Бастауыш мектеп



Дата03.12.2016
өлшемі291,9 Kb.
#3035
Қостанай облысы әкімдігі

білім басқармасының

алқа мәжілісінде бекітілген

2009 жылғы 29 қаңтардағы

№ 1 хаттама

Алқа мәжілісінің төрағасы: ________________Г. Шек



« » ____________ 2009 жыл

Білім беру ұйымдарының ғимараттарын оқу-материалдық және техникалық жарақтандыру бойынша ұсыныстар
БАСТАУЫШ МЕКТЕП
Бастауыш мектептің оқу кабинеттері тізбесі:

  1. Бастауыш сынып кабинеттері (кабинеттер саны жинақ сыныптарға байланысты);

  2. Мектепалды даярлық немесе мектепалды тәрбиелеу шағын орталығы;

  3. Информатика және есептеу техникасы;

  4. Қазақ тілі.


Міндетті түрде болатын кабинеттердің тізбесі:

  • Кітапхана;

  • Спорт залы (акт залымен бірлескен);

  • Медициналық пункт;

  • Санитарлық желілер.


НЕГІЗГІ МЕКТЕП
Үлгілік негізгі мектептердің оқу кабинеттер тізбесі:

    1. Бастауыш сынып кабинеттері (кабинеттер саны жинақ сыныптарға байланысты);

    2. Мектепалды даярлық немесе мектепалды тәрбиелеу шағын орталығы;

    3. Информатика және есептеу техникасы;

    4. Қазақ тілі мен әдебиеті;

    5. Орыс тілі мен әдебиеті;

    6. Шетел тілі;

    7. Тарих, мемлекет және құқық негіздері;

    8. География;

    9. Математика;

    10. Физика;

    11. Химия;

    12. Биология;

    13. Сызу және бейнелеу өнері;

    14. Ән-күй;

    15. Құрамдастырылған оқу-өндірістік шеберханасы;

    16. Еңбекке қызмет көрсету түрлерінің кабинеті.


Міндетті түрде болатын кабинеттердің тізбесі:

      • спорт залы;

      • медициналық қызмет көрсету кабинеті;

      • тамақ блогы;

      • оқу залы бар кітапхана;

      • акт залы;

      • киім шешетін орын;

      • санитарлық желілер.



ОРТА МЕКТЕП
Үлгілік орта мектептің оқу кабинеттер тізбесі:

  1. Бастауыш сынып кабинеттері (кабинеттер саны жинақ сыныптарға байланысты);

  2. Мектепалды даярлық немесе мектепалды тәрбиелеу шағын орталығы;

  3. Информатика және есептеу техникасы;

  4. Қазақ тілі мен әдебиеті;

  5. Орыс тілі мен әдебиеті;

  6. Шетел тілі;

  7. Тарих, мемлекет және құқық негіздері;

  8. География;

  9. Математика;

  10. Физика;

  11. Химия;

  12. Биология;

  13. Сызу және бейнелеу өнері;

  14. Ән-күй;

  15. Алғашқы әскери даярлық;

  16. Ағашты өндеу шеберханасы;

  17. Металл өндеу шеберханасы;

  18. Еңбекке қызмет көрсету түрлерінің кабинеті.


Міндетті түрде болатын кабинеттердің тізбесі:

      • спорт залы;

      • медициналық қызмет көрсету кабинеті;

      • тамақ блогы;

      • оқу залы бар кітапхана;

      • акт залы;

      • киім шешетін орын;

      • санитарлық желілер.

Оқу ғимаратына қойылатын талаптар
Оқу кабинеті мыналардан тұруы тиіс: жұмыс аумағы, мұғалімнің жұмыс аумағы, оқу-көрнекі құралдарды, техникалық оқыту құралдарын (бұдан әрі – ТОҚ) орналастыру үшін қосымша кеңістік, оқушылармен жеке шұғылданатын және мүмкін болатын белсенді қызметтер аумағы.

Жұмыс аумағында оқушылардың бой және жас ерекшеліктеріне қарай сәйкес келетін оқушылар столы орналасады. Орындық орнына табуреткалар немесе скамейкаларды пайдалануға тыйым салынады. Мұғалімнің жұмыс аумағына жұмыс столы мен сынып тақтасы орналасады.

Қосымша кеңістік қажетті көрнекі оқу, көрсету құралдарын, мұғалімнің шығармашылық зертханаларын орналастыру үшін қызмет етеді. Ұсынылатын ТОҚ: графопроектор, телевизор, бейне магнитофон, аудио магнитофон, компьютер.

Оқушылармен жеке шұғылдануға арналған аумақтар, мысалыға алатын болсақ компьютермен жабдықталған информатика кабинетінде жеке жұмыс орнынан тұрады .

Мүмкін болатын қызметтер аумағы дұрысында мектеп алды даярлық және бастауыш сынып кабинеттері – ойын аумақтары.

Химия, физика, биология кабинеттері мен компьютерлік сыныптарда міндетті түрде зертхананың болу керек.



Мектепте 6-жастағы балаларға арналған столдар мен орындықтардың көлемі ГОСТ 19301.1 және ГОСТ 19301.2-73 «Мектепке дейінгі балалар жиһазы. Фукционалдық өлшемі».


Жиһаз

Жиһаздар тобы

Белгілеу түсі

Балалардың бойы бойынша топтары, мм.

Столдың биіктігі, мм.

Орындықтың отыру биіктігі, мм.

Мектепке дейінгі

«Г»

Қызғылт сары

1000-1150

460

260

«Д»

Сары

1150-1300

520

300

«Ж»

Қызыл

1300-ден жоғары

580

340


Қазақ тілі кабинеті – оқыту құралдарын, жиһаздар, пәнді тиімді оқытуды қамтамасыз ететін ТОҚ орынды орналастырылған арнайы бөлме. Бүгінгі күні Қазақстанның білім беру кеңістігінде жаңа бағдарламаларға арналған жүйелік үдеріс үстінде. Бұл үдеріс қазақ тілі кабинетіне деген талаптарды өзгертуге итермелейді.

Кабинетті жабдықтау:

  • сыныптық және магнит тақталар;

  • техникалық оқыту құралдары: бейнемагнитофон, телевизор, аудиомагнитофон, мүмкіндіктеріне қарай компьютер, лингафондық кабинет.

  • Балалардың жас ерекшеліктеріне қарай сәйкес келетін жиһаз.


Кабинетті ресімдеу:

Кабинеттегі көрнекі құралдар тілді (сөйлеу тілін) дамытуға себеп болуы тиіс. Кабинетке көптеген көрнекі құралдарды, сондай-ақ тұрмыстық ыдыс-аяқтар мен ұлттық киімдерді қою ұсынылмайды. Классиктердің портреттері хронологиялық тәртіпте немесе оқу тақырыбына сәйкес ілінеді. Фабрикалық үлгіде даярланған мемлекеттік рәміздер болуы тиіс.



Кабинеттің оқу-әдістемелік базасы:

Дидактикалық, көрнекі, тарату, анықтама материалдары жеткілікті көлемде болуы тиіс және пән бойынша бағдарламалық материалдарды орындауды қамтамасыз ету қажет.



Физика және химия кабинеттерін арнайы көрсету столдарымен жабдықтау қажет, бұл жерде проекттық аппараттарды басқару пульты, су, электр, канализация жүйелері болуы қажет. Көрнекі құралдардың жақсы көрінуі үшін көрсету столы жоғары қойылуы керек. Оқушылар аумағында су, электр қуаты (физика лабораториясы) бар екі орындық оқушылық зертханалық столдар (қондырғылары бар және қондырғыларсыз) орнатылуы тиіс. Кабинеттегі барлық қосқыштар мен розеткаларға белгі соғу керек

Химия зертханалары оқытушының столы жанында орналасқан тартпалы шкафтармен жабдықталуы тиіс. Бұдан басқа, мектептегі барлық бөлмелердің ішінде химия кабинеті өрт қауіпсіздігін тудыратын негізгі орын болып табылады. Осы ерекшеліктерге сәйкес химия кабинеті мен препараторларға талаптар ерекше.

  1. Мектептің барлық ғимараттарында денсаулық үшін зиянды газ тәрізді заттардың кіруіне жол бермеу үшін химия кабинетін жоғары қабатта орналасуы тиіс. Кабинет қажет болған жағдайда оқушыларды көшіру мақсатында көшеге қараған баспалдақтың қасында орналасуы тиіс.

  2. Препараторлық бөлме кабинетке қосылып, екі шығатын есігі болуы тиіс: сынып - зертханаға және дәлізге.

Оңтүстікке қараған кабинеттің терезелеріне күннен қорғайтын жеңіл перделер ілінеді. Бұл жағдайда синтетикалық пленкаларды пайдалануға жол берілмейді, өйткені олардан практикалық сабақ өткізу кезінде пластификаторлар ретінде пайдаланылатын зиянды органикалық заттар шығады.

Химия кабинетінде қабырға мен еденді бояу практикалық сабақ өткізу кезінде денсаулыққа зиянды әсерін тигізетін булар мен газдардың сыныптағы ауаға тарауын ескере отырып жүргізіледі. Майлы бояуларды пайдалану кезінде қабырғаға барлық булар жиналып қалады және бөлініп шыққан газдар сорылмайды.

Еденді паркетпен жабуға болмайды, өйткені кездейсоқ төгілген реактивтер тесіктен өтіп кетуі мүмкін және ауанын ластау ошағы болып табылады. Ағаш тақтайдан жасалған едендерді тесіктер болмау үшін тығындап, бояумен бояп тастау қажет.

Физика кабинетіне оқушының астрономия пәнін оқу кезінде және мұғалімнің барлық оқу қызметтерінің түрлері қамтамасыз ететін астрономиялық бұрыштама құру қажет, атап айтатын болсақ:


  1. астрономияның бағдарламалық мәселелерін жақсы игеруге себеп болады және оны саналы түрде игеруді қамтамасыз ету;

  2. астрономия пәнінің ғылыми-теоретикалық деңгейін көтеру;

  3. анықтама әдебиеттерімен, жұлдыз карталарымен, атластармен, глобустармен, үлгілермен жұмыс істеудің белсенді әдісін енгізу мен жетілдіруге көмек көрсету;

Химия және физика кабинеттерінде медициналық қобдиша, өрт сөндіру құралдары, химиялық препараттар (химия кабинеті үшін) мен электр токтарынан (физика кабинеті үшін) зақымданудан қорғауға арналған құрал-жабдықтар.

Химия және физика кабинеттерінде бағдарламалардың барлық тақырыптары бойынша жеткілікті көлемде көрсету, дидактикалық, тарату материалдары болуы қажет. Зертханалық және практикалық жұмыстарды орындауға арналған жабдықтар тізбесі «Жалпы білім беретін мектептерге арналған көрнекі оқу құралдары мен оқу жабдықтарының үлгілік тізбесіне» сәйкес келуі тиіс және пән бойынша мемлекеттік стандарттарды орындауды қамтамасыз ету қажет.


Шетел тілі кабинетінде мынадай жабдықтар болу керек: пультпен басқарылатын оқытушы столы мен проекциялық аппараттарға арналған тумба; көрнекі құралдар мен ТОҚ сақтауға арналған секциялық шкафтар (құрылған); лингофондық рецептивтік құрылғылар.

Кабинеттің оқу-материалдық базасы: көрсету, дидактикалық, тарату материалдары, пән бойынша әдебиеттер (аударма және түсіндірме сөздіктері), тақырыптар мен деңгейлері бойынша оқыту бағдарламалары. Дидактикалық, тарату материалдары мен пән бойынша әдебиеттер тізбесі «Жалпы білім беретін мектептерге арналған көрнекі оқу құралдары мен оқу жабдықтарының үлгілік тізбесіне» сәйкес келуі тиіс және мемлекеттік стандарттарды орындауды қамтамасыз ету қажет.
Тарих кабинеті – мектептегі идеялық-саяси жұмыстың базасы, оның басты міндеті мемлекеттік саясатты жүйелі түрде көрнекі насихаттау болып табылады. Бұл жұмыс техникалық оқыту құралдарын кең көлемде қолдану, өздік және практикалық жұмыстар жүргізу, кітаптар, анықтама және тарату материалдарын пайдалану арқылы жүзеге асырылады.

Тарих кабинеті ТОҚ жабдықталады: компьютер, магнитофон, бейнемагнитофон, графпроектор, экран.



Кабинетті әдістемелік қамтамасыз ету:

  • көрнекі материалдар;

  • жеке жұмыс істеуге арналған дидактикалық материалдар;

  • тарату материалы.

Тарих пәніне арналған оқу құралдары дайын және қолдан даярланған болуы мүмкін:

  • қабырғаға ілетін тарихи карталар;

  • көрсету картиналары мен кестелер;

  • көрнекі көрме құралдары (выставочные наглядные пособия (кішкентай көлемдегі көшірмелер, атластар және нұсқалы карталар, фотографиялар);

  • көлемді көрнекі құралдар (үлгілер, макеттер, муляждар, диорамалар);

  • мәтіндік құралдар: кітаптар, кітапшалар, журналдар, газет және журнал материалдарының қиындылары;

  • өлкетану көрмелері немесе кабинеттің мұражайлық бұрыштамалары;

  • тұпнұсқалар және өткен жылдардан жиналған құжаттар.


Информатика кабинеті – бұл оқушыларды әлемдік ақпараттық қоғам шартына, Қазақстан Республикасында білім беру деңгейін көтеруге даярлауды қамтамасыз ететін, Қазақстан Республикасы Президентінің білім беру жүйесін ақпараттандыру туралы Мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру құралы болып табылатын мектептің оқу-тәрбие құрылымы.

Информатика кабинетін жабдықтау: есептеу техникасының сыныбы, көрнекі оқу құралдары, оқу жабдықтары, оргтехникалар, «Информатика» курсы және ЭЕМ пайдалана отырып, басқа да жалпы білім беретін тәндер бойынша теоретикалық және практикалық сынып, сыныптан тыс және факультативтік сабақтарды өткізу үшін ыңғайластырылған жиһаздардан тұрады.

Информатика кабинетінде жүргізіледі:



  • информатика бойынша сабақтар (базалық және бейінді курстар);

  • есептеу техникаларын пайдалана отырып, базалық жалпы білім беретін оқу пәндері бойынша сабақтар;

  • эксперименталдық және практикалық сабақтар;

  • сыныптан тыс және факультативтік сабақтар.

Информатика кабинетіне қойылатын талаптар:

Оқу жабдықтарымен, оқу-әдістемелік кешендердің оқыту құралдармен, телекоммуникация (тиісті техникалық базасы болған жағдайда) құралдарымен жинақталуы пән бойынша білім беру бағдарламаларын орындауды қамтамасыз ету қажет және білім беру стандартына сәйкес келуі тиіс.

Үш нұсқада жұмыс орындарының орналасуы болуы мүмкін: периметрлік, қатар-қатар (1-3 қатарлы), орталық. Периметрлік орналасу кезінде кабинеттегі столдар қосымша оқушылық столдарымен және орындықтармен жабдықталады.

Оқу кабинетінде қауіпсіздік техникасын (ҚТ бойынша нұсқаулықты жүргізу туралы журнал), өрт қауіпсіздігін, санитарлық-гигиеналық нормаларды сақтау (өрт сөндіргіш құралдары, дәрі қобдишалары). Күзету іс-шараларын сақтау (жергілікті сигнал беру, терезелерге торлар, темір есіктер).

Қабырға мен едендерді ашу кезінде ауаға зиянды химиялық қоспаларды шығаратын материалдарды қолдануға тыйым салынады. Кабинеттің терезесі солтүстікке, солтүстік-шығысқа қарап: жалюзи түріндегі күннен қорғайтын, реттелетін құрылғылармен, қабырға мен жиһаздармен түсіне сәйкес келетін ашық түрдегі мата перделермен жабдықталуы тиіс.
Информатика кабинеті үшін температура қызуының оңтайлы және мүмкін болатын параметрлері, ауаның салыстырмалы ылғалдылығы

Ауа температурасы

Ауаның салыстырмалы ылғалдылығы, %

Оңтайлы

Мүмкін болатын

18

65

39

19

62

37

20

58

35

21

55

33

22

52

31


Орыс тілі мен әдебиеті кабинеті – орыс тілі мен әдебиетін оқытудың жоғары идеологиялық және ғылыми деңгейін қамтамасыз ететін, арнайы жабдықталған оқу-әдістемелік орталық..

Орыс тілі және әдебиеті кабинетіне қойылатын талаптар.

Жабдықтар:



  • құрылған экранмен – магнит тақтасы бар, өте қолайлы сынып тақтасы;

  • аппаратуралар кешені: телевизор -1, бейнемагнитофон -1, графопроектор-1, лингафондық кабинет;

  • ауызша – көркем түрдегі көрнекі құралдары;

  • көркем бейнелеу және графикалық көрнекі құралдар;

  • оқушы мен мұғалімдердің еңбегін ғылыми ұйымдастыру құралдары; картотека, әдістемелік әдебиет, анықтамалық баспалар.

Кабинеттің оқу-әдістемелік базасы: пән бойынша бағдарламалады орындауға себеп болатын көрсету, дидактикалық, тарату материалдары және әдебиеттер.
Математика кабинеті – бұл, бір сыныптық бөлмеде жинақталып, оқу жүйесімен бірыңғай, органикалық байланысқан, мұғалім мен оқушының ғылыми еңбегін ұйымдастыру талаптарына сәйкес ресімделген және математика пәнін оқытуда жоғары деңгейді қамтамасыз етеді.

Кабинетті ресімдеуге қойылатын негізгі талап – пәнді оқыту үшін қолайлы жағдай жасау.



Кабинетті жабдықтау:

  • ашылатын, жақтаулы және кестелер, сызу құралдары мен аспаптары бекітілген сынып тақтасы (1-2 дана);

  • графикалық жұмыстарды орындау үшін орта көлемдегі екі жақты, ауыспалы тақта;

  • магниттік тақта;

  • сызу құралдарының жинағы.

Математика кабинеті ТОҚ жабдықталады: компьютер, видеодвойка, магнитофон, телевизор, графопроектор, экран. Кабинетте ТОҚ орын-орнымен қою қажет.

Кабинетті ресімдеу кезінде ресімдеудің нақты (бірыңғай) үлгісін, стендтарды ресімдеу кезінде оларды орналастыр үлгісін сақтау қажет.



Кабинеттің әдістемелік - оқу базасы:

Кабинетте «жалпы білім беретін мектептерге арналған көрнекі оқу құралдары және оқу жабдықтарының үлгілік тізбесіне» сәйкес оқу жабдықтары, жабдықтарды тіркеу қажет. Мұғалімге арналған ғылыми-әдістемелік құралдардың жинағы болуы қажет. Сыныптар мен тақырыптар бойынша дидактикалық, тарату және көрсету материалдарының жинағы пән бойынша бағдарламалық материалдардың орындалуын қамтамасыз ету тиіс.



Биология кабинеті басқа кабинеттерге қарағанда оқытудың аудио көзбен шолу құралдарын көрсетуге арналған түрлі жабдықтармен қатар, ол жерде табиғатты жанды объектілерін бақылау, тәжірибе жасау үшін жағдай жасалуы тиіс. Биология кабинетіне сабақтан тыс жұмыстар мен тәжірибелерге арналған сыныптан тыс сабақтар өткізіледі (өсімдіктер, аквариум балықтары).

Кабинетті жабдықтау: тақта, магниттік тақта, экран, видеодвойка, графопроектор, компьютер.

Биология кабинеті тек қана жақсы және тартымды жабдықталмауы тиіс, рәсімделуде ол қарапайым болуы тиіс.

Стендтар:


  • жергілікті өсімдіктер, жануарлар әлемі, қорғалатын түрлері туралы ақпараттардан;

  • тарихи кезеңдер бойынша өсімдік және жануарлар әлемінің дамуы көрсетілген;

  • жедел ақпараттардың уақытша стендінен тұрады.

Қысқы бақ, туған өлкенің табиғи мұражайы, натуралистердің көрмелерін ұйымдастыруға болатын бірінші қабатта орналасқаны жақсы.

Биология кабинетінде гүлдердің көп болатынын ескере отырып, терезе оңтүстікке, оңтүстік-шығысқа немесе оңтүстік-батысқа қарауы тиіс.



Кабинеттің оқу-әдістемелік базасы оқу бағдарламасының орындалуын қамтамасыз ету тиіс. Кабинет оқу жабдықтарымен жабдықталуы тиіс: лабораториялық жұмыстар өткізу үшін микроскоптар мен оптикалық лупалар, практикалық жұмыстарға арналған құралдар мен аспаптар, лабораториялық ыдыстар мен саяхаттық жарақтар.

Көрнекі оқу құралдары: табиғи көрнекі оқу құралдары, гербари, тұлып және т.б.

Кабинет айтарлықтай деңгейде жарық болуы тиіс, өйткені оптикалық құралдармен және көрнекі оқу құралдарымен жұмыс істеу көру қабілетіне үлкен күш түсіреді.
География кабинеті – пәнді тиімді оқытуды қамтамасыз ететін оқу құралдарының, жиһаздардың, ТОҚ орын-орнымен орналастырылған арнайы кабинет.

География кабинетін жабдықтау мектеп кабинеттеріне деген жалпы талаптарға арнап негізделуі тиіс. Бұл жерде пәнді оқыту ерекшеліктері, оның мазмұны, оқу - тәрбиелілік міндеттер мен оқу-материалдық базалардың ерекшеліктері ескеріледі.

Оқу жабдықтарына қойылатын жалпы талаптар – оның мақсатты міндетіне сәйкес келуі. Оқыту құралдарының қызметтік міндеттерінен шыға отырып, олар ғылыми-әдістемелік талаптарға, эргономикалық және тазалық, техникалық, технологиялық және экономикалық талаптарға жауап беруі тиіс, сондай-ақ оларды қолданудағы өзіндік бейімділікке негізделген спецификалық ерекшеліктері ақталуы тиіс.

Мұғалімнің жұмыс орны – бұл шынын айтатын болсақ көрнекі оқу құралдарын көрсету орны болып табылады. Сондықтанда оны жабдықтау кезінде көрсету және жұмыс үстелін қарастыру керек.

Заманауи мектептің география кабинеті ТОҚ жабдықталуы тиіс: компьютер, бейнемагнитофон, кодоскоп, экран және т.б.

Көрсету, лабораториялық үлгілердің, құралдар мен аспаптардың, баспа құралдарының (географиялық карталар) жинағы «Жалпы білім беретін мектептерге арналған көрнекі оқу құралдары мен оқу жабдықтарының үлгілік тізбелерін» сәйкес келуі тиіс және пән бойынша мемлекеттік стандарттың орындалуын қамтамасыз ету қажет.



Спорт зал бірінші қабатта оқу кабинеттерінен, мұғалімдер мен дәрігер кабинетінен шетте орналасу қажет. Оның көлемі оқушының денесін шынықтыру бойынша толық бағдарламаны орындау мен спорттық сабақтан тыс сабақтарды өткізу қарастырылуы тиіс. Спорт залының жанында снарядтық зоналар, қыз балалар мен ұл балаларға арналған киім шешетін орын, киімдерге арналған киім ілгіштермен жабдықталған душ кабинасы болуы қарастырылған. Баскетбол, волейбол, бадминтон, гандбол алаңдарының белгісі, бір орында тұрып секіру, секіргішті анықтауға арналған - қабырғадағы - бой өлшегіш, допты лақтыру шеңбері, белгісі - 3х10 м.

Құралдар: қоссырықтар, ат, гимнастикалық көпірше, төсеніштер, үстел теннисіне арналған үстелдер, волейболға арналған тірек, баскетбол қалқаны, гимнастикалық орындықтар, бөрене, волейбол, баскетбол торлары, армрестлингке арналған үстел, кірлер мен гантелдер.

Спорт құрал-жабдықтар: лақтыруға арналған доптар, футбол, баскетбол, волейбол, гандбол доптары, гимнастикалық қабырғалар, арқан, трапеция, гимнастикалық шығыршық, таяқ, ұршық, ленталар, таразы (динамометр, спирометр, тыныс өлшегіш, бой өлшегіш, күштерді анықтауға арналған құрал).

Спортзалға кіретін жерде спорттық бұрыштама жабдықталуы тиіс: «Салауатты өмір салты» стенды, оқу және бағалау нормативтері, Президенттік тестілердің нормативтік талаптары, дене шынықтыру сабақтарында қауіпсіздік техникасы.


Алғашқы әскери даярлық кабинеті жастардың әскери істерді, төтенше жағдайлар құралдары мен төтенше жағдайда қорғау тәсілдеріне себеп болады. Мектепте алғашқы әскери даярлық әскери-патриоттық тәрбиелеумен тығыз байланысты. Алғашқы әскери даярлық пен жастарды әскери-патроиттық тәрбиелеу сапасы көбінесе оқу базасына байланысты.

Оқу базалары: АӘД кабинеті, оқу қарулары мен құралдарын сақтауға арналған темір есік пен сигнал берушімен жабдықталған бөлме, ату тирі, сапта тұру бойынша сабақтарға арналған алаңдар, күндізгі қарауылдың міндеттерін практикалық оқуға арналған орыннан тұрады.

Әскери-патроиттық тәрбиелеуге байланысты іс-шараларды өткізу үшін әрбір оқу орнында әскери құрмет бөлмесі, залы немесе бұрыш жабдықталады.

Кабинет:


  • оқушылар тақтасымен;

  • оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес келетін оқушылық столдармен;

  • техникалық оқыту құралдары: аудиомагнитофон, бейнемагнитофон, телевизор, графопроектор, экрандармен жабдықталады.

Кабинет пен стендті рәсімдеу кезінде қатаң және бірыңғай үлгіні сақтау қажет. Кабинетті рәсімдеу өскелең ұрпақта патриотизм сезіміне себеп болуы тиіс.

Планшеттерде мынадай ақпараттарды көрсету мақсатты болар еді:



  • біздің Президент (Президенттің портреті, оның қысқаша өмірбаяны);

  • Қазақстан Республикасының рәміздері – ту, елтаңба;

  • Қазақстан Республикасының мемлекеттік әнұраны (қазақ тілінде);

  • Қазақстан Республикасы (Республика туралы негізгі мәлімет);

  • Қазақстан Республикасының қорғанысы;

  • Қарулы күштері;

  • Қарулы күштерді Бас қолбасшысы (Президенттің әскери формадағы портреті);

  • Қарулы күштер құрамы;

  • әскери ант (қазақ және орыс тілдерінде);

Стендтар практикалық, сапқа тұру даярлығы, әскери типография, азаматтық қорғаныс бойынша жабдықталады. Кабинетте оқу бағдарламасының барлық бөлімдері бойынша кестелер, планшеттер болуы тиіс. АӘД кабинетін басқа пәндерді оқытуға болмайды.

Күндізгі қарауылдың міндеттерін практикалық оқуға арналған орын кабинеттен шыға берісте немесе кабинетке жақын басқа оқитын жерде жабдықталады және: құжаттамалары бар стенд, кітаптар мен журналдар макетінен, телефон аппаратының макетінен тұрады. Өрт сөндіру құралы (өрт сөндіргіш) күндізгі қарауылдың жанында орналасады.

Ату тирі – арнайы жабдықталған бөлме немесе сол оқу орны орналасқан жердің учаскесі. Ол артта оқ линиясымен, алда – оқ қағарлар және қабырғалармен, қырынан – тирдің аумағынан оқтың ұшып кетуіне кедергі жасайтын қабырға немесе стенд. Тирлер ашық, жартылай жабық, сондай-ақ 25,50 метр және одан да көп (8, 9 , 10-қосымшалар) темір бетон трубалар қолданып, ықшамдалғаны болады. Бұл жерде айналадағылар үшін толық қауіпсіздікті қамтамасыз етіп, ату аумағына адамдар мен жануарлардың кіру мүмкіндіктерінің алдын алу керек. Стендтар атуға даярлық бойынша жабдықталады.
Көп мөлшерде жылу мен шаң шығаратын станоктар мен механизмдері бар мектептің оқу-өндірістік шеберханасы механикалық тартпалы желдеткішпен жабдықталуы тиіс. Мектепте ағаш өңдейтін және металл өңдейтін шеберханалар үшін жеке бөлме беріледі. Көбінесе мектептерде шеберханалар – құрамды.

Құрамды шеберханалар станоктармен жабдықталады:



  • көлденең - фрезерлік НГФ-110-Ш4 1 дана

  • оқу қайрақтары ЭТШ-1 1 дана

  • бұрғылау үстелі 2М 112 2 дана

  • фуговалдық аралау үстелі ФПШ-5м 1 дана

  • токарлық-бұранда кескіш ТВ-5 немесе ТВ-6 3 дана

  • ағаш кесу бойынша токарлық СТД-120М 2 дана

  • электр қайрақ ЭТ-75 1 дана.

Станоктар мен механизмдер санитарлық нормалардың талаптарына жауап беру керек және тиісті қорғау құралдары болуы тиіс.

Шеберханаға металды өңдеу үшін – токарлық, ағаш өндеу үшін – слесарлық, құрамды – құрамды үстелдері орнатылады. Қажетті құрал-жабдықтар мен аспаптар тізбесі пәннің барлық бөлімдері бойынша оқу бағдарламаларын орындауға себеп болуы тиіс.

Кабинетті ресімдеу оқу шеберханасында қауіпсіздік техникасы ережелері бойынша плакаттар сериясынан тұруы тиіс:


  • көрсету материалдары – дайын бұйымдардың үлгісі, бұйым бөлшектерінің үлгілері және т.б.;

  • дидактикалық материал – бағдарламаның барлық тақырыптары бойынша нұсқаулық - технологиялық;

  • тарату материалдары – суреттер, барлық бағдарламалардың тақырыптары бойынша сызбалар.

Мұғалім міндетті түрде кабинетте медициналық қобдишаны ұстау қажет.

Еңбекке қызмет ету кабинеті жабдықталуы тиіс:

  • магниттік үш жармалы сынып тақтасы 1 дана

  • бейнемагнитофон 1 дана

  • сызу құрал-жабдықтары 1сызу құрал-жабдықтарының комплектісі

  • асханалық ыдыс-аяқ 2 жиынтық

  • шай сервизі 1 дана

  • асханалық сервиз 1 дана

  • төрт комфорлы электроплита 1 дана

  • тігін машинкасы әр оқушыға 1 данадан

  • тігін өнімдерін пішуге арналған стол 1дана

  • асхана столы 2 адамға 1 дана

  • салқын және ыстық су жуғышы 1 дана

  • асханалық құрал-жабдықтар 2 жиынтық

Кабинетті жабдықтау еңбекке қызмет көрсетуші кабинетте қауіпсіздік техникасының Ережелері жөніндегі плакаттар сериясынан тұруы тиіс:

  • көрсету материалдары – тамақ өнімдерінің, бірінші, екінші, үшінші тамақ түрлерінің муляждары, тігін өнімдерінің үлгілері, тігін бұйымдары бөлшектерінің үлгілері және т.б.

  • дидактикалық материал –бағдарламаның барлық тақырыптары бойынша нұсқаулық – технологиялық карталар;

  • тарату материалдары – бағдарламаның барлық тақырыптары бойынша суреттер, сызбалар, тамақтардың рецепті;

  • бағдарламаға сәйкес – лабораториялық, практикалық жұмыстар үшін, практикумдар үшін материалдар: тігу үшін маталар, бірінші, екінші және үшінші тамақты даярлауға арналған тамақ өнімдері, тігін бұйымдарының муляжы, үлгілері.

Кабинеттегі жиһаздар – стандартты мектеп үстелі мен орындықтар, мұғалімнің жұмыс үстелі. Мұғалім кабинетте міндетті түрде медициналық қобдишаны ұстау қажет.
Кітапхана бөлмесінде мынадай зоналар анықталған: оқырмандарға арналған орындар, ақпараттық пункт (әдебиеттерді беру және қабылдау), каталогтармен жұмыс істеуге арналған орындар, жабық сақтау қорлары, ТОҚ және телекоммуникация жүйелерімен жеке жұмыс істеуге арналған зона.

Толық ақпараттық – библиографиялық жұмыс үшін қажетті мерзімдік баспалардың тізбесі Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2001 жылғы 3 шілдедегі № 522 бұйрығымен бекітілген. Мектеп кітапханасындағы мерзімдік баспалардың саны 40-тан 100-ге дейін болуын Министрлік ұсынған.

Мектеп кітапханаларының қоры кітаптарды қорғау шарттарын сақтау кезінде барынша пайдаланылуы тиіс. Бұл құжаттарға тез қол жетімділік, санитарлық-гигиеналық нормаларды сақтау, кітапханашылар мен оқырмандарға жайлы жағдай жасау.

Абонемент пен оқу залының алаңы бір оқырманға қажетті нормадан шыға отырып есептелінеді: абонемент – 1,5м². Өртке қарсы қауіпсіздік пен тазалық талаптары стеллажарды мынадай орналастыруды ұйғарады: стеллаждар арасынан өтетін жол – 25 см, стеллаждар арасынан өтетін басты жол – 120 см; столдар: столдар арасында – 75 см, столдардың қасында – 60 см.


Жалпы білім беретін мекеменің медициналық пункті алаңы 18 шаршы метр, ұзындығы 7 метрден кем емес (оқушының тыңдау және көру қабілеттерін анықтау үшін) ем-дом қабылдайтын кабинетте тартпалы шкафпен жабдықталуы тиіс. Медициналық пункт жанында дербес санитарлық желі болуы тиіс. Медициналық қызметкер болмаған жағдайда мектеп әкімшілігі балаларға медициналық қызмет көрсету туралы аумақтық емханамен (СВА, ФАП) келісімге отырады.
«Оқушы үстелі» мен «Оқушы орындығы» МемСТ бойынша жиһаздар көлемі мен оны маркалау

МемСТ бойынша жиһаздардың номерлері 11015-93, 11016-93

Бойлары бойынша топтар (мм)

МемСТ бойынша оқушыға қарасты еден үстіндегі биіктік 11015-93 (мм)

Маркалау түсі

МемСТ бойынша орындықтың алдыңғы шетінен еден үстіндегі биіктік 11016-93 (мм)

1

2

3



4

5

6



1000-1150

1150-1300

1300-1450

1450-1600

1600-1750

1750 жоғары




460

520


580

640


700

760


Қызғылт сары

Күлгін түсті

Сары

Қызыл


Жасыл

Көк


260

300


340

380


420

460



Оқу бөлмесінің мақсатына қарай бір және екі орындық, сызу және зертханалық үстелдерді қолдануға болады.
Жалпы білім беретін мекемелерге қойылатын талаптар


      1. Жалпы білім беретін мекемелердің ғимараттары көліктің жүру арақашықтығы 100-170 метр болатын, квартал аралық өтетін жерден шеттетілген, шағын ауданның квартал аралық аумағында орналасуы тиіс.

      2. Жалпы білім беретін мекемелердің квартал ішіндегі жолдардағы автокөліктердің ара-тұра (тұрақты емес) қозғалысы мектеп аумағының шекарасынан жолға дейін ең кем дегендегі ара қашықтығы 15 метрден 25 метрге дейін болған жағдайда ғана мүмкін болады. .

      3. Квартал ішінде және әсіресе кварталдар арасындағы шығатын жолдарда мектептердің орналасуына жол берілмейді.

      4. Мектептен 3 километр қашықтықта тұратын оқушылар тасымалданады. Село оқушыларын тасымалдауды арнайы мектеп көлігі жүзеге асырады.

      5. Көліктік қызмет көрсетілуі мүмкін болатын қашықтықтан алыста тұратын оқушылар үшін, сондай-ақ көлікке қол жетімділік болмаған жағдайда, күн-райы қолайсыз болған кезде мекеменің жалпы сыйымдылығынан 10 % орын есебінен мектеп жанындағы интернат қарастырылуы тиіс.


Жалпы білім беретін мекемелердің аумақтарына қойылатын талаптар

        1. жалпы білім беретін мекемелер қызыл линияға дейін мекеме ғимаратынан 25 метрден кем емес қашықтықтағы өзінің жер телімі болуы тиіс (2-қосымша).

        2. Жер телімдерінің алаңдары мекеменің сыйымдылығына байланысты және 2.07.01-89 СН және Е сәйкес қабылданады.

        3. Жер телімінің аумағы биіктігі 1.5 метрлік дуалмен қоршалып, жан-жағына гүлдер отырғызылуы тиіс.

        4. Жер телімі аумағының кем дегенде 50 % гүл отырғызылуы тиіс. Аумақты жасылдандыру кезінде улы жемісті жидектер мен ағаштар отырғызуға тыйым салынады.

        5. Жер телімінде мынадай аймақтар бөлінуі тиіс: оқу-тәжірибелік, дене шынықтыру – спорттық, демалыс, географиялық алаң, шаруашылық.

        6. Оқу-тәжірибелік алаң жер телімінің 25 % кем емес алаңын құрау тиіс. Ол қала мектептерінде биология және химия кабинеттерімен органикалық түрде қатысты жер телімдерінде павильондар, жылыжайлар салу есебінен қысқаруы мүмкін.

        7. Дене шынықтыру – спорт зоналары мекеме ғимаратынан 25 метрден кем емес қашықтықта орналасуы тиіс. Оны оқу кабинеттерінің терезе жақтарына қарай орналастыруға жол берілмейді. Спорт зонасын жабдықтау дене шынықтыру бойынша оқу бағдарламаларын орындауды, сондай-ақ спорттық секциялық сабақтар мен сауықтыру іс-шараларын өткізуді қамтамасыз ету қажет. Спорттық - ойын алаңдарына қатты төсеніш, футбол алаңдарына – жасыл шөп төсеніштері төселуі тиіс.

        8. Демалыс зонасы баққа, гүлдерге жақын орналасып, спорттық және шаруашылық зоналарынан шетте орналасуы тиіс. Ол жерде қозғалмалы ойындар мен демалу үшін алаңдар болуы тиіс. Қозғалмалы ойындар мен тыныш демалуға арналған алаңдар ғимаратқа жақын орналасып, оқытудың әр деңгейіндегі оқушылар үшін бөлек болуы тиіс.

        9. Географиялық алаң мектеп географиясының материалдық базасының қажетті құрылымы. Тегіс участкіде алаңы 12х12 метр жерде орналасады. Мектеп ғимаратынан, ағаш, талдардан шетте, полюске қарай бағытталған.

          • биіктікті өлшейтін құрал – бағана;

          • гномон;

          • қашықтық және аудан эталондары;

          • метеорологиялық будка солтүстікке қараған шығатын есігі бар оңтүстік бөлігіне орнатылады;

          • флюгер;

          • жауын-шашын өлшеуіші;

          • көлбеу күн сағаттары.

        10. Шаруашылық аумағы жалпы білім беретін мекеменің ғимараты 35 метрден кем емес қашықтықтағы учаскенің шекарасымен асхананың өндірістік ғимаратында шығатын жағында орналасып, айналасы жасылдандырылып, көшеге шығатын жеке есігі болуы тиіс.

        11. Қоқыс жинағыштың қақпағы қатты тығындалып, жабылуы тиіс. Оларды асханадан 25 метр кем емес қашықтықта бетондалған алаңда орнатылады.

        12. Участкіге кіру және шығу, аула әжетханаларына баратын жол асфальтпен, бетонмен және т.б. қатты төсемдер төселуі тиіс. Мектеп ғимаратына дейінгі кіреберіс 100 метрден кем емес қашықтықтан бастап қатты төсемдермен жабылуы тиіс.

        13. Ғимарат аумағы, кіреберіс жолдары түнде жарық болуы тиіс..


Мектеп ғимаратына қойылатын талаптар


  1. Ғимарат 3-қабаттан жоғары болмауы тиіс. Қалаларда құрылыстардың тығыз орналасу шартында 4-қабатты мектеп салуға рұқсат беріледі. Жалпы білім беру мекемелерін бұрын салынған 4-5 қабатты ғимаратқа орналастыру кезінде төртінші және бесінші қабаттар оқушылардың сирек баратын кабинеттері ретінде берілуі тиіс.

  2. Бөлмелерді жинақтау міндетті оқу пәндерін, сондай-ақ бір, екі-үш пәндерді тереңдетіп оқытуға арналған бағыттар бойынша саралау және олардың қызығушылықтарына сәйкес оқушылардың таңдауы бойынша қосымша пәндерді оқыту үшін жағдай жасау қажет. Оқу сыныптары айқай-шу мен иістердің көзі болып табылатын бөлмеге жақын орналаспауы тиіс.

  3. Кабинеттердің ауданы жалпы жұмыс нысандары мен жеке сабақтарды өткізу кезінде 1 оқушыға арналған 2,5 шаршы метрді ескере отырып, қабылданады.

  4. Ыңғайластырылған ғимараттарға мектептерді орналастыру кезінде ғимараттардың міндетті түрдегі жиынтығы болуы тиіс: оқу сыныптары, дене тәрбиесімен шұғылдануға арналған зал, асхана немесе буфет, медпункт немесе медициналық қамтамасыз етуге арналған бөлме, әкімшілік-шаруашылық бөлмесі, санитарлық желілері, дәліз бен гардероб. Ғимараттың алаңы жалпы білім беретін мекемелердің түрінен, оқушылардың саны мен жасы, сыныптардың саны есебінен аумақтық Мемлекеттік санитарлық қадағалау орталығының келісімі бойынша анықталады.

  5. Оқу бөлмелері мен зертханаларды ғимараттың жертөле қабатында орналастыруға тыйым салынады. Мектептерде гардероб әр сынып үшін жәшіктермен міндетті түрде жабдықталып, 1 қабатта орналасуы тиіс. Гардеробты оқу бөлмелері мен дәліздерді орналастыруға үзілді-кесілді тыйым салынады. Гардеробтар киімдерге арналған киім ілгіштермен және аяқ-киімге арналған жәшіктермен жабдықталуы тиіс.

  6. Әрбір қабатта ұл балалар мен қыз балаларға арналған санитарлық желілер болуы тиіс. Душ, санитарлық желілер, жуынатын бөлмелерге керамикалық плиткалар төселу тиіс. Цемент, мрамор немесе басқа да осыған ұқсас заттарды пайдалануға тыйым салынады.

  7. Селолық мектептерде сыныптардың аз толымдылығы кезінде оқу кабинеттерін 2 пәнге пайдалануға рұқсат беріледі. Мына пәндерді бір-бірімен бірлестіру аса қолайлы болып табылады: химия-биология, математика-биология, математика-сызу, сызу-бейнелеу, тарих-география, әдебиет-шетел тілі.

Өрт қауіпсіздігіне қойылатын жалпы талаптар


      1. Мекеме аумағы үнемі таза болуы тиіс. Жанатын материалдардың қалдықтары, жерге түскен жапырақтар мен құрғақ шөптерді үнемі жинап, мекеме аумағынан шетке шығару керек. Ғимаратқа және сумен қамтамасыз ету желілеріне қараған жолдар, жүретін жерлер және кіре берістер, сондай-ақ өрт сөндіруге арналған керек-жарақтар мен жабдықтар тұратын орындар әрқашанда бос болуы тиіс.

      2. Ғимараттар арасында өртке қарсы үзіктер материалдар мен жабдықтарды жинау, сондай-ақ автокөлік тұрақтары үшін пайдаланбауы тиіс.

      3. Сыныптар, кабинеттер, шеберханалар, жатын бөлмеле мен басқа да бөлмелерде жиһаздар мен жабдықтарды орналастыру адамдарды апатты жағдайда шығаруға және өрт сөндіру құралдарына кедергі келтірмеуі тиіс.

      4. Шатырларда қойма (терезе көсегін сақтаудан басқа), мұражай, кептерхана, шеберхана және т.б. жасауға, жылыту үшін шымтезек, жоңқалар, ағаш үгінділерін пайдалануға тыйым салынады.

      5. Білім беру ұйымдарының ғимараттарында:

        • Қабырғалар мен төбелерді, апатты жағдайда шығатын жолдарды (рекреацияларды, баспалдақ торларын, фойені, вестибюльдерді, дәліздерді және т.б.) жөндеу үшін (сырлау) жанатын материалдарды пайдалануға;

        • Жылыту үшін қолдан жасалған жылыту құрылғыларын қолдануға тыйым салынады.

      6. Ішкі өрт сөндіру крандарына оқтын-оқтын техникалық қызмет көрсетіліп, су жіберу арқылы жұмысқа қабілеттілігі тексерілуі тиіс.

      7. Ішкі су құбырларының өрт сөндіру крандары шкафтарға орналастырылып, пломба салынып, қолғаптармен және ұңғылармен жабдықталуы тиіс.

      8. Өрт сөндіру автоматикасына техникалық қызмет көрсету өрт сөндіру құрылғыларын, өрт және күзет өрт сигнал берушілеріне реттелген техникалық қызмет көрсету бойынша жұмыстарды ұйымдастыру және жүргізу Нұсқаулықтарына сәйкес жүргізілуі тиіс.

      9. Білім беру ұйымдары ғимараттары өрт сөндіру құрылғылары мен өрт сөндіру крандарымен жабдықталғанына қарамастан алғашқы өрт сөндіру құралдарымен жарақтануы тиіс.

      10. Өрт посттары алғашқы өрт сөндіру құралдарымен жабдықталады: сыйымдылығы 10 литр көпіршікті немесе сыйымдылығы 5 литр болатын түйіршікті өрт сөндіргіштер, шелек, балта, қосымша сатылар, сыйымдылығы 0,25м³ суы бар бөшкелер.

      11. Өрт сөндіруге қатысы жоқ шаруашылық және басқа да қажеттер үшін алғашқы өрт сөндіру құралдарын пайдалануға тыйым салынады.

      12. Ғимараттардан апатты жағдайда шығу жолдары жасыл фонда «Шығу» деген ақ бояумен боялған жарық көрсеткіштерімен көрсетілуі тиіс.


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет