1) өзi тұрған елдiң заңнамасына сәйкес, өзінің заңды мәртебесiн растайтын, шыққан
елiнің сауда тiзiлiмiнен немесе өзге де балама құжаттан нотариат куәландырған үзiндi
көшiрмені;
2) егер шетелдiк заңды тұлғаның Қазақстан Республикасында тiркелген филиалы немесе
өкiлдiгi болса, филиалды немесе өкiлдiктi есептiк тiркеу туралы мәлiметтерді және филиал
немесе өкiлдiк туралы ереженiң көшiрмесiн;
3) егер шетелдiк заңды тұлғаның немесе шетелдік қатысатын нарық субъектiсiнiң –
сатып алушының Қазақстан Республикасында филиалы немесе өкiлдiгi болса, филиалдың немесе
өкiлдiктiң Қазақстан Республикасында өндiретiн және (немесе) өткiзетiн тауарларының
түрлерi тiзбеленген ақпаратты ұсынады.
5. Осы Кодекстің 200-бабының 3-тармағында көзделген жағдайда экономикалық
шоғырлануға келісім беру туралы өтінішхатты тиісті құқықтарды иемденетін тұлға осы
Кодекстің 207-бабында көзделген құжаттар мен мәліметтердің тізбесін ұсына отырып береді.
6. Егер қосымша мәлiметтердiң және (немесе) құжаттардың болмауы өтінішхатты
қарауға кедергi келтiретiн болса, монополияға қарсы орган оларды нарық субъектісінен
және (немесе) мемлекеттiк органдардан сұратуға құқылы.
Монополияға қарсы орган ақпаратты және (немесе) құжаттарды беру үшiн белгiлейтiн
мерзiм күнтiзбелiк он күннен кем болмауға тиiс.
Достарыңызбен бөлісу: