Уақытша шара ретінде Қазақстан Республикасының аумағында белгілі бір мерзімге
жекелеген тауар нарықтарында және (немесе) жекелеген нарық субъектілерінің тауарларына
(жұмыстарына, көрсетілетін қызметтеріне) монополияға қарсы орган айқындайтын тәртіппен
мемлекеттік баға реттеу енгізілуі мүмкін.
Осы бапта көзделген мемлекеттік баға реттеуді қолданудың жалпы мерзімі бір жыл
ішінде күнтізбелік бір жүз сексен күннен аспайды.
120-бап. Мемлекеттік монополия субъектілері өндіретін
1. Мемлекеттiк монополия субъектiсi өндiретiн және өткiзетiн тауарларға,
жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге баға белгiлеу қағидаларын монополияға қарсы
орган бекiтедi.
2. Осы Кодексте көзделген тәртiппен енгiзiлетiн, бәсекелестiк нарықта мемлекеттiң
қандай да бiр тауарды өндiруге, өткiзуге немесе сатып алуға арналған айрықша құқығы
мемлекеттік монополия болып табылады.
Айрықша құқықты iске асыру мемлекеттiк монополия субъектiсiн құру арқылы жүзеге
асырылады. Қазақстан Республикасының Үкiметi не Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң шешiмi
бойынша облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергiлiктi атқарушы
органдары құрған мемлекеттiк кәсiпорын ғана мемлекеттiк монополия субъектiсi бола алады.