17-бап. Отандық тауар өндірушілерді, жұмыс
орындаушыларды, қызмет көрсетушілерді қолдау
1. Мемлекеттік органдар және өзге де ұйымдар тауарлардың, жұмыстардың,
көрсетілетін қызметтердің отандық өндірісін дамытуды ынталандыру үшін қолайлы жағдайлар
жасау жөніндегі шараларды іске асырады.
2. Нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеу және оларға сараптама жасау,
Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарын жасасу және халықаралық ұйымдардың
шешімдер қабылдауына қатысу кезінде отандық тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін
қызметтердің бәсекеге қабілеттілігін арттыру мақсатында Қазақстан Республикасының ұлттық
мүдделері ескеріледі.
Достарыңызбен бөлісу: