Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік Кодексі



бет93/160
Дата06.02.2022
өлшемі294,1 Kb.
#76498
түріКодекс
1   ...   89   90   91   92   93   94   95   96   ...   160
негіздері
1. Мемлекет:
1) мемлекеттің ұлттық қауіпсіздігін, қорғаныс қабілетін немесе қоғам мүдделерін қорғауды қамтамасыз етудің өзге мүмкіндігі болмаған;
2) мемлекеттік меншіктегі стратегиялық объектілер пайдаланылған және күтіп-ұсталған;
3) мемлекеттік монополияға жатқызылған салалардағы қызмет жүзеге асырылған;
4) мемлекеттік саясаттың тиімділігін талдау және оны жетілдіру жөнінде ұсыныстар тұжырымдау үшін құрылатын ұйымдар қызметті жүзеге асырған;
5) тиісті тауар нарығында ұқсас не өзара алмастырылатын тауарды өндіруді және (немесе) өткізуді жүзеге асыратын жеке кәсіпкерлік субъектісі (субъектілері) болмаған;
6) даму институттарын, қаржы ұйымдарын басқару жүйесін оңтайландыру және ұлттық экономиканы дамыту жөніндегі шаралар шеңберінде құрылған ұлттық басқарушы холдингтің құрылған үлестес тұлғалары қызметті жүзеге асырған;
7) осы Кодексте, Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің жарлықтарында немесе Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулыларында тікелей көзделген жағдайларда кәсіпкерлік қызметке қатысады.
Акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу пайызынан астамы мемлекетке тиесілі заңды тұлғалар және олармен үлестес тұлғалар жүзеге асыратын қызмет түрлерінің тізбесін Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.
2. Мемлекеттің кәсіпкерлік қызметке қатысуы:
1) мемлекеттік кәсіпорындар (мемлекеттік кәсіпкерлік) құру;
2) заңды тұлғалардың жарғылық капиталдарына тікелей немесе жанама қатысу арқылы жүзеге асырылады.
3. Осы баптың 1-тармағы бірінші бөлігінің 1), 2), 3), 4) және 5) тармақшаларында көзделген жағдайларды қоспағанда, акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерiнiң) елу пайызынан астамы мемлекетке тиесілі заңды тұлғалар және олармен үлестес тұлғалар тауар нарығында жеке кәсіпкерлік субъектілері ұсынып қойған қызметті жүзеге асыратын еншілес ұйымдарды құруға құқылы емес.
4. Өз қызметін Қазақстан Республикасының аумағында жүзеге асыратын мемлекеттік кәсіпорындарды, акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерiнiң) елу пайызынан астамы мемлекетке тиесілі заңды тұлғаларды және олармен үлестес тұлғаларды құру монополияға қарсы органның келісімімен жүзеге асырылады.
Осы Кодексте белгіленген өлшемшарттарға сәйкес шағын кәсіпкерлік субъектілеріне жататын, акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерiнiң) елу пайызынан астамы мемлекетке тиесілі заңды тұлғаларды және олармен үлестес тұлғаларды құруға, сондай-ақ мемлекеттің оларға қатысуына тыйым салынады.
Өз қызметін Қазақстан Республикасының аумағында жүзеге асыратын мемлекеттік кәсіпорындар, акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу пайызынан астамы мемлекетке тиесілі заңды тұлғалар және олармен үлестес тұлғалар жүзеге асыратын қызмет түрлері кеңейтілген және (немесе) өзгертілген кезде монополияға қарсы органның келісімі қажет.
5. Өз қызметін Қазақстан Республикасының аумағында жүзеге асыратын, акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерiнiң) жиырма бес пайызынан астамы мемлекетке тиесілі заңды тұлғаларды және олармен үлестес тұлғаларды құру жобаның өзін-өзі ақтау мерзімі ескеріле отырып, кейіннен мемлекеттің акциялары (жарғылық капиталға қатысу үлестері) сатыла отырып, жүзеге асырылады.
6. Осы баптың 4-тармағында көзделген жағдайда өз қызметін Қазақстан Республикасының аумағында жүзеге асыратын мемлекеттік кәсіпорынды, акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу пайызынан астамы мемлекетке тиесілі заңды тұлғаны және олармен үлестес тұлғаларды құру туралы шешім қабылдайтын орган монополияға қарсы органға негіздейтін материалдарды ұсына отырып, монополияға қарсы орган белгілеген нысан бойынша мұндай құру туралы өтінішхат ұсынады.
Өтінішхат келіп түскен кезден бастап күнтізбелік алпыс күн ішінде монополияға қарсы орган:
1) өз қызметін Қазақстан Республикасының аумағында жүзеге асыратын мемлекеттік кәсіпорынды, акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу пайызынан астамы мемлекетке тиесілі заңды тұлғаны және онымен үлестес тұлғаны құру болжанатын тауар нарықтарын зерттеп-тексеруге:
2) осы тауар нарықтарындағы бәсекелестіктің даму деңгейі туралы, оның ішінде мемлекеттік кәсіпорынның, акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу пайызынан астамы мемлекетке тиесілі заңды тұлғаның және онымен үлестес тұлғаның осы тауар нарығында болу мерзімі туралы қорытынды дайындауға;
3) өтінішхатты ұсынған органға негізделген шешім жіберуге міндетті.
7. Монополияға қарсы орган, егер мұндай құру бәсекелестікті шектеуге әкелетін болса, өз қызметін Қазақстан Республикасының аумағында жүзеге асыратын мемлекеттік кәсіпорынды, акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу пайызынан астамы мемлекетке тиесілі заңды тұлғаны және онымен үлестес тұлғаны құруға келісім беруден бас тартады.
8. Өз қызметін Қазақстан Республикасының аумағында жүзеге асыратын мемлекеттік кәсіпорындардың, акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу пайызынан астамы мемлекетке тиесілі заңды тұлғалардың және олармен үлестес тұлғалардың монополияға қарсы органның келісімінсіз құрылған, кеңейтілген және (немесе) жүзеге асырылатын қызмет түрлері өзгертілген жағдайда, монополияға қарсы орган көрсетілген әрекеттерге сот тәртібімен шағым жасайды.
9. Осы баптың 4, 5, 6, 7 және 8-тармақтарының талаптары осы баптың 1-тармағы бірінші бөлігінің 5) және 6) тармақшаларында көзделген жағдайларға ғана қолданылады.
193-бап. Мемлекеттік монополия
1. Осы Кодексте көзделген тәртiппен енгiзiлетiн, бәсекелес нарықта қандай да бiр тауарды өндiруге, өткізуге немесе сатып алуға арналған мемлекеттiң айрықша құқығы мемлекеттiк монополия болып табылады.
2. Мемлекет тауарларды бәсекелес нарықта өткізу конституциялық құрылыстың, ұлттық қауіпсіздіктің, қоғамдық тәртіпті, адамның құқықтары мен бостандықтарын қорғаудың, халықтың денсаулығын сақтаудың жай-күйіне теріс ықпал етуі мүмкін қызмет салаларында тауарды өндіруге және (немесе) сатуға, сатып алуға немесе оларды пайдалануға мемлекеттің айрықша құқығын заңмен бекіту жолымен бәсекелестікті шектеуге құқылы.
РҚАО-ның ескертпесі!
3-тармақтың қолданысқа енгізілу тәртібін ҚР 29.10.2015 N 375-V Кодексімен 324-бабының 12-тармағынан қараңыз.
3. Айрықша құқықты іске асыру мемлекеттік монополия субъектісін құру жолымен жүзеге асырылады. «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясын, Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорын қоспағанда, Қазақстан Республикасының Үкіметі не Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдары құрған мемлекеттік кәсіпорын ғана мемлекеттік монополия субъектісі бола алады.
4. Мемлекеттік монополия субъектісіне:
1) технологиялық тұрғыдан тауарларды өндірумен байланысты қызметті қоспағанда, мемлекеттік монополия саласына жатпайтын тауарлар өндіруге;
2) заңды тұлғалардың акцияларын (жарғылық капиталға қатысу үлестерін) иеленуге, сондай-ақ олардың қызметіне өзгеше түрде қатысуға;
3) мемлекеттік монополияға байланысты құқықтарды басқаға қайтадан беруге;
4) өздері өндіретін немесе өткізетін тауарларға Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес белгіленетін бағалардан ерекшеленетiн баға белгiлеуге тыйым салынады.
РҚАО-ның ескертпесі!
4-тармақтың екінші бөлігінің қолданысқа енгізілу тәртібін ҚР 29.10.2015 N 375-V Кодексінің 324-бабының 13-тармағынан қараңыз.
Осы тармақтың бірінші бөлігінің 1) және 2) тармақшаларында көзделген шектеулер «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясына және Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына қолданылмайды.
Дүлей зілзала, эпидемия, эпизоотия кезінде, сондай-ақ негізгі қызметін одан әрі жалғастыруға кедергі келтіретін шектеулер болған кезде мемлекеттік монополия субъектісіне Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімімен негізгі қызметін қайтадан жүргізгенге дейінгі кезеңге технологиялық тұрғыдан негізгі қызметіне жақын өзге де қызмет түрлерін жүзеге асыру құқығы беріледі.
5. Мемлекеттік монополия субъектілерінің қызметін мемлекеттік реттеу Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жүзеге асырылады.
6. Мемлекеттiк монополия субъектiлерiнiң осы баптың 4-тармағында белгiленген шектеулердi сақтауын бақылауды осы Кодекске сәйкес монополияға қарсы орган жүзеге асырады.
7. Мемлекеттік монополия енгізілген кезде мынадай шарттар сақталады:
1) нарық субъектілері осы шешім туралы ол қолданысқа енгізілуден кемінде алты ай бұрын хабардар етілуге тиіс;
2) мемлекеттік монополия күшіне енгізілгеннен кейін алты ай мерзім бойы осы тауарды өндірумен, сатумен айналысқан немесе пайдаланған нарық субъектілері, орындалу мерзімі жоғарыда көрсетілген мерзімнен асатын мәмілелер жасауды қоспағанда, осы тауарды өткізуді жүзеге асыруға құқылы;
3) Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес нарық субъектілеріне мемлекеттік монополияны енгізу нәтижесінде келтірілген нұқсан өтеледі.
8. Осы баптың ережелері бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының қызметіне қолданылмайды.
18-тарау. БӘСЕКЕЛЕСТІКТІ ҚОРҒАУ
194-бап. Мемлекеттiк органдардың, жергілікті атқарушы


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   89   90   91   92   93   94   95   96   ...   160




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет