Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік Кодексі


-бап. Монополияға қарсы органның лауазымды адамдарының



Pdf көрінісі
бет194/289
Дата26.12.2021
өлшемі0,98 Mb.
#105929
түріКодекс
1   ...   190   191   192   193   194   195   196   197   ...   289
Байланысты:
KAZ108188 KZN

221-бап. Монополияға қарсы органның лауазымды адамдарының
 
               тергеп-тексеру жүргiзу кезiндегi құқықтары мен
 
               мiндеттерi
 
        1. Монополияға қарсы органның лауазымды адамдарының тергеп-тексеруді жүргiзу 
кезiнде: 
 
       1) тергеп-тексеру объектiсiнiң аумағына және үй-жайларына кедергiсiз кiруге; 
 
       2) тергеп-тексеру нысанасына сәйкес тергеп-тексеру объектiсiнiң 
автоматтандырылған дерекқорына (ақпараттық жүйелерiне), оның ішінде құжаттар мен 
ақпараттың электрондық жеткізгіштерінен көшірмелерді түсіріп алу құқығымен қол 
жеткiзуге; 
 
       3) монополияға қарсы орган белгілеген, бес жұмыс күнінен кем болмайтын мерзімде 
тергеп-тексеру объектiсiнiң басшыларынан, лауазымды адамдарынан және басқа да 
қызметкерлерiнен тергеп-тексеру нысанасына қатысты қажеттi ақпаратты, құжаттарды немесе 
олардың көшiрмелерiн, тергеп-тексеру барысында туындаған мәселелер бойынша ауызша және 
жазбаша түрде түсiнiктемелер сұратуға; 
 
       4) тергеп-тексеру жүргiзу кезiнде Қазақстан Республикасының басқа мемлекеттiк 
органдарының мамандарын және өзге де адамдарды сарапшылар ретiнде тартуға құқығы бар. 
 
       2. Тергеп-тексеру объектiсiнiң басшысы және (немесе) лауазымды адамдары 
монополияға қарсы органның тергеп-тексеру жүргiзуге жауапты лауазымды адамының ауызша 
сұрау салуы бойынша ақпаратты, құжаттар немесе олардың көшiрмелерiн, сондай-ақ жазбаша 
не ауызша түсiнiктемелер беруден бас тартқан жағдайда, оларға тиiстi жазбаша сұрау салу 
тапсырылады. Жазбаша сұрау салуды тергеп-тексеру объектiсiнiң басшысына тапсыру мүмкiн 
болмаған жағдайда, сұрау салу тергеп-тексеру объектiсi басшысының атына хабарламасы бар 
тапсырыс хатпен пошта байланысы арқылы жiберiледi. 
 


       3. Сұратылатын ақпаратты тергеп-тексеру объектiсiнiң коммерциялық құпиясына 
жатқызу монополияға қарсы органның тергеп-тексерудi жүзеге асыратын лауазымды адамдарына 
ақпарат беруден бас тарту үшiн негiз бола алмайды. 
 
      Монополияға қарсы органның лауазымды адамдарының көрсетілген ақпаратты пайдалануы 
Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген, коммерциялық және заңмен қорғалатын 
өзге де құпияны құрайтын мәліметтерді жария етуге қойылатын талаптар сақтала отырып 
жүзеге асырылуға тиiс.
 
      4. Нарық субъектiсi ақпаратты Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құпия 
ақпаратқа жатқызған жағдайда, монополияға қарсы органға мәлiметтердi ұсынған кезде нарық 
субъектiсi белгi қою арқылы оның сипатының құпиялылығын көрсетуге мiндеттi.
 
      5. Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес ақпаратты басқа мемлекеттiк органға 
беру жағдайларын қоспағанда, тергеп-тексеру барысында монополияға қарсы орган алған 
тергеп-тексеру объектiсi туралы кез келген ақпарат таратылуға жатпайды. 
 
       6. Монополияға қарсы органның тергеп-тексерудi жүзеге асыратын лауазымды 
адамдарының тергеп-тексеру нысанасына қатысы жоқ талаптар қоюына және өтiнiшпен 
жүгiнуiне тыйым салынады. 
 
       7. Монополияға қарсы органның лауазымды адамдары бұзушылықтар туралы мәлiметтердi 
қарау және тергеп-тексеру жүргiзу кезінде: 
 
      1) дәлелдемелердiң жан-жақты, толық және объективтi жиналуына және зерттелуiне 
барлық шараларды қолдануға;
 
       2) бұзушылықтар туралы мәлiметтердi алдын ала қарау нәтижелерi туралы 
қорытындыларды уақтылы әзiрлеуге; 
 
       3) тергеп-тексерудi тоқтата тұру, қайта бастау туралы және тергеп-тексеру 
нәтижелерi бойынша, сондай-ақ сараптама тағайындау туралы қорытындыларды уақтылы 
дайындауға; 
 
      4) аумақтық органдар қорытындыларды бекiткен не бұзушылықтар туралы мәлiметтердi 
қарау және бұзушылықтарды тергеп-тексеру туралы бұйрықтарға қол қойған күннен бастап үш 
жұмыс күнiнен аспайтын мерзiмде осы құжаттардың көшiрмелерiн орталық мемлекеттiк органға 
жiберуге мiндеттi.
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   190   191   192   193   194   195   196   197   ...   289




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет