Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік Кодексі


-бап. Осы Кодекстің талаптарын өрескел бұза отырып



Pdf көрінісі
бет136/289
Дата26.12.2021
өлшемі0,98 Mb.
#105929
түріКодекс
1   ...   132   133   134   135   136   137   138   139   ...   289
Байланысты:
KAZ108188 KZN
в поисках идеала
156-бап. Осы Кодекстің талаптарын өрескел бұза отырып
 
               жүргiзiлген тексерудiң жарамсыздығы
 
      1. Егер бақылау және қадағалау органы жүргізген тексеру осы Кодексте белгiленген 
тексерулердi ұйымдастыру мен жүргiзуге қойылатын талаптар өрескел бұзыла отырып жүзеге 
асырылса, тексеру жарамсыз деп танылады.
 
      Жарамсыз деп танылған тексеру актiсi осы Кодекстің 132-бабының 2-тармағына сәйкес 
Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген талаптарды тексерiлетiн 
субъектiлердiң бұзуының дәлелдемесі болып табылмайды.
 
      Тексерудiң жарамсыз деп танылуы жоғары тұрған мемлекеттiк органның немесе соттың 
осы тексеру актісінің күшiн жоюына негiз болып табылады.
 
      Жоғары тұрған мемлекеттiк органның тексерудiң жарамсыздығына байланысты актiнiң 
күшiн жою туралы тексерiлетiн субъектiнiң өтiнiшiн қарауы өтiнiш берiлген кезден бастап 
он жұмыс күнi iшiнде жүзеге асырылады.
 
      Мұндай өтiнiштi қараудың белгiленген мерзiмiн бұзу тексерiлетiн субъектiнiң 
пайдасына шешiледi.
 
      2. Осы Кодекстің талаптарын өрескел бұзушылыққа:
 
      1) тексеру жүргiзу негiздерінiң болмауы;
 
      2) тексеру тағайындау туралы актiнiң болмауы;
 
      3) тексеру жүргiзу туралы хабарлама мерзiмдерiнiң сақталмауы;
 
      4) осы Кодекстің 151-бабының талаптарын бұзу;
 
      5) Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінде көрсетілген, осы 
Кодекстің 141-бабына сәйкес бекітілген тексерулер жүргізудің ерекше тәртібі бойынша 
тексерулер және ішінара тексерулер жүргізу мерзімділігін бұзу;
 
      6) тексерiлетiн субъектiге тексеруді тағайындау туралы актiнi ұсынбау;
 
      7) мемлекеттiк органдардың өздерiнiң құзыретiне кiрмейтiн мәселелер бойынша 
тексерулер тағайындауы;
 
      8) тексерудi тағайындау туралы актiнi тiркеу мiндеттi болғанда, оны құқықтық 
статистика және арнайы есепке алу жөнiндегi органдарда тiркеместен, тексеру жүргiзу;
 
      9) осы Кодекстің 148-бабында көзделген тексерулер жүргізу мерзімдерін бұзу жатады.
 
      


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   132   133   134   135   136   137   138   139   ...   289




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет