиялық қызметті жүзеге асыру нәтижесінде нарық субъектісі алған кіріс монополиялық кіріс болып табылады.
2. Нарық субъектісі монополиялық кірісті:
1) нарық субъектілерінің бәсекелестікке қарсы келісім немесе келісілген әрекеттер жасауы;
2) нарық субъектісінің өзінің үстем немесе монополиялық жағдайын теріс пайдалануы нәтижесінде алуы мүмкін.
3. Монополиялық кіріс нарық субъектісінің осы баптың 2-тармағында көрсетілген әрекеттерді жүзеге асырған кезінен бастап нарық субъектісі осы әрекеттерді тоқтатқан кезге дейін айқындалады.
4. Монополиялық кіріс:
1) үстем немесе монополиялық жағдайға ие нарық субъектісі монополиялық жоғары бағаны қолдану кезінде алынған кіріс пен осы Кодекстің 175-бабының ережелеріне сәйкес айқындалған бағалар негізінде есептелген кіріс арасындағы айырма ретінде монополиялық жоғары бағаларды белгілеген кезде;
2) үстем немесе монополиялық жағдайға ие нарық субъектісі үстем жағдайға ие нарық субъектісінің бәсекелестерді тауар нарығынан ығыстырып шығару есебінен өткізу көлемдерін ұлғайту нәтижесінде алған қосымша кірісі ретінде монополиялық төмен бағаны белгілеген кезде;
3) монопсониялық жағдайға ие нарық субъектісі тауар өткізуші нарық субъектісінің осындай тауарды өндіру мен өткізуге қажетті шығыстар мен пайдасы негізінде айқындаған бағасы бойынша осы нарық субъектісінің тауарды сатып алу шығындары мен тауарларды монопсониялық төмен бағалар бойынша сатып алу кезінде қалыптасқан шығындары арасындағы айырма ретінде монопсониялық төмен бағаны белгілеген кезде;
4) нарық субъектісі, тауарларды өндіруге және (немесе) өткізуге қажетті негізделген шығыстар мен іс жүзінде төленген салықтар шегерілгенде бәсекелестікке қарсы келісімдерді немесе келісілген әрекеттерді жасаған кезде осы әрекеттерден алынған бүкіл кіріс ретінде айқындалады.
5. Монополиялық кірісті алып қою Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінде белгіленген тәртіппен жүргізіледі.
226-бап. Монополияға қарсы ден қою шаралары
1. Монополияға қарсы орган белгіленген өкілеттіктеріне сәйкес:
1) нарық субъектілеріне:
осы Кодекс нормаларының бұзылуын тоқтату және (немесе) олардың салдарларын жою;
бастапқы жағдайды қалпына келтіру;
осы Кодекске қайшы келетін шарттарды бұзу немесе өзгерту;
егер белгілі бір сатушылармен (өнім берушілермен) не сатып алушылармен шарт жасасудан негізсіз бас тарту не жалтару бұзушылық болып табылса, нарықтың басқа субъектісімен шарт жасасу;
осы Кодекс нормаларының бұзылуына жол бермеу туралы орындалуға мiндеттi нұсқамалар беруге;
2) мемлекеттік органдарға, жергілікті атқарушы органдарға өздері қабылдаған актілердің күшін жою немесе оларды өзгерту, бұзушылықтарды тоқтату, сондай-ақ өздері жасаған, осы Кодекске қайшы келетін келісімдерді бұзу немесе өзгерту туралы және бәсекелестікті қамтамасыз етуге бағытталған әрекеттер жасау туралы орындалуға міндетті нұсқамалар беруге;
3) бәсекелестікті қорғау және монополистік қызметті шектеу саласындағы әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарауға және Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінде белгіленген тәртіппен әкімшілік жазалар қолдануға;
4) сотқа талап қоюмен және өтініштермен жүгінуге, сондай-ақ соттар Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасының қолданылуы мен бұзылуына байланысты істерді қараған кезде процестерге қатысуға құқылы.
2. Осы Кодекстің нормалары бұзылған кезде нарық субъектілері, мемлекеттік органдар, жергілікті атқарушы органдар:
1) монополияға қарсы органның нұсқамаларына сәйкес бұзушылықты тоқтатуға және оның салдарын жоюға, бастапқы жағдайды қалпына келтіруге, шартты бұзуға, нарықтың басқа субъектісімен шарт жасасуға немесе оған өзгерістер енгізуге, монополияға қарсы орган Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасына сәйкес келмейді деп таныған актінің күшін жоюға, нұсқамада көзделген өзге де әрекеттерді орындауға;
2) келтірілген залалды Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес өтеуге;
3) монополияға қарсы органның Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінде белгіленген тәртіппен әкімшілік жаза қолдану туралы қаулысын орындауға міндетті.
3. Нұсқама монополияға қарсы орган белгілеген ақылға қонымды мерзімде орындалуға жатады.
Монополияға қарсы орган берілген нұсқамалардың орындалуын бақылауды жүзеге асырады.
Нұсқама орындалмаған жағдайда, монополияға қарсы орган нарық субъектісін, мемлекеттік органды, жергілікті атқарушы органды монополияға қарсы органның нұсқамасын орындауға мәжбүрлеу туралы талап қоюмен сотқа жүгінуге құқылы.
227-бап. Нұсқаманы ресімдеуге қойылатын талаптар
Нұсқама монополияға қарсы органның қатаң есептіліктегі бланкісінде ресімделеді және ол:
1) өзіне (өздеріне) қатысты нұсқама жасалатын нарық субъектісінің және (немесе) мемлекеттік органның және (немесе) жергілікті атқарушы органның немесе олардың лауазымды адамдарының атауын;
2) Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасын бұзудың анықталған фактісінің (фактілерінің), сондай-ақ нарық субъектісі не мемлекеттік орган немесе жергілікті атқарушы орган немесе олардың лауазымды адамдары бұзған құқық нормаларының сипаттамасын;
3) нарық субъектісі және (немесе) мемлекеттік орган және (немесе) жергілікті атқарушы орган немесе олардың лауазымды адамдары Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасын бұзушылықты жою үшін жасауға тиіс (немесе оны (оларды) жасаудан тартынуға тиіс) әрекеттерді;
4) нұсқаманың орындалу мерзімін;
5) нұсқаманың орындалуы туралы ақпаратты беру мерзімін;
6) нұсқамаға қол қоюға уәкілеттік берілген адамның қолтаңбасын;
7) монополияға қарсы органның елтаңбалық мөрін қамтуға тиіс.
228-бап. Монополияға қарсы органның нұсқамаларын қайта
қарау
1. Монополияға қарсы орган нұсқаманы (өзінің немесе аумақтық органының нұсқамасын) өз бастамасы не мүдделі тұлғаның өтініші бойынша:
1) егер елеулі мән-жайлар монополияға қарсы органға белгілі болмаған және белгілі болуы мүмкін болмаған, бұл заңсыз немесе негізсіз нұсқама шығаруға әкеп соққан;
2) егер нұсқама анық емес ақпараттың негізінде шығарылып, бұл заңсыз немесе негізсіз нұсқама шығаруға әкеп соққан;
3) егер нұсқама Қазақстан Республикасы заңнамасының нормалары бұзыла отырып шығарылған;
4) нұсқамада жіберілген жаңылыс жазулар немесе анық арифметикалық қате түзетілген жағдайларда қайта қарай алады.
Монополияға қарсы орган өз нұсқамасының орындалуын оны қайта қарау аяқталғанға дейін тоқтата тұра алады, бұл туралы іске қатысатын тұлғалар жазбаша хабардар етіледі.
2. Қайта қарау нәтижелері бойынша монополияға қарсы орган:
1) нұсқаманы өзгеріссіз қалдыруы;
2) нұсқаманы өзгертуі;
3) нұсқаманың күшін жоюы;
4) жаңа нұсқама шығаруы мүмкін.
3. Мүдделі тұлғаның өтініші бойынша нұсқама қайта қаралған кезде монополияға қарсы орган өтініш (шағым) берген тұлғаның немесе өтініш (шағым) мүддесіне орай берілген тұлғаның жағдайын нашарлатуға құқылы емес.
229-бап. Монополияға қарсы органның аумақтық органдарының


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   115   116   117   118   119   120   121   122   ...   160




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет