1) Қазақстан Республикасының заңнамасын, жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен
заңды мүдделерін сақтауға;
2) Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес тауарлардың,
жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің қауіпсіздігі мен сапасын қамтамасыз етуге;
3) тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді тұтынушыларға тауарлар,
жұмыстар, көрсетілетін қызметтер туралы толық және анық ақпарат беруге;
4) қызметті немесе әрекеттерді (операцияларды) жүзеге асыруды бастау үшін
«Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес рұқсат
алуға не хабарлама жіберуге;
5) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларда азаматтық-құқықтық
жауапкершілікті міндетті сақтандыруды жүзеге асыруға;
6) табиғатты сақтауға және табиғат байлықтарына ұқыпты қарауға;
7) табиғи және энергетикалық ресурстарды пайдаланудың және қызметті жүзеге асыру
процесінде оларды басқарудың тиімділігін арттыруға;
8) осы Кодексте және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында көзделген өзге
де міндеттерді орындауға міндетті.