1. Кәсiпкерлiк субъектiлерiнің қызметін мемлекеттiк бақылауды, осы Кодекспен және
Қазақстан Республикасының заңдарымен осындай құқық берілген мемлекеттiк органдар жүзеге
асырады.
2. Кәсiпкерлiкті мемлекеттiк бақылау және қадағалау тәуелсіздік, объективтілік,
бейтараптылық, бақылау және қадағалау нысандарының анықтығы қағидаттарының негізінде
жүзеге асырылады.
3. Мемлекет мемлекеттiк бақылау және қадағалау жүйесінің есептілігі мен ашықтығына
кепілдік береді.
4. Мемлекеттiк бақылауды және қадағалауды жүргізу тексерілетін адал субъектiлерді
көтермелеу, құқық бұзушыларға бақылауды және қадағалауды шоғырландыру негізінде жүзеге
асырылады.