1. Азаматтық-құқықтық жауапкершілікті міндетті сақтандыру шарттарын кәсіпкерлік
субъектілері кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру кезінде жеке тұлғалардың өмiрiне және
(немесе) денсаулығына, үшiншi тұлғалардың мүлкiне, қоршаған ортаға келтiрiлген зиянды
өтеу жағдайына жасасады.
2. Кәсіпкерлік субъектісінің кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға байланысты үшiншi
тұлғалардың өмiрiне және (немесе) денсаулығына, мүлкiне, қоршаған ортаға келтiрiлген
зиян үшін өзінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін ерікті сақтандыру шартын жасасуы оны
Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген кәсіпкерлік субъектісінің жауапкершілігін
міндетті сақтандырудың тиісті шартын жасасу жөніндегі міндеттен босатпайды.