Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік Кодексі


-бап. Тауардың монополиялық жоғары және монополиялық



Pdf көрінісі
бет154/289
Дата26.12.2021
өлшемі0,98 Mb.
#105929
түріКодекс
1   ...   150   151   152   153   154   155   156   157   ...   289
Байланысты:
KAZ108188 KZN

175-бап. Тауардың монополиялық жоғары және монополиялық
 
               төмен бағасы
 
      1. Үстем немесе монополиялық жағдайға ие нарық субъектісі белгілеген баға, егер:
 
      1) осы баға нақ сол тауар нарығында бәсекелестік жағдайында үстем жағдайға ие 
нарық субъектісімен бір тұлғалар тобына кірмейтін нарық субъектісі белгілейтін ең жоғары 
бағадан асып кетсе немесе салыстырмалы тауар нарығында бәсекелестік жағдайында 
қалыптасқан бағадан асып кетсе;
 
      2) осы баға осындай тауарды өндіру және өткізу үшін қажет шығыстар мен пайда 
сомасынан асып кетсе, тауардың монополиялық жоғары бағасы болып табылады.
 
      2. Тұтынушының тауарды сатып алуға экономикалық, аумақтық және технологиялық 
тұрғыдан мүмкіндіктері негізге алына отырып айқындалатын, тауардың немесе өзара 
алмастырылатын тауарлардың айналым аясы тауар нарығы болып табылады. Осы Кодекске және 
Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес бағаларды мемлекеттік реттеу енгізілген тауар 
нарықтары реттелетін нарықтар деп танылады.
 
      3. Салыстырмалы тауар нарығы деп тауарды сатып алу немесе сату мақсаттары негізге 
алына отырып айқындалатын сатылатын тауар көлемі, тауарды сатып алушылар немесе 
сатушылар (берушілер) құрамы және тауар нарығына кіру шарттары бойынша салыстырылатын 
басқа тауар нарығы түсініледі.
 
      Нақ сол тауар нарығында бағаны салыстыру мүмкін болмаған жағдайда, салыстырмалы 
тауар нарығындағы, оның ішінде Қазақстан Республикасының шегінен тыс жердегі 
салыстырмалы тауар нарығындағы тауар бағасымен салыстыру жүргізіледі.
 
      Егер салыстырмалы тауар нарығында бәсекелестік жағдайында қалыптасқан бағаны не 
салыстырмалы тауар нарығын айқындау, оның ішінде Қазақстан Республикасының шегінен тыс 
жерде айқындау мүмкін болмаған жағдайда, нарық субъектісінің шығыстарына және пайдасына 
талдау жүргізіліп, тауардың негізделген бағасы айқындалады.
 
      4. Нарық субъектісіне Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес белгіленген тауар 
бағасы монополиялық жоғары баға деп танылмайды.
 
      5. Үстем немесе монополиялық жағдайға ие нарық субъектісі белгілеген баға, егер:
 
      1) осы баға нақ сол тауар нарығында үстем жағдайға ие нарық субъектісімен бір 
тұлғалар тобына кірмейтін нарық субъектісі белгілейтін бағадан төмен болса;
 
      2) осы баға осындай тауарды өндіру мен өткізудің нақты шығыстары сомасынан төмен 
болса, тауардың монополиялық төмен бағасы болып табылады.
 
      6. Егер тауардың бағасы осы баптың 5-тармағында көрсетілген өлшемшарттардың ең 
болмағанда біреуіне сәйкес келмесе, ол монополиялық төмен баға деп танылмайды. Нарық 
субъектісіне Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес белгіленген тауар бағасы 
монополиялық төмен баға деп танылмайды.
 


      


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   150   151   152   153   154   155   156   157   ...   289




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет