136-бап. Жедел ден қою шаралары
1. Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген, қоғамдық қауiптi салдарлардың
туындауын болғызбау мақсатында тексерiлетiн субъектiлерге тексерудi жүзеге асыру
барысында және оның нәтижелерi бойынша қолданылатын ықпал ету тәсiлдерi жедел ден қою
шаралары болып табылады.
2. Жедел ден қоюдың құқық шектеуші шаралары Қазақстан Республикасының заңдарында
көзделедi және оларды мемлекеттiк органдар, егер тексерiлетiн субъектiнiң қызметi,
тауары (жұмысы, көрсетiлетiн қызметi) жеке және заңды тұлғалардың конституциялық
құқықтарына, бостандықтары мен заңды мүдделерiне, адамдардың өмiрi мен денсаулығына,
қоршаған ортаға, Қазақстан Республикасының ұлттық қауiпсiздiгiне тiкелей қауіп
төндiретін жағдайда, қолданады.
Достарыңызбен бөлісу: |