нормативтік құқықтық актінің жобасын бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау (тарату) Кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын нормативтік құқықтық актілердің жобалары тиісті органда немесе сараптамалық кеңестің отырысында олар қаралғанға дейін, интернет-ресурстарды қоса алғанда, бұқаралық ақпарат құралдарында міндетті түрде жариялануға (таратылуға) жатады.
68-бап. Кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын нормативтік құқықтық актіні қолданысқа енгізу тәртібі Кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын нормативтік құқықтық актіні қолданысқа енгізу мерзімдері кәсіпкерлік субъектісіне қызметін Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленетін талаптарға байланысты жүзеге асыруға дайындалу үшін қажетті мерзімдер негізге алына отырып белгіленуге тиіс.
Нормативтік құқықтық актілерді қолданысқа енгізу тәртібі мен мерзімдері кәсіпкерлік субъектілеріне нұқсан келтірмеуге тиіс.
69-бап. Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін