1) монополияға қарсы органға Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау
саласындағы заңнамасы аясындағы анықталған құқық бұзушылықтар туралы хабарлайды;
2) монополияға қарсы органның және оның аумақтық органдарының сұрау салулары мен
өтініштері бойынша:
Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасының бұзылуын
тергеп-тексеру жөніндегі бірлескен іс-шараларды жүргізу, сондай-ақ монополияға қарсы
орган қызметкерлерінің қызметтік міндеттерін орындауына кедергі келтіретін құқыққа қайшы
әрекеттердің жолын кесу үшін қызметкерлерін жібереді;
Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасын
бұзушылардың тұрған жерін анықтау және Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық
бұзушылық туралы кодексінде көзделген тәртіппен монополияға қарсы органның жазбаша сұрау
салуларына сәйкес әкімшілік жауаптылыққа тарту үшін оларды монополияға қарсы органға
жеткізу бойынша шаралар қолданады;
Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексінде көзделген тәртіппен
монополияға қарсы орган ұсынатын, қылмыстық жазаланатын бәсекелестікке қарсы әрекет
белгілері бар материалдар бойынша қылмыстық істер қозғау туралы шешімдер қабылдайды, бұл
жөнінде монополияға қарсы органға хабарлайды;
монополияға қарсы органға Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау
саласындағы заңнамасын бұзушылықтардың дәлелдемелерін табуға және бекітуге практикалық
көмек көрсетеді.
Достарыңызбен бөлісу: