29-бап. Бастапқы статистикалық және әкімшілік деректер
1. Бастапқы статистикалық деректерді кәсіпкерлік субъектілері Қазақстан
Республикасының мемлекеттік статистика саласындағы заңнамасына сәйкес ұсынады.
Мемлекеттік органдардың және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің кәсіпкерлік
субъектіге қатысты бастапқы статистикалық деректерді, оның ішінде олар бақылау және
қадағалау функцияларын жүзеге асырған кезде пайдалануына жол берілмейді.
2. Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысандар, сондай-ақ көрсеткіштерді
есептеу әдістемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен
мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті органмен келісілуге тиіс.