Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік Кодексі


-бап. Мемлекеттік бақылау



Pdf көрінісі
бет114/289
Дата26.12.2021
өлшемі0,98 Mb.
#105929
түріКодекс
1   ...   110   111   112   113   114   115   116   117   ...   289
Байланысты:
KAZ108188 KZN

      134-бап. Мемлекеттік бақылау
 
      1. Бақылау және қадағалау органының тексерiлетiн субъектiлер қызметiнiң Қазақстан 
Республикасының заңнамасында белгiленген талаптарға сәйкестiгi тұрғысынан тексеру және 
байқау жөнiндегi қызметi мемлекеттiк бақылау (бұдан әрi – бақылау) болып табылады, оны 
жүзеге асыру барысында және оның нәтижелерi бойынша жедел ден қоюсыз құқық шектеуші 
сипаттағы шаралар қолданылуы мүмкiн.
 
      2. Бақылау iшкi және сыртқы болып бөлiнедi.
 
      3. Iшкi бақылауды жүргiзу тәртiбi «Әкімшілік рәсімдер туралы» Қазақстан 
Республикасының Заңында айқындалады.
 
      4. Бақылау және қадағалау органы тексерiлетiн субъектiлер қызметiнiң осы Кодекстің 
132-бабының 2-тармағында көрсетiлген талаптарға сәйкестiгiне тексеру және байқау бойынша 
жүзеге асыратын бақылау сыртқы бақылау болып табылады.
 
      Сыртқы бақылауды жүргiзу тәртiбi осы Кодекстің 13-тарауының 137-бабында және 2-
параграфында айқындалады.
 
      Сыртқы бақылау нәтижелерi бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасын 
бұзушылықтар анықталған жағдайда, мемлекеттiк органдар өз құзыретi шегiнде әкiмшiлiк, 
тәртiптiк iс жүргiзудi қозғайды не өз құзыретi шегiнде тиiстi талап қою арыздарына 
бастамашылық жасайды және (немесе) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге 
де шараларды қолданады.
 
      


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   110   111   112   113   114   115   116   117   ...   289




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет