1. Кәсіпкерлік субъектілері осы Кодексте белгіленген тексеру жүргізуге қойылатын
талаптарды мемлекеттік бақылау және қадағалау органдарының лауазымды адамдары сақтамаған
жағдайларда, лауазымды адамдарды тексеруге жібермеуге құқылы.
2. Мемлекеттік бақылаудың және қадағалаудың жүзеге асырылуы барысында өз құқықтары
мен заңды мүдделерін қорғау мақсатында кәсіпкерлік субъектілері үшінші тұлғаларды
тексеруге қатысуға тартуға құқылы.