«Ауыл шаруашылығы өсiмдiктерiнiң шаруашылыққа пайдалылығын мемлекеттiк сынау» мемлекеттiк қызметi стандарты Жалпы ережелер Мемлекеттiк қызметiн атауы: «Ауыл шаруашылығы өсiмдiктерiнiң шаруашылыққа жарамдылығын мемлекеттiк сынау»



Дата12.03.2018
өлшемі94,42 Kb.
#39170
Қазақстан Республикасы

Үкіметінің 2013 жылғы ______

№ ______ қаулысымен бекітілді

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің 2013 жылғы 05 мамырдағы

№ 485 қаулысымен бекітілді



«Ауыл шаруашылығы өсiмдiктерiнiң
шаруашылыққа пайдалылығын мемлекеттiк сынау»
мемлекеттiк қызметi стандарты

  1. Жалпы ережелер

  1. Мемлекеттiк қызметiн атауы: «Ауыл шаруашылығы өсiмдiктерiнiң шаруашылыққа жарамдылығын мемлекеттiк сынау» (бұдан әрi - мемлекеттiк қызмет).

  2. Мемелекеттік қызметi стандарттың әзірлеуші мемлекеттік орган - - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі.

  3. Мемлекеттік қызмет Астана қаласы,Орынбор көшесi, 8, 17 В блогы 309 кабинет мекенжайы бойынша Ауыл шаруашылығы дақылдарының сорттарын сынау жөнiндегi мемлекеттiк комиссия (бұдан әрi - Мемкомиссия) көрсетедi.

  4. Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға көрсетіледі (бұдан әрі – тұтынушы).



  1. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі

  1. Мемлекеттiк қызметтi көрсету мерзiмдерi:

ауыл шаруашылығы өсiмдiктерiнiң сорттарын өтiнiш берушiнiң деректерi бойынша сынақтан өткiзу және бағалау кезiнде - өтiнiм берген сәттен бастап бiр жылға дейiн;

ауыл шаруашылығы өсiмдiктерiнiң сорттарын мемлекеттiк сорттық сынақтау деректерi бойынша сынау және бағалау кезiнде - өтiнiм берген сәттен бастап үш жылдан(екi вегетациялық кезең) кем емес;

Тұтынушы жүгiнген күнi сол жерде көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтi алуға дейiнгi күтудiң рұқсат етiлген ең көп уақыты - 30 минуттан көп емес;

Құжаттарды алу кезiнде күтудiң рұқсат етiлген ең көп уақыты - 30 минуттан көп емес.

Мемлекеттік комиссия тұтынушыдан өтінімді алған сәттен бастап екі ай көлемінде өтінімнің алдын ала сараптамасын жүргізеді. Өтінімге алдын ала сараптама жүргізу кезінде осы Стандарттың 9-тармағына және селекциялық жетістіктердің атауына сәйкес, тиісті құжаттардың болуы тексеріледі.

Алдын ала сараптама жүргізу барысында тұтынушы өтінім материалдарын түзетуге, нақтылауға және толықтыруға құқылы, сонымен қатар, ұсынылған атау селекциялық жетістіктерге атау беру бойынша талаптарға сәйкес келмеген жағдайда Мемлекеттік комиссияның ескертпесіне сәйкес атауын өзгертуге болады.

Өтінім материалдары бойынша ескертулер белгіленген мерзімде жойылмаған жағдайда Мемлекеттік комиссия тұтынушыға өтінімнің одан әрі қарастырылуына дәлелді түрде бас тарту ұсынады.

Кезекті ауыл шаруашылығы жылының жоспарына жаңа селекциялық жетістіктерді енгізу үшін өтінімдер Мемлекеттік комиссияға мына мерзімнен кешіктірілмей түсуі тиіс: жабық қорғалған топырақ дақылдары бойынша – 15 тамыз; күздік егістік дақылдары бойынша – 10 қазан; астықты масақты, астық бұршақты, жарма (күріштен басқа), майлы, картоп, көкөністік және бақша дақылдары, бір жылдық, көп жылдық шөптер (астық тұқымдас өсісдіктен басқа - сорго) және азықтық тамыр жемістілер бойынша – 1 желтоқсан; жүгері, күріш, сорго – 15 желтоқсан; иіру, техникалық, эфирмайлы дақылдар бойынша, мақта, жеміс жидек дақылдары, жүзім, тұт ағашы, тұт жібек құрты буданы, гүлді-сәндік өсімдіктер және дәрілік дақылдар бойынша – 25 желтоқсан.



  1. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: қағаз тасығышта.

  2. Көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтiң нәтижесi Қазақстан Республикасында пайдалануға рұқсат етiлген селекциялық жетiстiктердiң мемлекеттiк тiзбесiне сортты енгiзу туралы тұқым шаруашылығы саласындағы уәкiлеттi орган бұйрығының көшiрмесiн немесе сортты одан әрi сынақтан алудың негiздемесi бар Мемкомиссияның қорытындысын қағаз тасығышта беру болып табылады.

  3. Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.

  4. Мемлекеттік қызмет көрсету кезіндегі жұмыс кестесі:

Мемлекеттiк қызмет демалыс және мереке күндерiнен басқа жұмыс күндерi сағат 13.00-ден 14.30-ға дейiн түскi үзiлiспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейiн алдын ала жазылусыз және жедел қызмет көрсетусiз көрсетiледi.

Демалыс күндері: «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 13 желтоқсандағы Заңымен белгіленген мереке күндері, және сенбі, жексенбі.

Мемлекеттiк қызмет күтуге және қажеттi құжаттарды әзiрлеуге қолайлы жағдай жасалған (құжаттар толтырылатын орын, қажеттi құжаттардың тiзiмi және оларды толтыру үлгiлерi бар стендiмен жабдықталған) Мемкомиссияның ғимаратындакөрсетiледi.


  1. Мемлекеттiк қызметтi алу үшiн тұтынушы Мемкомиссияға мына құжаттардан тұратын өтiнiмдi ұсынады:

1) Селекциялық жетiстiктi пайдалануға жiберу өтiнiшi, екі данада;

2) селекциялық жетістіктерді мемлекеттік сынаудың шаруашылық тиімділігіне беру туралы ғылыми кеңес отырсының хаттамасынан үзінді, бір данада;

3) селекциялық жетістіктің сауалнамасы екі данада (тиісті дақылдарға сәйкес);

4) тиісті кескін және түріне арналған нысан бойынша селекциялық жетістіктердің сипаттамасы, екі данада;

5) ақ фонда түсірілген шаруашылықта пайдаланатын жақсы дамыған өсімдік және репродуктивті өсімдік бөліктері, гүл шоғы, гүлдердің көлемді сызғышпен түсірілген суреттері (сурет 9х12 немесе 13х18);

6) сортқа/буданға технологиялық анықтама;

7) генетикалық – сәнді объектілердің мазмұнына жүргізілген сараптама қорытындылары (мемлекеттік комиссияның талабы бойынша);

8) тұқымдардың үлгiлерi.

Өтiнiм бланкiн Мемкомиссия кеңсесi бередi, оның сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң www.minagri.kz, және Мемлекеттік комиссияның – www.goscomsort.kz интернет-ресурсында «нормативтiк құқықтық актiлер» бөлiмiнде орналастырылады.

Мемлекеттiк қызметтi алу үшiн өтінім мына мекенжай бойынша Мемкомиссияның кеңсесiне тапсырылады: Астана қаласы, Орынбор көш., 8, 17 В блок, 309 кабинет.

Тұтынушыға келесі тиісті құжаттарды қабылдау туралы қолхат беріледі:


  1. құжаттардың қабылдану нөмiрi мен күнi;

  2. сұратылып отырған мемлекеттiк қызмет түрi;

  3. қоса берiлiп отырған құжаттардың аттары мен саны;

  4. мемлекеттiк қызметтi алатын күнi (уақыт) және құжаттар берiлетiн орын;

  5. өтiнiштi қабылдаған Мемкомиссияның лауазымды адамының аты, әкесiнiң аты, тегi көрсетiле отырып, тиiстi құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат берiледi.

Өтiнiш берiлген сортқа қатысты шешiм жөнiндегi жазбаша хабарлама тұтынушыға пошта арқылы (өтiнiш берушiнiң интернет-ресурсы болған жағдайда- электронды пошта арқылы) жiберiледi немесе тұтынушы өзi келгенде тұтынушының жеке басын куәландыратын құжатты немесе оны алуға арналған сенiмхатты көрсеткенде қолма-қол берiледi.

Егер мемлекеттiк қызметтi көрсетуден осы Стандарттың 9-тармағында көзделген құжаттарды толық тапсырылмаса немесе дұрыс емес құжаттар тапсырылған жағдайда бас тартылады.



3. Мемлекеттік қызметтің шағымдану тәртібі

  1. Мемлекеттік комиссия лауазымды тұлғаларының әрекетiне (әрекетсiздiгiне) шағымдану тәртiбiн талқылау, сонымен қатар, шағымды дайындауда ықпал ету Мемлекеттік комиссияның заң қызметінің мамандарымен жүзеге асырылады.

  2. Көрсетілетін мемлекеттік қызмет қорытындысымен келіспеген немесе жағымсыз қызмет көрсеткен жағдайда, Осы Стандарттың 8-тармағында көзделген Мемлекеттік комиссияның жұмыс кестесіне сәйкес Мемлекеттік комиссияның кеңсесіне тұтынушының жүгінуі арқылы Мемлекеттік комиссия төрағасының атына шағым жасалады.

Тұтынушы көрсетілетін мемлекеттік қызмет қорытындыларымен келіспеген жағдайда, заңнамамен белгіленген тәртіпте сотқа шағымдануға құқығы бар.

Шағым көрсетілген мәселелерді шешуге құзыреті бар лауазымды тұлғаға жіберіледі.

Шағым жазбаша түрде пошта, электронды пошта арқылы немесе Мемлекеттік комиссияның кеңсесіне жазбаша ескертулердің қосымшасымен немесе басқа да құжаттармен қолма-қол беріледі.

Шағымда тұтынушының аты-жөні, тегі, (жеке куәлік құжатында белгіленгендей) пошта мекен-жайы көрсетіледі, шағым берген күні және тұтынушының қолы қойылады.

Шағымдану кезінде әрекетіне және әрекетсіздігіне шағым түскен лауазымды тұлғаның аты-жөні, тегі, лауазымы шағым және талап себептері көрсетіледі.


  1. Мемлекеттік комиссия кеңсесіне шағым берген кезде шағымданатын тұтынушыға шағымды қабылдаған лауазымды тұлғаның аты-жөні, тегі, күні және уақыты көрсетілген талон шағымды қабылдаудағыдәлел болып табылады. Шағым қарау барысы туралы ақпаратты мемлекеттік комиссия кеңсесінің лауазымды тұлғаларынан алуға болады.

Шағымды қарау «Мемлекеттік қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі Заңымен қарастырылған мерзімдежәне тәртіпте жүзеге асырылады.


  1. Басқа да талаптар

  1. Мемлекеттік қызмет көрсету тәрітібі туралы толық ақпарат мына электронды мекен-жайда орналастырылған:

  1. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің – www. Minagri.gov.kz - интернет – ресурсында;

  2. Мемлекеттік комиссияның – www.goscomsort.kz

  1. Тұтынушы қосымша ақпаратты Мемлекеттік комиссияның кеңсесінде ала алады.

«Ауыл шаруашылығы өсiмдiктерiнiң


шаруашылыққа пайдалылығын мемлекеттiк сынау»
мемлекеттiк қызмет стандартына
1-қосымша

ҚР АШМ Ауыл шаруашылығы
дақылдарының сорттарын сынау
жөнiндегi мемлекеттiк комиссия

(010000, Астана қ., Орынбор көш.,8
Министрлiктер үйi, 17 В блог)

Өтiнiш нөмiрi


_____________________
Тiркелу күнi
______________________

Селекциялық жетiстiктi пайдалануға жiберу өтiнiшi

Өтiнiш берушi (лер)___________________________________________________________
                        (заңды немесе жеке тұлғаның аты және мекенжайы)
Азаматтығы____________________________________________________________________
Өтiнiш бойынша хат алмасу мекенжайы
______________________________________________________________________________
______________________________________________________________________________
Телефон______________телефакс________________телекс___________________________
1. Селекциялык жетiстiк оригинаторының аталуы және %-дық үлесi
_____________________________________________________________________________
____________________Мекенжайы_________________________________________________
Телефон______________телефакс________________телекс___________________________
2. Селекциялык жетiстiк оригинаторының атауы және %-дық қатысу үлесi
______________________________________________________________________________
____________________Мекенжайы_________________________________________________
______________________________________________________________________________
Телефон_____________телефакс_________________телекс___________________________
Туыс, түр (қазақша атауы)_____________________________________________________
Туыс, түр (латынша атауы)_____________________________________________________
______________________________________________________________________________
Ұсынылып отырған
атауы_________________________________________________________________________
Селекциялық нөмiрi
______________________________________________________________________________

Авторы (лары) (егер авторы (лары) өтiнiшберушi(лер)болыптабылмаса



Тегi

Аты

Әкесiнiңаты

Үйiнiңмекенжайы

Қатысуүлесi, % 

 
 




 
 

 
 

 
 

 
 




 
 

 
 

 
 

Мендегi (бiздегi) барақпаратбойыншабасқаавторларыжоқ

Алдыңғыөтiнiштер

Тiркелген

Өтiнiшнөмiрi

Сатысы

Қандайатаумен

ел

күнi

Қорғаудыберуге













Пайдалануғажiберу













Мен(бiз) бiрiншiөтiнiштеберiлген материал осы сорттыбiлдiретiнiнжәне осы өтiнiшкесәйкесекендiгiнмәлiмдеймiн(деймiз)

Оригинаторұсыныпотырғансынақөткiзу (пайдалану) облыстары

Өтiнiшкеқосаберiлiпотырғанқұжаттар:
- Селекциялықжетiстiктiңсауалнамасы
- Селекциялықжетiстiктiңсипаттамасы (№ 301 үлгiмен)
- өтiнiм беру құқығынрастайтынқұжат (құқықиеленушiлер мен делдалдарүшiн)
- фотосуреттер
- сорттысынаққа беру туралыҒылымикеңесхаттамасынанүзiндi

Мен(бiз) селекциялықжетiстiктiшаруашылыққапайдалылығыбойыншамемлекеттiксынақтанөткiзуiңiздiөтiнемiн(мiз).
Мен(бiз) менде(бiзде) бар ақпаратмәлiметтерiбойынша осы өтiнiштiқарауғақажеттiжәне осы өтiнiшкеқосымшағаенгiзiлгенмәлiметтердiңтүпкiжәнедұрысекендiгiнмәлiмдеймiн(мiз).
Мен(бiз) үлгiлердiңтиiсiншеалынғандығынжәнесорттыңтүпнұсқаекендiгiнрастаймын(мыз)
Мен(бiз) тiркеусынақтарынжәнеМемкомиссия мен оныңинспектураларыныңнұсқауыбойыншашаруашылыққапайдалылығынасынақжүргiзуүшiнтұқымныңқажеттiмөлшерiн, сорттысақтауғаэталондықүлгiсiнөтеусiзберугемiндеттенемiн.
Өтiнiшберушiнiң(лердiң) қолы(дары)
____________________     _________________________
____________________     _________________________
____________________     _________________________
____________________     _________________________
____________________     _________________________
____________________     _________________________
Мөрорны ____________________     _________________________


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет