Тексерiлетiн субъектiде меншік құқығымен немесе өзге де заңды негізде болатын,
бақылауға және қадағалауға жататын мүлік тексерілетін объект болып табылады.
2. Тексерiлетiн субъектiлердiң (объектілердің) қызметiне қойылатын талаптар
нормативтiк құқықтық актiлерде, ал Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген
жағдайларда Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің
жарлықтарында және Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулыларында ғана белгiленедi.