1) монополияға қарсы орган, сот, қылмыстық қудалау органдары Қазақстан
Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасының бұзылуын тергеп-тексеру
үшiн маңызы бар басқа iстi қараған;
2) Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасының
бұзылуына сол бір осы тергеп-тексеру объектiсiне қатысты басқа тергеп-тексеру
жүргiзiлген;
3) сараптама жүргiзiлген жағдайларда, Қазақстан Республикасының бәсекелестікті
қорғау саласындағы заңнамасының бұзылуын тергеп-тексерудi тоқтата тұруға құқылы.
2. Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасының
бұзылуын тергеп-тексеру мерзiмi тергеп-тексерудi тоқтата тұрған кезде үзiледi және
тергеп-тексеру қайта басталған кезден бастап жалғасады.
3. Монополияға қарсы органның лауазымды адамы тергеп-тексерудi тоқтата тұру және
қайта бастау, сондай-ақ сараптама тағайындау туралы ұйғарым шығарады. Сараптама
тағайындау туралы ұйғарымның көшiрмесi осындай ұйғарым шығарылған күннен бастап үш жұмыс
күнi iшiнде сарапшыға жiберiледi.