Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік Кодексі


-бап. Мемлекеттiк органдардың лауазымды адамдарының



Pdf көрінісі
бет134/289
Дата26.12.2021
өлшемі0,98 Mb.
#105929
түріКодекс
1   ...   130   131   132   133   134   135   136   137   ...   289
Байланысты:
KAZ108188 KZN
в поисках идеала
      154-бап. Мемлекеттiк органдардың лауазымды адамдарының
 
               бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру
 
               кезiндегi құқықтары мен мiндеттерi
 
      1. Мемлекеттiк органдардың лауазымды адамдарының тексерiлетiн субъектiлерге 
бақылау және қадағалау жүргiзу кезiнде:
 
      1) осы Кодекстің 147-бабының 3-тармағында көрсетiлген құжаттарды көрсеткен кезде 
тексерiлетiн объектiнiң аумағына және үй-жайына кедергiсiз кiруге;
 
      2) қағаз және электрондық жеткiзгiштердегi құжаттарды (мәлiметтердi) не олардың 
көшiрмелерiн тексеру нәтижелерi туралы актiге қоса тіркеу үшiн алуға, сондай-ақ 
тексерудiң мiндеттерi мен нысанасына сәйкес автоматтандырылған дерекқорға (ақпараттық 
жүйелерге) қол жеткiзуге;
 
      3) мемлекеттiк органдардың және ведомстволық бағынысты ұйымдардың мамандарын, 
консультанттарын және сарапшыларын тартуға құқығы бар.
 
      2. Бақылау және қадағалау органдарының тексерудi жүзеге асыратын лауазымды 
адамдарына тексеру нысанасына жатпайтын талаптар қоюға және өтiнiш жасауға тыйым 
салынады.
 
      3. Бақылау және қадағалау органдарының лауазымды адамдары бақылау және қадағалау 
жүргiзу кезiнде:
 
      1) Қазақстан Республикасының заңнамасын, тексерiлетiн субъектiлердiң құқықтары мен 
заңды мүдделерiн сақтауға;
 
      2) тексерудi осы Кодексте және (немесе) Қазақстан Республикасының өзге де 
заңдарында белгiленген негiзде және тәртiппен қатаң сәйкестiкте жүргiзуге;
 
      3) тексерiлетiн субъектiлердiң белгiленген жұмыс режимiне тексеру жүргiзу 
кезеңiнде кедергi келтірмеуге;
 
      4) осы Кодекстің 132-бабының 2-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының 
заңнамасында белгiленген талаптарды бұзушылықтардың алдын алу, анықтау және жолын кесу 
бойынша Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес берiлген өкiлеттiктердi уақтылы және 
толық көлемде орындауға;
 
      5) тексеру жүргiзу кезiнде тексерiлетiн субъектiнiң қатысуына кедергi келтiрмеуге, 
тексеру нысанасына жатқызылған мәселелер бойынша түсiнiктер беруге;
 
      6) тексерiлетiн субъектiге тексеру жүргiзу кезiнде оның нысанасына қатысты қажеттi 
ақпарат беруге;
 
      7) тексеру аяқталған күнi не «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi туралы» 
Қазақстан Республикасының Заңында белгiленген тәртiппен және мерзiмдерде жүргiзiлген 
тексерудiң нәтижелерi туралы актiнi тексерiлетiн субъектiге тапсыруға;
 
      8) тексеру жүргiзу нәтижесiнде алынған құжаттардың және мәлiметтердiң сақталуын 
қамтамасыз етуге мiндеттi.
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   130   131   132   133   134   135   136   137   ...   289




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет