Т.Қ.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы
Н.Жақыпбай шеберханасы,музыкалық театр артисі,2-курс
Пән: Құқық негіздері
Орындаған:Жарылкасынова Анель Максатовна
Қабылдаған: Жумагулов М.О.
Тапсырма:
1 тапсырма. Ұсынылған әдебиеттерді пысықтау, конспекті дайындау және сауалнамаға дайындалу.
2 тапсырма. Конституциялық құрылыстың әмбебап және негізгі қалаушы принциптерін ҚР Конституциясы бойынша анықтау және жазу.
3 тапсырма. Қазақстандағы құқықтық мемлекеттілік принциптерін Конституциялық бекіту кестесін құру (1995 ж.ҚР Конституциясынан мақалалар жазыңыз.):
Құқықтық мемлекеттің принципі
|
ҚР Конституциясы (мақала)
|
Азаматтық қоғам
|
|
Адам құқықтары мен бостандықтарының басымдығы
|
|
Билікті бөлу
|
|
Құқық пен заңның үстемдігі
|
|
Ұлттық құқық нормаларының халықаралық құқық нормаларына сәйкестігі
|
|
Мемлекеттік егемендік
|
|
Жауап:
2. Қазақстан Республикасының Конституциясы — Қазақстан Республикасының Ата Заңы. Ағымдағы Конституция 1995 жылы 30 тамыз күні жалпыхалықтық Референдум негізінде қабылданды және 5 қыркүйек күні өз күшіне енді. Конституция 9 тараудан, 98 баптан тұрады.Конституция мемлекеттік құрылыстың құқықтық негізін қалыптастырушы құжат болып табылады. Ол мемлекеттілік тетік, қоғамдық, саяси институттар ретінде қызметтің негізі боларлық принциптерін орнықтырды, адам мен азаматтың конституциялық мәртебесін белгіледі, экономикалық құрылыстың негіздерін айқындады. Бұл тәуелсіз Қазақстанның қабылдаған екінші конституциясы. Алдыңғы конституция 1993 жылы 28 қаңтарда қабылданған болатын.
3.
Мемлекеттік егемендік
Егемендік - мемлекеттің сыртқы саясатта толық тәуелсіз болуы және елдің ішкі саясатында мемлекеттік биліктің бәрінен жоғары тұруы. "Егемендік" ұғымын алғаш рет XVI ғасырда француз ғалымы Жан Боден қолданды. Бұл ұғым қоғам дамуының әр кезеңінде әр түрлі мәнге ие болды. Қазіргі кезде мемлекеттік биліктің үстемдігі мен тәуелсіздігі егемендіктің саяси құқықтық мәнін білдіреді және ішкі-сыртқы саясатта көрініс табады. 1990 жылы 25 қазанда Қазақстан өзінің егемендігін жариялады. "Қазақ КСР-нің мемлекеттік егемендігі туралы декларациясы" Қазақстанның тәуелсіздігін бекітуге жасалған алғашқы қадам болды. Онда елдің саяси-құқықтық тәуелсіздігінің бағдарламасы жасалды. Осы бағдарлама негізіңде 1991 жылы 16 желтоқсанда "Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы" Конституциялық заң қабылданды. Мемлекеттік егемендік туралы декларация - 1990 ж. 25 қазанда Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің қаулысы бойынша қабылданған тарихи құжат.Декларацияда Қазақ КСР-інің мемлекеттік егемендігі жарияланып, елдің саяси-құқықтық тәуелсіздігінің бағдарламасы баяндалды. Ел аумағының тұтастығы, оған қол сұғылмайтындығы, қазақ халқының және Қазақстандағы басқа да этнос өкілдерінің төл мәдениетін, дәстүрін, тілін қайта түлету мен дамыту, ұлттық қадір-қасиетті нығайту мемлекеттің аса маңызды міндеттерінің бірі ретінде айтылды. Конституциялық құрылысқа қарсы жасалатын кез келген күштеу әрекеттері, оның аумағының тұтастығын бұзуға шақыратын, ұлт араздығын қоздыратын жария-ұрандардың заң бойынша жазаланатыны ескертілді. Республиканың саяси, экономикалық, әлеуметтік, ұлттық-мәдени құрылысына, оның әкімшілік-аумақтық құрылысына байланысты мәселелер ешкімнің араласуынсыз дербес шешілетіні жарияланды.Президент - Республиканың басшысы, ең жоғарғы әкімшілік-атқарушылық биліктің иесі ретінде танылды. Жер, оның қойнауы, су, әуе кеңістігі, өсімдіктер мен хайуанаттар дүниесі, басқа да табиғи ресурстар, халықтың мәдени және тарихи қазыналары, бүкіл экономикалық, ғылыми-техникалық әлеует Республика егемендігінің негізін құрай отырып, оның ерекше меншігінде болатыны көрсетілді.Декларацияда: "Қазақ КСР-і Республика үлесіне сәйкес жалпыодақтық мүліктегі, оның ішінде алмас, валюта қорлары мен алтын қорындағы өз үлесіне құқылы, республика аумағында ядролық қарудың сыналуына, жаппай қырып-жоятын қарудың өзге түрлері (хим., бактериолог., биолог., т.б.) үшін сынақ полигондарын салуға және олардың жұмыс істеуіне тыйым салынады" деп жазылды. "Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі мен Президентке бағынатын, солардың бақылауында болатын өз ішкі әскерлерін, мемлекеттік қауіпсіздік және ішкі істер органдарын ұстауға Қазақ КСР-нің құқы бар" делінді.Декларациядағы бағдарлама негізінде 1991 ж. 16 желтоқсанда "Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Тәуелсіздігі туралы" Конституциялық Заң қабылданды.
Достарыңызбен бөлісу: |