Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік Кодексі


-бап. Бақылау жүзеге асырылатын кәсіпкерлік



Pdf көрінісі
бет118/289
Дата26.12.2021
өлшемі0,98 Mb.
#105929
түріКодекс
1   ...   114   115   116   117   118   119   120   121   ...   289
Байланысты:
KAZ108188 KZN
в поисках идеала
138-бап. Бақылау жүзеге асырылатын кәсіпкерлік
 
               субъектілері қызметінің салалары
 
      Бақылау:
 
      1) электр энергетикасы саласында;
 
      2) энергия үнемдеу және энергия тиiмдiлiгiн арттыру саласында;
 
      3) жер қойнауын пайдалану саласындағы келiсiмшарттар талаптарын орындаудың 
сақталуына;
 
      4) жер қойнауын зерттеу және пайдалану саласында;
 
      5) газ және газбен жабдықтау саласында;
 
      6) халықтың радиациялық қауiпсiздiгi саласында;
 
      7) мұнай операцияларын жүргiзу саласында;
 
      8) мұнай өнiмдерiнiң жекелеген түрлерiн өндiруге және олардың айналымына;
 
      9) атом энергиясы саласында;
 
      10) автомобиль көлiгi саласында;
 
      11) темiржол көлiгi саласында;
 
      12) Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасы арқылы өткiзу пункттерiнде 
көлiк құралдарының иелерi мен тасымалдаушының жолаушылар алдындағы азаматтық-құқықтық 
жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру саласында;
 
      13) көлiк саласында;
 
      14) сауда мақсатында теңiзде жүзу саласында;
 
      15) iшкi су көлiгi саласында;
 
      16) өнiмдi тиеп-жөнелту алдындағы кезеңге және (немесе) оның түпкiлiктi 
пайдаланылуына экспорттық бақылау саласында;
 
      17) техникалық реттеу саласында;
 
      18) Қазақстан Республикасының сәйкестiктi бағалау саласындағы аккредиттеу 
туралы заңнамасының сақталуына;
 
      19) метрология саласында;
 
      20) тұрғын үй қорын басқару саласында;
 
      21) асыл тұқымды мал шаруашылығы және бал ара шаруашылығы саласында;
 
      22) жануарлар дүниесiн қорғау, молайту және пайдалану саласында;
 
      23) тұқым шаруашылығы саласында;
 
      24) астық нарығын реттеу саласында;
 
      25) орман қорын күзету, қорғау, пайдалану, ормандарды молықтыру мен орман өсiру 
саласында;
 
      26) Қазақстан Республикасының су қорын пайдалану және қорғау, бөгеттердің 
қауіпсіздігі саласында;
 
      27) өсiмдiк шаруашылығындағы мiндеттi сақтандыру саласында;
 
      28) ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласында;
 
      29) мақтаның қауiпсiздiгi және сапасы саласында;
 
      30) жердi пайдалану мен қорғауға;
 
      31) геодезиялық және картографиялық қызметке;
 
      32) қоршаған ортаны қорғау, табиғи ресурстарды молықтыру және пайдалану саласында;
 
      33) қалдықтармен жұмыс істеуге;
 
      34) мiндеттi экологиялық сақтандыруға;
 


      35) азаматтық қорғаныс саласында;
 
      36) өрт қауiпсiздiгi саласында;
 
       37) қызметi үшiншi тұлғаларға зиян келтiру қаупiмен байланысты объектiлер 
иелерiнiң азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру саласында; 
 
      38) дәрiлiк заттар, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техника 
айналысы саласында;
 
      39) көрсетiлетiн медициналық және арнаулы әлеуметтiк қызметтердiң сапасына;
 
      40) халыққа инфекциялық ауруларға қарсы профилактикалық егулердiң ұйымдастырылуына 
және жүргізілуіне;
 
      41) инфекциялық аурулардың профилактикасы жөнiндегi iс-шаралардың ұйымдастырылуына 
және өткiзiлуiне;
 
      42) бiлiм беру жүйесiне;
 
      43) Қазақстан Республикасының Ұлттық мұрағат қоры және мұрағаттар 
туралы заңнамасының сақталуына;
 
      44) Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының сақталуына;
 
      45) қызметкер еңбек (қызметтік) мiндеттерiн атқарған кезде оны жазатайым 
оқиғалардан мiндеттi сақтандыру саласында;
 
      46) халықты жұмыспен қамту саласында;
 
      47) мүгедектердi әлеуметтiк қорғау саласында;
 
      48) арнаулы әлеуметтiк қызметтер ұсыну саласында;
 
      49) Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдары туралы заңнамасының 
сақталуына;
 
      50) Қазақстан Республикасының телерадио хабарларын тарату туралы заңнамасының 
сақталуына;
 
      51) байланыс саласында;
 
      52) ақпараттандыру саласында;
 
      53) Қазақстан Республикасының электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба 
туралы заңнамасының сақталуына;
 
      
РҚАО-ның ескертпесі!
 
      54) тармақшаның қолданысқа енгізілу тәртібін ҚР 29.10.2015 N 375-V Кодексінің 324-
бабының 
11-тармағынан
 қараңыз.
 
      54) салықтардың және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердiң түсуiне, 
сондай-ақ бiрыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына мiндеттi зейнетақы жарналарының, мiндеттi 
кәсiптiк зейнетақы жарналарының және Мемлекеттiк әлеуметтiк сақтандыру қорына әлеуметтiк 
аударымдардың, Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына міндетті әлеуметтік медициналық 
сақтандырудың аударымдары мен жарналарының толық және уақтылы аударылуына;
 
      55) Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген құзыретi шегiнде салықтық 
емес төлемдердің түсуiне;
 
      56) трансферттiк бағаларды қолдану кезiнде;
 
      57) Қазақстан Республикасының қылмыстық жолмен алынған кiрiстердi заңдастыруға 
(жылыстатуға) және терроризмдi қаржыландыруға қарсы iс-қимыл туралы заңнамасының 
сақталуына;
 
      58) валюталық операцияларды және валюталық құндылықтарды пайдалануға байланысты 
қызметтiң жүзеге асырылуына;
 
      59) қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарына;
 
      60) микроқаржы ұйымдарының қызметiне;
 
      61) ақша төлемдері және аударымы, вексель айналысы мәселелерi бойынша Қазақстан 
Республикасы заңнамасының және Қазақстан Республикасы валюта заңнамасының сақталуына;
 
      62) экономикалық шоғырлануға;
 
       63) бәсекелестікті қорғау саласында; 
 
       64) авторлық құқық және сабақтас құқықтар, өнеркәсіптік меншік, селекциялық 


жетістіктер, интегралдық микросхемалар топологиясы объектілерін пайдалануға; 
 
      65) нормативтік құқықтық актілердің ресми мәтіндерін кейіннен жариялау саласында;
 
       66) бағалау қызметi саласында; 
 
      67) табиғи монополиялар салаларында;
 
      
РҚАО-ның ескертпесі!
 
      68) тармақша 01.01.2017 дейін қолданыста болады - ҚР 29.10.2015 
N 375-V
 
Кодексімен.
 
      68) реттелетiн нарық субъектiлерiнiң Қазақстан Республикасының табиғи монополиялар 
және реттелетiн нарықтар туралы заңнамасында белгiленген мiндеттердi сақтауына;
 
      69) Қазақстан Республикасының мемлекеттiк сатып алу туралы заңнамасының 
сақталуына;
 
      70) жол жүрiсi қауiпсiздiгiнiң қамтамасыз етiлуiне;
 
      71) азаматтық және қызметтiк қару мен оның патрондарының, азаматтық пиротехникалық 
заттар мен олар қолданыла отырып жасалған бұйымдардың айналымы саласында жұмыс істейтін 
жеке және заңды тұлғалардың қызметiне;
 
      72) жарылғыш және улы заттарды, радиоактивтi материалдар мен заттарды қолдану мен 
олардың жұмыс iстеуiнiң белгiленген қағидаларының сақталуына;
 
      73) шетелдiк жұмыс күшiн тарту қағидаларының сақталуына;
 
      74) күзет қызметiне;
 
      75) күзет дабылы құралдарын монтаждау, баптау және оларға техникалық қызмет 
көрсету жөнiндегi қызметке;
 
      76) Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерi, басқа да әскерлерi мен әскери 
құралымдары, сондай-ақ арнаулы мемлекеттiк органдар күзететiн Қазақстан Республикасының 
объектiлерiн қоспағанда, террористiк тұрғыдан осал объектiлердiң терроризмге қарсы 
қорғалу жағдайына және олардың басшыларының Қазақстан Республикасының терроризмге қарсы 
iс-қимыл туралы заңнамасында көзделген талаптарды орындауына;
 
      77) жеке күзет ұйымында басшы және күзетшi лауазымдарын атқаратын жұмыскерлерді 
даярлау және олардың бiлiктiлiгiн арттыру жөнiндегi мамандандырылған оқу орталықтарының 
қызметiне;
 
      78) есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорлардың айналымына;
 
      79) көлiк құралдарының иелерi мен тасымалдаушының жолаушылар алдындағы азаматтық-
құқықтық жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру саласында;
 
      80) Қазақстан Республикасының туристiк қызмет туралы заңнамасының сақталуына;
 
       81) аудиторлық қызмет және кәсiптiк аудиторлық ұйымдар қызметi саласында; 
 
      82) Қазақстан Республикасының ойын бизнесi туралы заңнамасының сақталуына; 
 
      83) Қазақстан Республикасының тауар биржалары туралы заңнамасының сақталуына;
 
      84) Қазақстан Республикасының дене шынықтыру және спорт саласындағы заңнамасының 
орындалуына;
 
      85) спорт объектiлерін пайдалану, оларға техникалық қызмет көрсету жөнiндегi 
стандарттардың, қағидалар мен нормалардың сақталуы нысанасына;
 
      86) спортта допингке қарсы iс-шаралардың жүргiзiлуiне;
 
      87) бухгалтерлiк есеп және қаржылық есептiлiк саласында;
 
      88) өңiрлiк қаржы орталығына қатысушылардың Қазақстан Республикасының еңбек 
заңнамасы саласындағы қызметiне;
 
      89) тарихи-мәдени мұра объектiлерiнiң қорғалуы мен пайдаланылуына;
 
      90) биоотын айналымы саласында;
 
      91) биоотын өндiру саласында;
 
      92) Қазақстан Республикасының сауда қызметiн реттеу туралы заңнамасының 
сақталуына;
 
      93) ғарыш қызметi саласында;
 
      94) Қазақстан Республикасының арнайы экономикалық аймақтар туралы заңнамасының 


сақталуына;
 
      95) Қазақстан Республикасының жарнама туралы заңнамасының сақталуына;
 
      96) сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласында;
 
      97) ветеринария саласында;
 
      98) өсiмдiктердi қорғау және олардың карантинi саласында;
 
      99) Қазақстан Республикасының магистральдық құбыр туралы заңнамасының сақталуына;
 
      100) автомобиль жолдары саласында;
 
      101) баланың құқықтарын қорғау саласында;
 
      102) этил спиртi мен алкоголь өнiмiнiң өндiрiлуi және айналымы саласында;
 
      103) темекi өнiмдерiнiң өндiрiлуi және айналымы саласында;
 
      104) рұқсаттық бақылау саласында;
 
      105) улардың, қару-жарақтың, әскери техниканың және жекелеген қару түрлерiнiң, 
жарылғыш және пиротехникалық заттар мен олар қолданыла отырып жасалған бұйымдардың 
айналымы саласында;
 
      106) өнеркәсiп саласында;
 
      107) ұйымдардың, әскери мiндеттiлердiң және әскерге шақырылушылардың әскери 
мiндеттiлер мен әскерге шақырылушыларды әскери есепке алу қағидаларының сақталуына;
 
      108) деректемелер мен көрнекi ақпаратты орналастыру бөлiгiнде Қазақстан 
Республикасының тiл туралы заңнамасының сақталуына;
 
      109) кәсіпкерлік субъектілерін қолдау және қорғау саласында;
 
      110) мемлекеттік статистика саласында;
 
      
РҚАО-ның ескертпесі!
 
      111) тармақша органикалық өнім өндіру туралы заңнамалық акт қолданысқа 
енгізілгеннен кейін қолданысқа енгізіледі - ҚР 29.10.2015 
N 375-V
 Кодексімен.
 
      111) органикалық өнім өндіру саласында;
 
      112) қалалар мен елдi мекендердiң аумақтарын абаттандыру қағидаларының сақталуына 
жүзеге асырылады.
 
      
РҚАО-ның ескертпесі!
 
      138-бапты 113) тармақшамен толықтыру көзделген - ҚР 14.01.2016 
№ 445-V
 Заңымен 
(алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң 
қолданысқа
 енгізіледі).
 
      114) Қазақстан Республикасының лотерея және лотерея қызметі туралы заңнамасының 
сақталуына жүзеге асырылады.
 
      
Ескерту. 138-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 09.04.2016 
№ 496-V
 Заңымен (алғашқы 
ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
 
      


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   114   115   116   117   118   119   120   121   ...   289




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет