Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік Кодексі


-бап. Меншікке қол сұғылмаушылық



Pdf көрінісі
бет6/289
Дата26.12.2021
өлшемі0,98 Mb.
#105929
түріКодекс
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   289
Байланысты:
KAZ108188 KZN

7-бап. Меншікке қол сұғылмаушылық
 
      1. Кәсіпкерлік субъектілерінің меншігіне қол сұғылмаушылыққа заңмен кепілдік 
беріледі.
 
      2. Кәсіпкерлік субъектілері заңды түрде сатып алған кез келген мүлікті меншігінде 
иелене алады.
 
      3. Сот шешімінсіз кәсіпкерлік субъектілерін өз мүлкінен айыруға болмайды. Заңда 


көзделген айырықша жағдайларда мүлікті мемлекет мұқтажы үшін мәжбүрлеп иеліктен шығару 
тең бағамен өтелген жағдайда жүргізілуі мүмкін.
 
      
8-бап. Адал бәсекелестік
 
      1. Бәсекелестікті шектеуге немесе жоюға, тұтынушылардың құқықтары мен заңды 
мүдделеріне қысым көрсетуге бағытталған қызметке, жосықсыз бәсекелестікке тыйым 
салынады.
 
      Монополистік қызмет заңмен реттеледі және шектеледі.
 
      2. Монополияға қарсы реттеу бәсекелестікті қорғау, тауар нарықтарының тиімді жұмыс 
істеуі үшін жағдайлар жасау, экономикалық кеңістіктің біртұтастығын, Қазақстан 
Республикасында тауарлардың еркін өткізілуін және экономикалық қызметтің еркіндігін 
қамтамасыз ету мақсатында жүзеге асырылады.
 
      


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   289




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет