6) бәсекелестер өндiрген не өткiзетiн тауарларды сатып алу кезiнде шектеулер
қабылдау арқылы тауарларды беруге шарт қою;
7) өндiру немесе өнім беру мүмкiндiгi болған кезде тұтынушылардың сұраныстары
немесе тапсырыстары бар тауарларды өндiру және (немесе) беру көлемiн негiзсiз қысқарту
немесе өндiруді және (немесе) өнім беруді тоқтату;
8) егер тауардың бағасын көтеру тауарды алып қоюдың нәтижесi болып табылса,
тауарды айналыстан алып қою;
9) контрагентке шарт нысанасына жатпайтын, экономикалық немесе технологиялық
тұрғыдан негiзсіз шарт талаптарын күштеп таңу;
10) нарықтың басқа субъектiлерiне тауар нарығына кiруге немесе тауар нарығынан
шығуға кедергiлер жасау;
11) сол бір тауарға әртүрлі бағаларды (тарифтерді) экономикалық, технологиялық
тұрғыдан немесе өзге де түрде негізсіз белгілеу, кемсітушілік шарттар жасау сияқты
әрекеттерiне тыйым салынады.
Достарыңызбен бөлісу: