Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік Кодексі


-бап. Сараптама (талдау, сынақтан өткiзу) үшiн өнiм



Pdf көрінісі
бет129/289
Дата26.12.2021
өлшемі0,98 Mb.
#105929
түріКодекс
1   ...   125   126   127   128   129   130   131   132   ...   289
Байланысты:
KAZ108188 KZN
в поисках идеала
149-бап. Сараптама (талдау, сынақтан өткiзу) үшiн өнiм
 
               үлгiлерiн iрiктеу тәртiбi
 
      1. Бақылау және қадағалау жүргiзу үшiн өнiм үлгiлерiн iрiктеу, оның iшiнде iрiктеп 
алынатын үлгiлердiң саны Қазақстан Республикасы нормативтiк құқықтық актiлерінiң және 
нормативтiк құжаттарының өнiмге және өнiмдердi сынақтан өткiзу әдiстерiне қойылатын 
талаптарына сәйкес айқындалады.
 
      2. Өнiм үлгiлерiн iрiктеудi бақылау және қадағалау органының лауазымды адамы 
тексерiлетiн субъекті басшысының немесе өкiлiнiң және тексерiлетiн субъектiнiң уәкiлеттi 
адамының қатысуымен жүргiзедi және өнiм үлгiлерiн iрiктеу актiсiмен куәландырылады.
 
      Ірiктеп алынған өнiм үлгiлерi жинақталған, буып-түйiлген және пломбыланған (мөр 
басылған) болуға тиiс.
 
      3. Өнiм үлгiлерiн iрiктеу актiсi үш данада жасалады. Актiнiң барлық даналарына 
өнiм үлгiлерiн iрiктеп алған лауазымды адам және тексерiлетiн субъектiнiң басшысы не 
өкiлi қол қояды.
 
      Iрiктеу актiсiнiң бiр данасы жолдамамен және тиiстi түрде iрiктеп алынған өнiм 
үлгiлерiмен бiрге сараптама жүргізу (талдау, сынақтан өткiзу) үшiн Қазақстан 
Республикасының заңнамасымен уәкiлеттiк берiлген ұйымға жiберiледi.
 
      Өнiмнің үлгiлерiн iрiктеу актiсiнiң екiншi данасы тексерiлетiн субъектiде қалады.
 
      Өнiм үлгiлерiн iрiктеу актiсiнiң үшiншi данасы өнiм үлгiлерiн iрiктеудi жүзеге 
асырған бақылау және қадағалау органының лауазымды адамында сақталады.
 
      4. Iрiктеп алынған өнiм үлгiлерiн сақтау және тасымалдау шарттары осы үлгiлердiң 
сараптамасы (талдау, сынақ) жүргізілетін өлшемдерді өзгертпеуге тиiс.
 
      Сараптама (талдау, сынақтан өткiзу) үшiн өнiм үлгiлерiн iрiктеп алатын бақылау 
және қадағалау органының лауазымды адамы олардың сақталуын және сараптаманы (талдауды, 
сынақты) жүзеге асыру орнына уақтылы жеткiзiлуiн қамтамасыз етедi.
 
      5. Өнiм үлгiлерiн iрiктеумен байланысты шығыстар бюджет қаражаты есебiнен 
қаржыландырылады.
 
      6. Сараптама нәтижелерiмен тексерiлетiн субъектiнiң осы Кодекстің 132-бабының 2-
тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген мiндеттi талаптарды 
бұзу фактiсi расталған жағдайда, ол Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген 
тәртiппен сараптама жүргiзу жөнiндегi шығыстарды өтеуге мiндеттi.
 
      7. Тексерiлетiн субъект өзiнде қалған үлгiге Қазақстан Республикасының заңнамасына 
сәйкес сараптама (талдау, сынақ) жүргiзуге уәкiлеттiк берілген ұйымда өз бастамасы 
бойынша сараптама (талдау, сынақ) жүргiзе алады.
 
       Бақылау және қадағалау органы және тексерiлетiн субъект жүргiзген сараптама 
(талдау, сынақ) нәтижелерiнiң алшақтықтары туралы дау сот тәртiбiмен шешiледi. 
 
      


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   125   126   127   128   129   130   131   132   ...   289




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет