1. Кәсіпкерлік субъектілері қоршаған ортаға ұқыпты және ұтымды қарым-қатынасты
қамтамасыз етуге тиіс.
2. Кәсіпкерліктің экология саласындағы әлеуметтік жауапкершілігі мынадай
міндеттерді:
1) қоршаған ортаны қорғау саласындағы бағдарламалар мен іс-шараларды
қаржыландыруды және көшелерді, саябақтар мен басқа да қоғамдық орындарды абаттандыруды;
2) қоршаған ортаны қорғау саласындағы ішкі саясатты бекітуді;
3) қоршаған ортаның жай-күйін жақсартуға бағытталған өзге де мәселелерді шешуді
ерікті түрде орындау арқылы іске асырылады.