1) тергеп-тексеру объектiсiнiң әрекеттерiнде Қазақстан Республикасының
бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасын бұзушылықтар болмаған;
2) тергеп-тексерудің жалғыз объектiсi – заңды тұлға таратылған;
3) тергеп-тексерудің жалғыз объектiсi – жеке тұлға қайтыс болған;
4) Қазақстан Республикасының Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы кодексінде
белгiленген ескіру мерзiмi өтiп кеткен;
5) монополияға қарсы орган қарайтын әрекеттерде (әрекетсiздiкте) Қазақстан
Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасын бұзушылықтың болуы немесе
болмауы туралы түйіндер қамтылған, заңды күшiне енген сот актiсi болған жағдайда,
Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасының бұзылуын
тергеп-тексерудi тоқтатады.