КӘСІПКЕРЛІК ҚЫЗМЕТТІҢ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫНА ЖАТПАЙТЫН ТҮРЛЕРІН МЕМЛЕКЕТТІК ҚОЛДАУ 235-бап. Агроөнеркәсiптiк кешендi дамытуды мемлекеттiк қолдау 1. Ауыл шаруашылығы қызметін жүзеге асыратын жеке кәсіпкерлік субъектілерін мемлекеттiк қолдау:
1) агроөнеркәсiптiк кешен және ауылдық аумақтар саласында кредит берудi дамыту;
2) агроөнеркәсiптiк кешендi субсидиялау;
3) ауыл шаруашылығы өнiмiн кепiлдендiрiлген сатып алу бағасы бойынша сатып алу;
4) агроөнеркәсiптiк кешендi техникалық жарақтандыру;
5) агроөнеркәсiптiк кешендi ақпараттық-маркетингтiк қамтамасыз ету;
6) агроөнеркәсiптiк кешендi ғылыми, нормативтiк-әдiстемелiк қамтамасыз ету және ол үшiн кадрлар даярлау;
7) ауылдық аумақтардың әлеуметтiк және инженерлiк инфрақұрылымын дамытуға инвестицияларды жүзеге асыру;
8) негiзгi өндiрiстiк құралдарды – ауыл шаруашылығы техникасының паркiн, технологиялық жабдықтарды, ауыл шаруашылығының мал басын жаңартуға арналған жағдайларды ұстап тұратын қаржылық құралдарды қолдану;
9) ауыл шаруашылығына инвестициялар тарту үшiн қажеттi жағдайлар жасау;
10) өнiм экспортын қолдау;
11) салалық ғылымды дамыту және агротехнологиялық бiлiмдi тарату;
12) мемлекеттік қолдаудың өзге де нысандарын ұсыну арқылы жүргізіледі.
2. Ауыл шаруашылығы қызметiн және ауылдық жердегі кәсіпкерлік қызметтің ауыл шаруашылығына жатпайтын түрлерін жүзеге асыратын жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiн мемлекеттiк қолдау республикалық және өңiрлiк деңгейлерде жүргiзiледi және Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес реттеледi.
3. Ауыл шаруашылығы қызметiн жүзеге асыратын жеке кәсiпкерлiкке мемлекеттiк қолдау көрсетудiң мерзiмдерi, көлемi мен шаралары Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес белгiленедi.
236-бап. Агроөнеркәсiптiк кешен және ауылдық аумақтар