2) бiржақты тәртiппен мерзiмiнен бұрын тоқтатылуы мүмкiн.
3. Инвестор инвестициялық келісімшарт бойынша міндеттемелерді орындамаған не
тиісінше орындамаған кезде инвестициялар жөніндегі
уәкілетті орган инвесторға
инвестициялық келісімшартқа өзгерістер енгізу үшін инвестициялық
жобаның одан әрі іске
асырылу мүмкіндіктерін негіздейтін құжаттарды ұсыну қажеттігі туралы хат жібереді.
Егер хатты алған кезден бастап үш ай ішінде инвестор құжаттарды ұсынбаған
жағдайда, инвестициялар жөніндегі уәкілетті орган инвесторға хабарлама жіберілген кезден
бастап екі ай өткен соң инвестициялық келісімшарттың қолданылуы біржақты
тәртіппен
мерзімінен бұрын тоқтатылатыны туралы хабарлама жібереді.
Инвестициялық келісімшарт бұзылған жағдайда, аталған заңды тұлға инвестициялық
келісімшарт бойынша берілген инвестициялық преференциялардың
нәтижесінде бюджетке
төленбеген салықтар мен кедендік баждар сомаларын төлейді.
4. Инвестициялық келiсiмшарт жасасқан Қазақстан Республикасы заңды тұлғасының
бастамасы бойынша инвестициялық келiсiмшарт бiржақты тәртiппен мерзiмiнен бұрын
тоқтатылған кезде аталған заңды тұлға инвестициялық келiсiмшарт бойынша
берiлген
инвестициялық преференциялар нәтижесінде төленбеген салықтар
мен кедендік баждар
сомаларын төлейдi.
5. Инвестициялық келiсiмшарт тараптардың келiсуi бойынша мерзiмiнен бұрын
тоқтатылған кезде инвестициялық келiсiмшарт жасасқан Қазақстан Республикасының заңды
тұлғасы инвестициялық келiсiмшарт бойынша берiлген инвестициялық преференциялар
нәтижесінде төленбеген салықтар мен кедендік баждар сомаларын төлейдi.
6. Инвестициялық келiсiмшарт мерзiмiнен бұрын тоқтатылған кезде инвестициялық
келiсiмшарт жасасқан Қазақстан Республикасының заңды тұлғасы
өзiне мемлекеттiк заттай
грант ретiнде берiлген мүлiктi заттай не инвестициялық келiсiмшарттың
талаптарына сәйкес
оның берiлген күнгi бастапқы құнын қайтарады.
7. Мемлекеттiк заттай грантты қайтаруды инвестициялық келiсiмшарт жасасқан
Қазақстан Республикасының заңды тұлғасы инвестициялар жөніндегі уәкiлеттi органның
инвестициялық келiсiмшартты мерзiмiнен бұрын тоқтату туралы
шешiмі қабылданғаннан кейiн
күнтiзбелiк отыз күн iшiнде жүзеге асырады.
Достарыңызбен бөлісу: