объектілер мемлекеттік-жекешелік әріптестікті іске асыру үшін берілмейді.
2. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жүзеге асырылу тәсілі бойынша институционалдық
және келісімшарттық болып бөлінеді.
3. Институционалдық мемлекеттік-жекешелік әріптестікті мемлекеттік-жекешелік
әріптестік шартына сәйкес мемлекеттік-жекешелік әріптестік компаниясы іске асырады.
4. Өзге жағдайларда мемлекеттік-жекешелік әріптестік келісімшарттық мемлекеттік-
жекешелік әріптестік тәсілі бойынша жүзеге асырылады.
Келісімшарттық мемлекеттік-жекешелік әріптестік мемлекеттік-жекешелік әріптестік
шартын
жасасу арқылы, оның ішінде мынадай түрлердегі:
1) концессия;
2) мемлекеттік мүлікті сенімгерлік басқару;
3) мемлекеттік мүлікті мүліктік жалдау (жалға беру);
4) лизинг;
5) технологияны әзірлеуге, тәжірибелік үлгіні дайындауға, тәжірибелік-өнеркәсіптік
сынақ және ұсақ сериялы өндіріс
бойынша жасалатын шарттар;
6) өмірлік цикл келісімшарттары;
7) сервистік келісімшарттар;
8) мемлекеттік-жекешелік әріптестік белгілеріне сәйкес келетін өзге де шарттар
жасасу арқылы іске асырылады.
Достарыңызбен бөлісу: