167-бап. Монополистік қызмет ұғымы және оның түрлері
1. Жағдайы тиісті тауар нарығын бақылауға, оның ішінде тиісті тауар нарығындағы
тауар айналысының жалпы жағдайына елеулі ықпал етуге мүмкіндік беретін нарық
субъектілерінің қызметі монополистік қызмет болып табылады.
2. Осы Кодексте шектелген монополистік қызметке:
1) нарық субъектілерінің бәсекелестікке қарсы келісімдері;
2) нарық субъектілерінің бәсекелестікке қарсы келісілген әрекеттері;
3) үстем немесе монополиялық жағдайды теріс пайдалану жатады.