1. Кәсіпкерлік субъектілерінің санаттары туралы деректерді пайдалану үшін
кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті орган кәсіпкерлік субъектілерінің тізілімін жүргізеді.
2. Кәсіпкерлік субъектілерінің санаттары туралы мәліметтерді қамтитын электрондық
дерекқор кәсіпкерлік субъектілерінің тізілімі болып табылады.
3. Кәсіпкерлік субъектілерінің санаттары туралы ақпарат мүдделі тұлғаларға, оның
ішінде мемлекеттік органдарға жұмыста пайдалану үшін электрондық анықтама нысанында
беріледі.
4. Кәсіпкерлік субъектілерінің тізілімін жүргізу және пайдалану қағидаларын
Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.